Шығарма.
Менің ата-анам.
Ата-ана дегеніміз-әрбір отбасының негізгі діңгегі,қазығы.Сондықтан біз негізгі тәрбиені ата-анамыздан аламыз,үйренеміз.Мен ата-анамды жақсы көремін,олардың айтқанын санама құйып жүремін.Менің әкем мен анам өте мейірімді,қарапайым,қамқор жандар.Олар бізді жақсы жолмен тәрбиелеп келеді.Менің әкем ауылдық әкімшілікте жұмыс істейді.Ал анам болса,үйде кішкентай ініме қарап,үй шаруасымен айналысады.Әкемнің жұмыс кестесі таңертеңгі сағат 900-дан басталып,кешкі 1800де бітеді.Жұмыстан шаршап келгеніне қарамастан бізге де уақыт бөліп,сабағымызға көмектеседі.Біз сабақтан келгендеанамыз түскі асымызды даярлап қояды.Анамыз бізге"сендер сабақты жақсы оқып,үлгілі,озат оқушы болуларың керек" деп үнемі құлағымызға құйып отырады.Әкем де анамның сөзін қоштайды.Әрине ,білімді болып мектепті үздік бітіру менің арманым.Ол үшін мен бар ынтамды салып оқимын.Ата-ананы қадірлеу әрбір баланың міндеті деп ойлаймын. Өскенде ата-анамның жағдайын жасауға бар күш жігерімді жұмсаймын.
Бодаубек Алуа
2»Ә»сынып