«Зима 2025»

Творческий отчет учителя математики "Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі"

творческий отчет написан по теме «Оқушының жетістігі - мүғалімнің жетістігі»

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің

математика пәні мұғалімінің

«Оқушының жетістігі - мүғалімнің жетістігі» атты шығармашылық есебі.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға» - деп Абай атамыз айтқандай мұғалімнің жетістігі оқушылардың жетістігімен көрінетіні сөзсіз. «Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мүғалімнің жетістігі жаңа әдіс -тәсілдерді тиімді қолдануында». Осы салада еңбек еткеніме 30 жылдан астам уақыт болды. Математика пәні мүғалімі ретінде оқушыларға дәріс беремін. Еңбек жолымда математика пәні мүғалімі мен қатар сынып жетекшілікті де атқарып келемін.

«Ұстаздық –үлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін.

Математика пәні мүғалімі болу мен үшін үлкен мақтан әрі бақыт. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны жаңа педтехнологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдану. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт үстауы, білім - біліктің тармсқтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық -психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Деңгейлік курстарды бітіріп келген әріптестерімнің тәжірибесіне сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, мұғалім - үздіксіз ізденуші екеніне көз жеткіздім. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану. Әріптестерімнің мектеп ішінде өткізіп жатқан коучинг-семинарларына қатысып өзіме көптеген мәліметтер алып, сабағымда пайдаланудамын. Осы әріптестерімнен үйренгенімді сабақта пайдаланып, сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілін, оқушылардың сабаққа деген ынтасын ояттым, өзін - өзі реттеуді, сабақта еркін сөйлеп өз ойларын ғылыми түрде жеткізуді, бірін-бірі бағалауды үйренді. Сонымен бірге қазіргі таңда білімберу саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін түсіндім. «Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімніңжетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында» дегендей осы үйренген жаңа тәсілдерді еңбек жолымда тиімді пайдалануды мақсат етемін. Тәжірибеме енген өзгерістерді болашақта әлі де жетілдіре түсіп, өз әріптестеріммен әрі қарай біріге жұмыс жасайтыныма сенімім мол. Оқушылардың жиырма бірінші ғасыр талаптарына сәйкес келу үшін талап етілетін өзгерістерді енгізуді жобалау болып табылады. Алдағы уақытта заманауи әдіс - тәсілдерді өз тәжірибесіне қолдану біздің мұғалімдердің мақсаты болып отыр. Әріптестерімен ынтымастықтықта оқу ортасында құру, жүргізу, басқару және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша қолдануда және осыментоқтап қалмай білімдерін жетілдіріп отыруға тиіс. Мұғалімдер өз тәжірбиесі арқылы білім алу үшін өз практикасына қатысты рефлексия жасап отырады. Қазіргі таңда деңгейлік өтіп келген мұғалімдер өз тәжірибелерінде жаңа стратегияларды тиімді, орынды қолдануда. Мен өз жұмысымды осы мүғалімдермен бірлесе отырып жұмыс жасауды мақсат еттім. Осы мақсатта өзімнің білмегенімді әріптестеріммен бірге талдап, мәселелерді бірге шешіп отырамын.

Ұстаз - еркін шығармашылық иесі. Өз бетінше іздене көре жүріп, әрекетіңе сараптама, талдау жасаумен қатар шығармашылығың шыңдай түседі. Ұстаз -шәкіртін үнемі қадағалаушы, жалпы сабаққа қатысуын, бос уақытын өткізуін қадағалаумен қатар баланың жан дүниесіне үңіліп, ішкі сырын, ойын, өмірге көзқарасын байқап, бақылап отырады. Ұстаздың тағы бір ерекше қасиеттерінің бірі - жетелеуші, алға ұмтылдырушы үлгермеушілерді жақсы оқушылар санатына қосу жолында еңбектенсе, қиын оқушыларды тәрбиелі оқушылар қатарына қосу мақсатында,дарынды оқушыларды биіктен корсету жолындааянбай тер төгу керек. Сондықтан қоғамдық даму заңдылығы тұрғысынан ұстаздың түпкі мұраты шәкіртті өз деңгейінде жеткізу ғана емес өзінен озып, ілгері кетуіне ықпал етеді. Халық: «шәкірт үстаздан озса, игі» деп тегін айтпаған ғой. Сол себепті осы айтылған ұстаз болудың негізгі қағидаларын өз еңбек жолымда қолданып, одан әрі дамыту үстіндемін.

Ғылыми педагогиканың негізін салушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін нақтылай айта келіп, «салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізді де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе істіңқазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де артық көремін,»- деген пікірі бүгінгі күні өз мемлекетінің ірге тасын қалап жатқан қазақ халқының, мұғалімге қоятын талабы деп ойлаймын. Әр сабағымды осылай қызғылықты, қүштарлықпен, оқушы талпынысын одан әрі өрбітіп өткізуге тырысамын. Оған жаңа технологияның элементтерін қолдана отырып, жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу мақсатында оқу жұмысының көптеген көңілді, түсінікті түрлерін енгізіп, сабақ жүргізу әдісін пайдаланамын. Сабақтан тыс оқушыларға үй тапсырмасы ретінде шығармашылық жүмыс беремін. Оқушылар берілген тапсырмаларды өздігінен ізденіп, көптеген көрнекілік суреттер, жинақтап, ребус, сөзжұмбақтар, мақал-мәтелдер, үлылардан қалған үлы сөз жазып орындап келеді. Сонымен қатар жаңа ақпараттан хабардар болып, бір тамшы білім нәрімен сусындайды. Өнегелі ұстаз - өнерлі шәкірт. Шәкірт жеңісі - үстаз жемісі. 2015-2016 оқу жылында интеллектуалдық «Ақ бота» марафонына 6-сынып оқушылары Ахметова Мериза, Агжолова Анель қатысты, ал аудандық олимпиадаға математика пәнінен Тұяқов Темірлан қатысып III орынды иеленді, математика пәнінен қашықтық КИО олимпиадасына 7-сынып оқушысы Тұрсұмбек Аружан, 6-сынып оқушылары Ахметова Мериза, Агжолова Анель II орын алып «Күміс нәтиже» көрсетті, «Кенгуру-математика для всех» халықаралық сайысында Тұрсұмбек Аружан, Тулепова Асылжан 7-сынып оқушылары II орын, Аюпова Камшат 5-сынып оқушысы II орын, Тұяқов Батырхан 6-сынып оқушысы I орынға ие болды. Биылғы жылы ҰБТ-ға қатысқан 3 оқушының бәрі де математика пәнінен 100 % білім сапасын көрсетті, орта балы 14,33 аудан бойынша III орынға тұрақтадық. Бұл жетістіктер мектеп тарихына өзіндік үлестерін қосты деп есептеймін. Беріліп жатқан білімнің нәтижесі білім сапасының көрсеткіші. Ұлы жазушы әрі ғүлама ғалым М. Әуезовтің: « Ел болам десең, бесігіңді түзе!»- деген өте терең мәнді нақылы бар. Ол еліңнің ертеңі жас ұрпағыңды жақсылап өсір дегені. Осы міндеттің көп салмағы, ұстаздар, біздерге түсетіні сөзсіз. Ендеше «ел келешегі - ұстаз қолында»- деген лепті тұжырымды баса айта отырып, шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап, арта берсін деген тілегімді білдіремін.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее