«Зима 2025»

Танымға бастар жол

Сабақ мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сүйіспеншілік құндылығы арқылы ұғындыру.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға мейірімділік, қайырымдылық жасау ұғымдарының мағынасын түсіндіре отырып, адамгершілік қасиеті туралы түсінік беру.
  2. Оқушыларды адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық жасауға үйрету, сүйіспеншілік қасиетіне баулу.

мейірімділікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

6 сынып - 5

Тақырып: Танымға бастар жол

Құндылык: сүйіспеншілік

Қасиеттер: адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық жасау

Сабақ мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сүйіспеншілік құндылығы арқылы ұғындыру.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға мейірімділік, қайырымдылық жасау ұғымдарының мағынасын түсіндіре отырып, адамгершілік қасиеті туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық жасауға үйрету, сүйіспеншілік қасиетіне баулу.

  3. мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар

әдістемелік

нұсқаулық,

слайд, суреттер, музыка,

ватман,

түрлі-түсті

қарандаштар.

Сабақ барысы:

1.Үйымдастыру кезеңі

тыныштық сәті Нурға бөлену

Саоақ

барысыи

талқылау:

2. Үй тапсырмасын тсксеру.

  1. Ахметтің жақсы білім алуына кімдер ықпал етті?




  2. Ахметтің іс-әрекетінен нені ұғуға болады?

  3. «Ар-ұжданым бәрін кӛріп тұр» дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Адам ар-ұждан даусын қалай ести алады?

  5. Өзің ар-ұжданыңа сай іс-әрекет жасап жүрсің бе? Айтып бер


3. Дәйексөз. Жақсыдан ү йрен, Жаманнан жирен.




Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.


4. Әңгімелеу Қайырымдылық (Аңыз)

Ауладан сыртқа шыққан жүкші жігіт өзінше толғанды. Кімнен қайырым күте бересің? Өтеген жұмысыңа қарай ақы төлейді. Олай болса, қайрат-күшіңді аямай атқарған қызметіңнің өзі бақыт екен ғой. Тек соның қызығын көресің...

Содан осы ғұламаның жүгін тасып, ақылын тыңдайын деген ниетке бел байлады. Сөйтіп жігіт Әбунасырдың базарға келуін қалт жібермей тосты.

Бір күні базар қақпасына кіреберістен Әбунасырдың төбесін көзі шалғанда-ақ елпілдей қасына жүгіріп барды.

Ассалаумағалейкүм, ұстаз!

Уағалейкүм уәссалам, аманбысың жігітім? Әрекетің өнімді ме?

Шүкір, ұстаз...

Сұрамаппын ғой, сенің есімің кім? Осында тұрасың ба?

Атым Асадолла, қырдан келіп ем...

Маған бірдеңе айтайын деп пе едің?

Базардан алған заттарыңызды үйіңізге жеткізіп берейін...

Ә, онда соңымнан ер...

Әбунасыр базардан керек-жарағын алды да, көп айналмай үйіне қайтты. Асадолла ұстаздың заттарын арқалап жүрді. Аулаға кірген соң, жүкті сәкінің үстіне қойды. Әбунасыр ақысын төледі. Сонда жігіт:

Ұстаз, ренжімесеңіз, маған қайырымдылықтың не екенін түсіндіріп бермес пе екенсіз?.. – деп өтінді. Ғұлама тұңғиық ойға шома тұрып, жігітке қадала қарады.

Ия, саған қайырымдылық керек сияқты.

Соның мәнісін білсем деп едім...

Жарайды ұғындырайын, есіңде жүрсін, – деді ғұлама жігіттің талабын қостағандай күлімдеп. – Қайырымдылық ағыл-тегіл су емес. Ол – адамның адамға бөлінген мейір-шапағаты арқылы болатын ізгілік. Әр адам өзі көз сүзген мақсатына жету үшін ұмтылады. Сонда қиындыққа тап болса, бір жомарт кісі көмектесіп, жебеп жібереді. Ақ ниеттен туған сол жақсылық – қайырымдылық деп аталады.

Жігіт бас иіп, алғыс айтты да, кетіп қалды.

Талданатын сұрақтар:

  • «Адамның адамға бӛлінген мейір-шапағаты» - дегенді қалайша түсінесіңдер?

  • Қайырымдылық жасаудың мәні неде деп ойлайсыңдар?

  • Риясыз қызмет ету дегеніміз не?

  • Өзің басқаларға қандай қайырымдылық жасап жүрсің

Сұрақтар

аркылы талданады.


5.Шығармашылық, топтық жұмыс 1-тапсырма

Адамгершілік қасиеттер туралы өз түсінігіңді жазып, кестені толтыр.

Адамгершiлiк ұғымдар

Адамгершiлiк ұғымдар туралы түсінік


Жауапкершiлiк

Адамның белгiлi бiр iстi, өзiне тапсырылған мiндеттi қалтқысыз орындауы.

Адалдық


Әдептiлiк


Қамқорлық


Кешірімділік


Татулық



оқушы дәптері

6. Үй тапсырмасы. 31 бетте берілген Аязби аңыз-әңгімені оқып, сұрақтарға жауап беру



7.Топпен əн айту. Балдырғандар жыры

Өлеңін жазған Әбдірахман Асылбеков Әнін жазған Мұрат Ыбыраев

Күлімдеп көкте күніміз,

Құлпырып қырда гүліміз.

Бойды кернеп,

Ойды кернеп

Шарықтаған шалқып шаттық жырымыз.

Ей, бақытты баламыз,

Білім қуып, көкке қанат қағамыз

Табиғат сырын ашамыз,

Өмірге өнер шашамыз

Оқуда да, Еңбекте де

Салтанатпен үнемі алға басамыз.

Ей, бақытты баламыз,

Болашаққа батыл аттап басамыз.

Бақыттың қайнар бұлағы, Өмірдің өшпес шырағы. Өркен өмір,

Көркем көңіл

Әділетті әр адамның ұраны.

Ей, бақытты баламыз,

Болашаққа батыл аттап басамыз.


Барлығы қосылып бірге

айтады.

8.Соңғы тыныштық сəтi. Мұғалімнің сөзі: - «Көздеріңді жұмып, ыңғайланып

отырыңдар. Бүгінгі өткен сабағымызды ой елегінен өткізіңіздер.»

Мен сіздерге ризамын! Сабаққа жақсы қатысқандарына рахмет!

Баяу əуен ойнап тұрады





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее