«Осень 2024»

"Қызға қырық үйден тыйым"

"Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері"

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сынып жетекші портфолиосы /жас сынып жетекшіге көмек/

Жарияланды 21-10-2013, 19:09 Категориясы: Әдістемелік көмек 

Сынып жетекші портфолиосы /жас сынып жетекшіге көмек/

Мақсаты:
Жас сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысы бойынша бағыт бағдар беру.
«Сынып жетекшісінің портфолиосы – тәрбие жұмысын және сапасы мен жетістігін айқындайтын құжат»
Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі – маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді.
Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;
Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, тәрбие жұмысының нәтижелерін жинауына көмек береді.
Сынып жетекші порфолиосына қажетті құжаттар:
• Сынып жетекшісінің бұйрығы
• Сынып жетекшісі туралы мәлімет, тәрбие жұмысы бойынша мектепішілік және өз проблемалық тақырыбы
• Сынып жетекшісінің қызметтік функциялары.
• Сынып жетекшісі білуі керек Заңдар мен талаптар: «Білім беру туралы»ҚР Заңын, Бала құқығы туралы конвенцияны / 1993 /, Тәрбие тұжырымдамасын, балалар мен жасөспірімдердің, психологиясын, әлеуметтік педагогика мен психологияны, мектеп гигиенасын, педагогтік этиканы, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, еңбек заңының негіздерін.
Сынып туралы мәлімет
●. Сынып оқушыларының тізімі, туған күні, айы, жылы, туу туралы куәлік номері, ЖСН, қоғамдық жұмысы, қатысатын үйірмесі, аудандық, мектепішілік жетістіктері т. б.
● Отбасылар туралы мәлімет.
● Отбасылары туралы мәлімет.
● сыныптың әлеуметтік төлқұжаты
● Үй аралау, көше аралау дәптерлері
● Тәрбие сағаттарының жинағы
● Сынып жиналыстарының хаттамалары
● Психолог жүргізген жұмыстардың қорытындылары, сыныпқа психологиялық мінездеме
● Ата - анамен жұмыстың іс - қағаздары
● Сынып ата - аналар жиналыстарының хаттамалары
● Пайдаланылған материалдар, көрнекіліктер, сауалнамалар, жаднамалар, тест.......
● Оқушылардың күнделіктерін тексеру қорытындылары
● Тәрбие жұмысы жоспары
● Тәрбиелік шараларға қатыс
● 1 айға 1 анықтама сынып сағаттарына
● Текстовой годовой анализ, мониторинг
● Сынып жетекшісінің диагностикалық картасы

Мектепішілік шаралар разработкасы мен анықтамасымен;
Үйірмелер папкасы, бұйрығымен, жоспары, балалар тізімі, материалдар, болса жұмыс барысына фото мәлімет.
Мектепішілік тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы:
Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан - жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.

сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бойынша жұмыстану проблемасы:
Оқушыларды тәрбиенің жаңаша әдіс - тәсілдері арқылы өзін - өзі тануға, адамгершілікке, мәдениеттілікке, білімқұмарлыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сынып жетекшінің қызметтік функциялары
Күнделікті атқаратын қызметтері:
• Сабаққа кешігіп келген оқушылармен жұмыс және кейбір оқушылардың сабаққа қатыспай қалған себептерін анықтау.
• Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.
• Сынып кабинетінде кезекшілік ұйымдастыру.
• Оқушылармен жеке - дара жұмыс.
Апта сайын өткізілетін жұмыс:
• Оқушылардың күнделіктерін тексеру.
• Жоспар бойынша сыныппен іс - шара өткізу.
• Ата - аналармен жұмыс (нақты жағдайға байланысты).
• Пән мұғалімдерімен жұмыс (нақты жағдайға байланысты).
• Оқушылардың ауырып қалуына байланысты алған анықтамасы бойынша мектеп дәрігерімен кездесу.
Ай сайын:
• Өз сыныбындағы сабақтарға қатысу.
• Мектеп психологымен кездесу.
• Ата - аналар комитетімен кездесу.
• Жұмыс жоспарлауға байланысты мәжіліске қатысу.
Тоқсан сайын:
• Тоқсан бойынша сынып журналын тексеру.
• Сынып жетекшілерінің оқуына (семинарына) қатысу.
• Тоқсан бойынша тәрбие жұмысын қорытындылау, жаңа тоқсанға жоспарды толықтыру, өзгерістер енгізу (қажет болса).
• Ата - аналар жиналысын өткізу.
Жылына 1 рет:
• Ашық іс - шара өткізу.
• Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру.
• Сынып жұмысының жоспарын жасау және талдау.
Сыныптың статистикалық көрсеткіштері
Сынып жетекші білуі керек Заңдар мен талаптар:
• «Білім беру туралы» ҚР заңын білуі керек.
• Бала құқығы туралы конвенцияны /1993/ білуі керек.
• Тәрбие тұжырымдамасын білуі керек.
• Балалар мен жасөспірімдердің психологиясын білуі керек.
• Әлеуметтік педагогика мен психологияны білуі керек.
• Мектеп гигиенасын білуі керек.
• Педагогтік этиканы білуі керек.
• Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін білуі керек.
• Еңбек заңының негіздерін білуі керек.
Сынып туралы мәлімет:
Сынып оқушыларының тізімі:
Отбасылары туралы мәлімет:
Пән мұғалімдерінің тізімі:
Ата - аналардың білім деңгейі:
Сыныптың ұлттық құрамы:
Оқушылардың денсаулық жағдайы
Оқушылардың сабақтан тыс қызметі:
- Үйірмеге қатысу
- кітапханамен байланыста болу т. б.
Оқушылардың қабілеттері:



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее