Абай атындағы мектеп-гимназия
Жаратылыстану пәндерінің Lesson study
зерттеуі аясында өткізілген сабақ:
Химия пәні мұғалімі:Кадырбаева А.М.
2016-2017 оқу жылы
Күні |
| |
Сынып | 9 «а» | |
Сабақтың тақырыбы | Темір | |
Мақсаты | Темірдің маңызы, қасиеттерін, ерекшелігін үйрену | |
Күтілетін нәтижелер | А. Темірдің негізгі қасиеттерін біледі В. Темірдің жалпы маңыздығы жөнінде қорытынды жасайды С. Темірдің адамзат үшін нақты маңыөзыдығын тұжырымдайды | |
Қажетті жабдықтар | Интербелсенді тақта, флипчарт, стикер, маркер, зерттеуге қажетті құралдар | |
Сабақтың өткізілу формасы | Талдау, талқылау, жобалау | |
Сабақтың барысы | ||
| Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе 1 минут | Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабақта сәттілік тілеу. | Оқушылар мұғаліммен амандасады. |
Үй жұмысын тексеру 4 минут | Үйге берілген есептерді 2 оқушы тақтаға шығарады, қалған оқушыларға «Дұрыс/бұрыс» тапсырмасы беріледі. | 2 оқушы тақтаға есеп шығарады. Қалған оқушылар «Дұрыс/бұрыс» тапсырмасын орындайды. |
Тұсаукесер 3 минут | Академик Ферсман: «Бұл металл әлемнің негізі ғана емес, бізді қоршаған табиғаттың ең басты элементі. Ол өркениет пен өнеркәсіптің, бейбітшілік пен соғыстың құралы» деген екен. Бұл қай металл? Оны ертеде «Аспан тасы» деп атаған.
Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған, салмағы 60т. 1895 жылы Гренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған, қазір Нью - Иоркте сақталуда.
Темір күн жүесінде ең көп тараған элемент. Жер ядросының 90%темір құрайды. Жер мантиясында 12%, жер қыртысында 5%темір бар. Жер қыртысында таралуы бойынша - 6 орында. | Бұл металл – темір. |
Негізгі бөлім
| Темірдің атом құрылысы. Темір периодтық жүйеде: Физикалық қасиеті айтылады. Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, Химиялық қасиеттері: Fe + Cl2 = ? Fe + HCl = ? Fe + S = ? Fe + O2 = ? Fe + H2O = ? Fe + CuSO4 = ? Cu + FeSO4 = ?
3 топқа зерттеу жұмысы беріледі: 1-топ. Суреттер арқылы қорытынды жасау 2-топ. Тағамдардағы темірдің мөлшерін есептеу және рациондық тізім жасау 3-топ. Темірдің құрылыстық маңызын ажырату.
Lucky Iron Fish бейнеүзіндісін көрсету. Темірдің табиғи минералдары: Қай минералда темірдің көп екендігін анықтау қажет. Өнеркәсіпте алынуы: FeO + H2 = Fe + H2O Fe2O3 + 2Al = 2Fe + Al2O3 Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2 | Оқушылар темірдің атом құрылысын дәптерлеріне сызады.
Физикалық қасиеті бойынша темір металының қандай металдарға жататындығы жөнінде қорытынды жасайды.
Fe + Cl2 = FeCl3 Fe + HCl = FeCl2 + H2 Fe + S = FeS Fe + O2 = Fe3O4 Fe + H2O = FeO + H2 Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu Cu + FeSO4 =
3 топ зерттеу жұмыстарын орындап, қорытынды жасайды.
Оқушылар бейнежазбаға байланысты пікірлерін білдіреді.
Оқушылар темрдің минералдарының қайсысында темірдің мөлшері көп екендігін анықтайды. |
Қорытынды
Рефлексия | Қазақстандағы темірдің, қара металлургияның өндірісі жөнінде не білеміз? Өз пікірлерін рефлексия парақшасына жазады. Топтық баға беріледі. | Оқушылар өз ойларын айтады. |