Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: “Ақылды заттар”
Мақсаты: Тұрмыстық техника туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі жайлы түсінік беру.
Дамутышылық: Сурет бойынша әңгімені дұрыс құрастыруды қалыптастыру
Тәрбиелік: Заттарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: факс,сәлемдеме.
Билингвалды компонент Тұрмыстық техника - household equipment
Көрнекіліктер:байланыс құралдардың суреттері.
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Бала әрекеті |
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III. Рефлексия | 1.Балаларды шеңберге тұрғызу: Мысалы: Армысың ,асыл күн! Армысың,көк аспан! Армысың, жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне, менің қолым! 2.Балалармен әңгімелесу. - Балалар,бүгін ауа-рай қандай? - Аптаның қай күні? 3.Жұмбақтар жасыру. Мысалы: Кино менен концертті, Үйде қойып беремін, Жаңалығын бар елдің, Өз көзіммен көремін. (Теледидар) 4.Жаңа тақырыпты хабарлау. Байланыс құралдары жайлы түсінік беру. 5.Сөздік жұмыс: Факс-фотокөшірмелерді телефон желілері арқылы беру құралы. Сәлемдеме- пошта арқылы жіберілген сәлем-сауқат. -Телефон,факс,хат,құттықтау хаттары, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет.Компьютер де байланыс қызметі түрлеріне жатады.Компьютермен әлемнің барлық жерлерінен әртүрлі хабарлар алынады және жіберіледі.Қазіргі кезде мектептер де балабақшалар да компьютермен қамтамасыз етілген. Пошта-хат,телеграмма,ақша,газет-журнал,сәлемдеме сияқты заттарды бір жерден екінші жерге жеткізумен айналысатын мекеме. Бұл мекемеде байланыс қызметкерлері –хат, телеграмма, т.б. қабылдаушы-операторлар , хат тасушылар жұмыс істейді. 6.Сергіту сәті. Біздер тату баламыз, Гүл-гүл жайнап аламыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы ссергіп қаламыз. 7.Дидактикалық ойын: “Телефон” Шарты: екі бала ойыншық телефон тұтқасымен бір-бірімен сөйлеседі. Мысалы: -Сәлеметсің бе, Алма? Сәлеметсің бе, Аружан? -Ертен мен анамен хайуанаттар бағына барамын. -Сен бізбен барасың ба? -Анам рұқсат берсе, барамын....... 7.Сабақты қорытындылау.Балалар,бүгін тіл дамыту сабағында біз не жайлы әңгімелестік? Сұрақтар қою: 1.Байланыс қызметінің түрлерін ата. 2.Компьютер байланыс құралына жата ма? 3.Сәлемдемемен не жіберуге болады? 4.Құттықтау хаттарын кімдерге және не үшін жазады? Бағалау:-өз-өзін бағалау; - досын бағалау. | Өлең жолдарын қайталайды.
Сұрақтарға жауап берді. Жұмбақ шешеді.
Компьютер, телефон сияқты байланыс құралдары туралы білетіндерін айтады.
Қимылдарды қайталайды.
Ойын ойнайды
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Әрбір байланыс құралдарының қызметін білуі тиіс;
Игеру : Байланыс қызмет түрлерін игерілуі тиіс ;
Меңгеру:Олармен қалай жұмыс істеу керектігін меңгерілуі тиіс;