«Осень 2024»

Темір және оның қасиеттері

Темірдің жалпы сипаттамасы, табиғатта таралу жолдары мен алыну әдістері, қасиеттері туралы мағлұматты оқушылар өздері оқи отырып, бір - біріне түсіндіреді. сабақтың тақырыбы проблемалық тапсырма арқылы анықталады.

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________________________________________________

Сынып: 9 « » Пәні: Химия Күні: 14 .03.17


Сабақ тақырыбы:

«Темір және оның маңызды қосылыстары»


Мақсаты:

Оқушыларға қазақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан металдар мен құймалар, олардың қасиеттерін, тарихын, кездесетін жерлері туралы білімін нығайту.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.

Интерактивті тақта. MicrosoftPowerPoint

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Қолданыстағы заттардың пайдасын, қоғамдағы ролін терең зерттеу. Оқушыны ой

толғанысқа үйрету.

Негізгі идеялар:

Темірдің құрылысы, табиғатта қолданылуы, қасиеттері туралы білімнің негізін салу арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Жұптық, топтық жұмыста шапшаңдыққа үйренуі.

Оқу үдерісінен оқушылардың қалыс қалмауы

Сабақта қолданы -латын материалдар:

Флипчарт, стикер, сурет салуға арналған құрал-жабдықтар, таратпа материалдары, интерактивті тақта,

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

Сұрақ- жауап, диалог, АКТ, СТО, «Білімланд» сайтынан тапсырмалар


1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3.Жұптық жұмыс

4. Топтық жұмыс

Дерек көздері:

Темір тақырыбына берілген материалдар, жұмыс дәптері Оқушы анықтамалығы.

Тапсырмалар:

Кесте толтыру, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу оны қорғау, рефлексия жасау.


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Психологиялық дайындық.

Әр оқушының өз көңіл – күйін анықтау. Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету) Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?

Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

(10 мин)

І. Қызығушылықты ояту кезеңі.

І тапсырма. “Кім жылдам?” (1 ұпай)

  1. 1. Алюминий таралуы бойынша нешінші орында?

  2. АІ2О3 * пН2О тау жынысының аты

  3. Алюминийдің қосылыстарындағы валенттілігі

  4. Ғе2О3 + 2АІ --- АІ2О3 + 2Ғе + 3241 кДж осы теңдеу металдарды алудың қай әдісіне жатады?

  5. АІ + О2 --- АІ2О3 теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындысы нешеге тең?

  6. Алюминийдің периодтық жүйедегі орны

  7. Алюминий элементінің сыртқы қабатында неше электрон бар?

  8. Алюминий оксиді қандай оксидке жатады?

  9. Алюминийдің көрсететін тотығу дәрежелері

  10. Алюминийдің салыстырмалы атомдық массасы

ІІ тапсырма. «Химия құпиясы»

1)Алюминий қосылыстарының формуласын кесте бойынша толтыр

Химиялық элемент Оксидінің формуласы

Гидроксидінің формуласы Хлоридінің формуласы

Al (III) cульфатының формуласы

ІІІ тапсырма. «Ламинат» әдісі

Берілген реакция теңдеуін аяқтап, теңестіріңдер.

1. Al + S 2. Al + O2 →

3. AlCl3 + NaOH →



Берілген сұрақтарға сыныптағы барлық оқушылар жауап береді. Топ басшысы бағалап отырады. Танымдық ойын және алюминий қосылыстарының реакция теңдеу жүйесі.


ІІІ. Жаңа тақырып


ІІ. Мағынаны тану кезеңі.

Проблемалық сұрақ қоя отырып, тақырыпты шығарып алу: кесілген алма неліктен қараяды?

Тақырыпты ІІІ топқа бөліп бере отырып, постер қорғату арқылы сабақтың мазмұнын өздеріне айтқыза отырып, меңгерту.

І – топ: Темірдің жалпы сипаттамасы және

табиғатта таралуы. Алыну әдістері

Толықтыру.

Білімланд сайты. Темірдің шығу тарихы

Темірдің алынуы

(Металдар қатысатын реакциялар. Оттек үшін жарыс)

ІІ – топ: Темірдің физикалық және химиялық

қасиеттері, биологиялық маңызы

ІІІ – топ: Темірдің қосылыстары мен олардың

қасиеттері

Оқулықпен жұмыс жасай отырып, тақырыпты постер арқылы қорғау.

Оқушылар дайындалып постер қорғайды. Топ басшысы бағалап отырады







Тәжірибе көрсетеді.

Шеге мен мыс сульфаты ерітіндісінің әрекеттесуі

ІҮ. Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар


ІІІ. Ой толғау кезеңі. Сабақты қорытындылау, бекіту.

  1. Сәйкестендіру тестісі (1 ұпай)

N формулалар аттары

1. Fe3O4 а)темір (III)гидроксиді

2. FeO ә) темір сульфаты

3. FeSO4 б) темір (II)оксиді

4. Fe(OH) 3 в) темір қағы

5. ҒеS г) темір сульфиді

  1. Толықтыру тестісі. (1 ұпай)

1.Темір ------ түстес ------- металл.

2.Темір иілімді,------- қасиеті бар, тығыздығы-------.

3.Темір қосылыстарында ------- тотығу дәрежелерін көрсетеді.

4.Темір құймалары ------- және ----- түрінде қолданылады.

Керекті сөздер:күміс,ақ, магниттелетін, 3,87г/см , +2, +3, шойын, болат.

  1. Ашық тест

  1. Өнеркәсіпте темірді оның оксидтерінен қай заттармен тотықсыздандырып алады ?

А)H2 , AL Ә)H2, О2 Б)H2,S

В)C ,O3 Г) H2 , Si

  1. Сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттесіп сутегін ығыстыратын металдар.

А)Cu, Fe Ә)Fe, Са

Б)Fe, Hg B)Au, Cu Г)Sn, Cu

  1. Қай қышқылдармен әрекеттескенде темір енжарланады?

А)Н2SO4 (конц) Ә)HCL

Б)HNO3(сұйық) В)H3PO4

Г)H2SO4 (сұйық)

  1. Оқулықпен жұмыс. (5 ұпай)

І – топ. 8-жаттығу. 167 бет

ІІ – топ. 9-жаттығу. 167 бет

ІІІ – топ. 6-жаттығу. 169 бет

  1. Бекіту сұрақтары

Қанға қызыл түс беретін элемент

Темірдің периодтық жүйедегі орны

Сыртқы деңгейінде неше электрон бар.

Қосылыстарындағы тотығу дәрежесі т.б.




Әр топ берілген тапсырмалар бойынша есептер, жаттығулар орындайды.

Топ басшысы бағалап отырады


V. Бағалау

(5 мин)


Өлшемді және жиынтық бағалау

Өзін-өзі өлшемді бағалау, топ басшысының жиынтық бағалауы

VІ.Үй тапсырмасын беру (2 мин)


VI.Сабақты қортындылау

Үйге тапсырма: § 37-38 оқып келу;

2,3 жаттығулар 169бет, №10 есеп 168 бет.

Шығармашылық жұмыс:

1 топ қоржынына: «Темір элементі және тарихи

деректер»;

2 топ қоржынына: «Ауыз әдебиеті жырларындағы

темірдің алатын орны»;

3 топ қоржынына: «Аспан тасы» сөзжұмбағын

құрастырып келу;


VIII. Бағалау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Рефлексия

(3 мин )


Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее