Күні | 25.10.2018 жыл | Сыныбы | 4 «Ә» сынып | ||||
Сабақтың тақырыбы | Сұлтанмахмұт Торайғыров. Арыстан мен Тышқан | ||||||
Сілтеме | Әдебиеттік оқу 4 сынып Т.Әбдікәрім,С.Рахметова,Р. Базарбекова Слайд ; Интернет желісі;yandex.kz, google.kz. | ||||||
Жалпы мақсаттар | Мысалдың мазмұнын ашу, мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі әңгімелеуге, талдау жұмыстарын жүргізуге жаттықтыру | ||||||
Міндеттері |
| ||||||
Оқыту нәтижесі |
| ||||||
Қолданы латын әдіс -тәсілдер | Топтық, жұптық, ұжымдық тапсырмалар. СТО стратегиялары, Ойын технологиясы: рөлге бөліп сахналау. Дидактикалық ойын. | ||||||
Көрнекілік тері | Кестелер, сюжетті суреттер, презентация, мультфильм. | ||||||
Тапсырмалар | 1 тапсырма – «Бірге ойлаймыз» 2 тапсырма – «Негізгі ойды анықта,түйін» 3 тапсырма – «Артық болмас білгенің» 4 тапсырма - «Серпімді сауал» 5 тапсырма – «Сөздікпен жұмыс» 6 тапсырма – «Ойлан, топтас, талқыла» 7 тапсырма – «Сен маған, мен саған» | ||||||
| Сабақ барысы | ||||||
Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушы іс - әрекеті | ||||||
Ұйымдастыру. Топқа бөлу 3 топқа бөлінеді. 1-топ Жазушылар 2-топ Ақындар 3-топ Білгірлер Психологиялық дайындық Алтын ереже «Ақ тілек. Әсем күлкі». Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші. Үй тапсырмасын қорыту. 1- тапсырма. «Бірге ойлаймыз» 1. .«Ара мен Шыбын» мысалын рөлге бөліп айту, сахналау 2. 1-топ. «Ара мен Шыбын» атты Оспанхан Әубәкіровтің мысал – өлеңінде Шыбын Араға не деді? Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің? Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады? Қалыптастырушы бағалау( бағдаршам арқылы бағалау) Ой дамыту. 2 – тапсырма. Негізгі ойды анықта,түйін. (өткен тақырыптардан сұрақтар қою арқылы және жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу)
Арыстан мен Тышқан
Полиглот Бүгін біз адам бойындағы жақсы -жаман қасиеттердің ара жігін ашып көрсететін, өнеге, тәлімге толы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың « Арыстан мен тышқан» мысалымен танысамыз. Мысал дегеніміз не? (Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік,қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. ) – Мысалға нелер кейіпкер бола алады? (Мысал шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады) 3 тапсырма – «Артық болмас білгенің» Автор туралы дайындап әкелген мәліметтерімен бөлісу Автор туралы дерек Мағынаны тану 1. Мұғалімнің оқуы (тыңдату) 2. Тізбектеп оқу 3. Үш топтан үш оқушы рөлге бөліп оқу 4. Мысалды бөлікке бөліп, әр бөлікке ат қой. 1 Арыстан мен Тышқанның кездесуі 2 Тышқанның жалынуы 3 Арыстанның күштілігі 4 Тышқанның уәдесін орындауы 4- тапсырма. "Серпімді сауал " (ашық және жабық сұрақтар) Өткен тақырыптарда ұқсас кейіпкерлер бар ма? 1.Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез-құлықтар байқалады? 2.Арыстанның сөзінен оның қандай мінез-құлқын байқауға болады? Визуалды айғақтар. (көзбен көретін айғақтар) «Арыстан мен тышқан» ертегісі 3.Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар? Жалғасын көрсету. 5-тапсырма. Сөздікпен жұмыс. (Оқушыға оқыту) Күпшек + дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі. Зиян – залал, зақым. Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті Сергіту сәті. Досыма тілек 6- тапсырма. «Ойлан, топтас, талқыла». Шынайы өмірдегі арыстан мен тышқанды сипаттайды. Арыстан қандай? Тышқан қандай? Арыстан --------------------------------- Тышқан 7 – тапсырма. «Сен маған, мен саған»
Жұппен жұмыс
Осы мәтін арқылы қандай ой түйіндедіңдер? Арыстан мен тышқанның жақсы және жаман жақтарын аңғардың ба?
Мысал мазмұнына сай келетін мақал – мәтел жаз . Осы мәтін арқылы қандай ой түйіндедің? (жақсы болса жасылмен бояймыз)
Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болады?
Мұғалім сөзі: - Мысалдағы оқиға нелер арасында болған? Жұптық жұмыс І топ. Арыстанға хат жазу ІІтоп. Тышқанға синквейн ІІІтоп. Достық туралы мақал мәтел айту қорытындылау Ұжымдық тапсырма. Досына жазған тілегін , көңілді күнмен ұсынады.
Бағалау Рефлексия Түсіндім Сұрағым бар Түсінбедім
Үйге тапсырма - Мысалға сүйене отырып, достық туралы эссе жазу
| 3 топқа бөлінеді Көңіл – күйлерін көрсетеді Өткен сабақты қорытынды лайды
Сұрақтар арқылы,жұмбақ жасыру жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Суретін көрсету
Үш тілділікті қолдану Автор туралы мәліметпен таныстырады
Сұрақтарға жауап беріп өз ойларын ортаға салады
Мультфильм көрсету Дәптермен жұмыс
Күнге досына тілек жазу
қосымша мәліметтерін ортаға салады
Суретті бояйды
сұрақтарға жауап береді «Болжау» старатегиясы Дәптермен жұмыс Топ болып берілген тапсырмаларды орындайды
Күндерін ұсынады
Сынып жетекшісі бағалайды
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып жапсырады Күнделіктеріне жазады |
Сабақ кезеңдері
Жұптық жұмыс
Топтық жұмыс Рефлексия