Сабақ Пән: Қазақ тілі |
Сынып:
| Барлық оқушылар: Қатысқаны: | ||
Тақырыбы: | Біздің пәтер | |||
Сілтеме: | Бағдарлама, күнтізбелік жопар, қазақ тілі оқулығы | |||
Жалпы мақсаттар: | Оқушыларға үйге, пәтерге және тұрмыстық заттарға байланысты сөздерді меңгерту арқылы өз пәтерлер туралы айта білуге үйрету.Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру. Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өзінің заттарына деген ұқыптылыққа , өзінің пәтерін таза ұстауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту.
| |||
Ресурстар: | Слайд, ватман, түрлі-түсті маркерлер, бағалау парағы | |||
Әдіс-тәсілдері: | Тәсілі: жекелей,топпен Әдісі: Түсіндіру, іздендіру, ой қорғау, мәтінмен жұмыс, әңгімелеу | |||
Күтілетін нәтижелер | Оқушылар тақырыпты ашып,ізденіп,тапсырмаларды қызыға орындайды. Сұрақтарға нақты ,дұрыс жауап беруге үйренеді.
| |||
Түйінді идея: | Өз пәтері жайлы айта білу. | |||
Сабақтың барысы: | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | |
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері Мақсаты: Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру Топтарға бөлу:
Үй тапсырмасын тексеру | Амандасу.
Мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын құру
Пәтер бөлмелерінің суреттерін қиып таратып, оқушыларды үш топқа бөлу.
Топ ережесін естеріне түсіреді
«Бинго» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сөздерді жаттауға берілген сол сөздерді «бинго» ойыны арқылы қалай білетіндерін тексеру. Оқушылардың қолдарына сызба –кесте беремін ,орысшасын айтамын. | Оқушылар шеңберге тұрып, хормен:
Қоңырау соғылды Сабаққа шақырды, Уақытты қалдырма Білімге жақында
Оқушылар қолдарындағы сурет қиықшаларынан пәтер бөлмелерінің суреттерін жинау арқылы топқа бөлінеді.
Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді.
Қолдарындағы сызба –кестеден мұғалімнің айтқан сөздерінің аудармасын тауып, бояйды. Барлық сөзді тапқан балалар бинго деп сызба-кестелерін жоғары көтереді. |
| |
Жаңа сабақ. «Ой қозғау»
Жаңа сөздермен жұмыс
Сиқырлы мәтінмен жұмыс.
Физминутка
Топпен жұмыс |
Балалар, тақтаға қарайықшы бұл ненің суреті? Бұл пәтер. Оны қайдан білдіңдер? Себебі бұл суретте үстел, диван, теледидар бар. Балалар, сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Біздің пәтер» екенін анықтадық.
Сабағымызға керекті жаңа сөздермен танысып, жұмыс жасайық. Слайдта жаңа сөздер суретпен беріледі. Қазақша-орысшасын оқимын.Сөздіктеріне жазғызамын. Жаңа сөздер: пәтер-квартира орналасқан – находиться жиһаз- мебель жайлы- удовный жинаймын-убираю ілемін- вещаю сөре-полка салды- положил (а) Әр топқа сөздер беріп, буын түрлерін айтқызамын. Жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырғызамын. Слайдта сиқырлы мәтін . Көп нүктенің орнына керекті сөз немесе сөз тіркестерін қойып мәтін құрастыруды ұсынамын.
Компьютерді қолданып физминутка өткіземін.
Әр топқа тапсырма беріп, постер құрастырып, өздерінің орындаған тапсырмаларын ортаға шығып пікір алмасуларын , топтарында көшбасшы, хатшы таңдауларын ұсынамын. 1-топ. Берілген орысша мәтінді аударып, қағаз бетіне түсіріп жазу. 2-топ. Сурет бойынша сұрақ-жауап құрастырып, қағаз бетіне түсіру. 3-топ. Венн диаграмма Жатын бөлмесі және асүй айырмашылығы мен ұқсастығын табып, қағаз бетіне түсіру. |
Оқушылар слайдтан ненің суреті екенін тауып айтады.
Слайдтан суретпен берілген жаңа сөздерді оқиды, сөздік дәптерлеріне жазады. Топпен берілген сөздерді буынға бөліп , буын түрлерін анықтайды. 1-топ. пәтер, жиһаз 2-топ. жайлы, сөре 3-топ. жинаймын, ілемін Жаңа сөздермен ауызша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
Сиқырлы мәтінде көп нүктенің орнына өздерінің пәтерлері жайлы жазады, мәтінді екі-үш бала оқиды, мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауабын алады.
Физминуткаға қарап жаттығу жасайды.
Тапсырма бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсіріп,ортаға шығып ,ой пікірлерімен алмасу. Өз топтарында көшбасшы, хатшы таңдайды.
|
| |
Сабақты бекіту. | «Орамал тастамақ » ойыны Балалар бір-біріне орамал лақтырып сұрақ қойып, жауап алады. Балалардың дұрыс сұрақ қойып, жауап берулерін қадағалаймын. | Сұрақ қойып, жауап алады.
|
| |
Үй тапсырмасы. | 1-топ. «Пәтер» тақырыбына диалог 2-топ. Сиқырлы мәтінді жазып, әңгімелеу. 3-топ. Өз пәтерлері жайлы әңгімелеу. | Оқушылар күнделікке жазады. |
| |
Сабақты бағалау. | Бағалау парағы бойынша балалар өздерін, өз топтарын, жалпы сынып жұмысын бағалайды. Оқушының аты –жөні _______________ Сабақтағы іс-әрекетті 5 ұпай бойынша бағала. «Мен» 1-5 ________ «Біз» 1-5_________ «Жұмысымыз» 1-5________
| Бағалау парағын тапсырады. |
| |
Рефлексия
| Слайдтан «Шығу парағының» сұрақтарын көрсетеді. Бүгін сабақта сендерге не қызықты болды? Сендерге не ұнады? Қызықты -қызғылт түсті стикер Түсінбеген жерлер бар -жасыл түсті стикер Ұнамады – сары түсті стикер жапсырады.
| Сұрақтарға жазбаша жауап жазып, «Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне іледі. |
|