«Осень 2024»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тақырыбы: "Менің сүйікті балабақшам"

қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, қысқа сөйлеммен өз балабақшасы туралы әңгіме құрастыру, ой қабілеттерін дамыту, өз балабақшасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки



Технологиялық карта.

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің түрі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: Менің сүйікті балабақшам.

Мақсаты: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, қысқа сөйлеммен өз балабақшасы туралы әңгіме құрастыру, ой қабілеттерін дамыту, өз балабақшасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: балабақша суреті, үлестірмелі суреттер.

Оқу іс-әретінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс –әрекеті


Мотивациялық - қозғаушылық

Шатық шеңбер.

Армысың, шұғылалы алтын күн.

Армысың, мейірімді жер ана.

Бәріміз күндей жарқырайық.

Бәріміз тату дос болайық.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Бәріміз біз тату дос болып біз қайда жүреміз?

-Біздің балабақшамыздың ұраны бар. Кәнекей еске алайық.


Педагогпен бірге қайталайды.







Сәлемдеседі.




Балабақшада.

Достарым көп бақшада

Көңілдіміз бақшада. Достықты біз сүйеміз

Бірге күліп жүреміз.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

-Біздің балабақшамыз қалай аталады?

-Балабақша қандай?


-Балабақшада не бар?

-Балабақшада кімдер бар?

Ұлдар мен қыздар сергіту сәтін өткізейік.


Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз.

Бір отырып, бір тұрып.

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып аламыз.


- Сендердің тәрбиешілеріңнің аты-жөні кім?

-Тәрбиеші туралы кім өлең айтып береді.

Таисия.

Ән салғызып би билетіп

Ылғи бізбен жүреді.

Тақпақты да үйретіп,

Ойнатады күледі.

-Күтуші не істейді?

-Күтуші туралы кім өлең айтып береді.

Никита.

Күтушіміз бар бізде,

Тазалайды жуады.

Төсек салып жинайды,

Үлгереді бәрін де.

-Ал дәрігер не істейді?

Полина дәрігер туралы өлең атйып береді.

Полина.

Ақ халатты тәтеміз,

Ылғи бізге келеді.

Тіс ауырса, іш ауырса,

Бізге дәрі береді.

-Ал балалар, аспаз не істейді?

Аспаз туралы бізге Настя әдемі өлеңді айтып береді.

Біздің гүл бақшада,

Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы,

Ақ көңіл жақсы апа.




«Аленушка»

Әдемі, таза, қосқабатты.


Есік, терезе,кілем, устел,орындық.

Балалар.Ұлдар мен қыздар.



Балалар бірге айтып, қимылдар жасайды





Марина Андреевна,

Елена Вячеславовна.

Балалар суреттерге қарап, жауап береді.







Еден тазалайды, ыдыс жуады.







Дәрі береді.








Аспаз тамақ пісіреді.








Рефлексиялық -түзетушілік

Осылайша бәріміз біз сүйікті балабақшамызда өмір сүреміз.

Қанша бала, қанша қыз

Бір шоқ гүлміз баршамыз.

Ойын күлкі ордасы

Біздің балабақшамыз.






Күтілетін нәтиже.

Біледі:Өз балабақша туралы әңгімелеп бере алады, топ бөлмедегі заттарды ауызша айту.

Игереді:сұрақ қойып, толық жауап беру.

Меңгереді: Қазақ тіліне тән дыбыстарға, сөз ойлау ойынын меңгеру керек.









































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее