«Осень 2024»

Шәкірімнің тәрбие туралы ой-пікірлері

шәкәрімнің тәрбие туралы ой- пікірлері. мақала

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Шәкірімнің тәрбие туралы ой-пікірлері

Хожабаева Марал

Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

«Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше, - деп жазады көрнекті ғалым, белгілі шәкәрімтанушы М.Мағауин өзінің «Ақын. Тарихшы. Философ» мақаласында, - Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді. Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен, қазақ тілінің сол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді» [1,5].

Шынында да, қазақ руханияты Шәкәрімсіз орны толмай ойсырап тұрар еді. ХХ ғасырдың басында қазақ газеттері арқылы танылып, бірнеше жинақтары жарық көріп, қазақ халқының рухани ой-танымына ерекше әсер еткен Шәкәрім шығармаларына ұзақ уақыт тыйым салынып, елу жылдан кейін ел қазынасына айналып отыр.

Өзінің ұлы ұстазы Абай ағасының «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң,

Алланың сүйген құлының бірі боласың, - деген өсиетін берік ұстаған Шәкәрім өзінің өмірдегі мақсат-мұратын айқындап, ашып айтып, халқының алдында серт береді:

Адамдық борышың, ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт қылғам еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

Ақын осы айтқан сертінен өмір бойы айныған жоқ. Ақынның бір айтқан сертінен айнымайтын адалдығына, оның адамгершілік қасиетіне көзі жетіп, көңілі сенген туған халқы азамат ақынын ардақтаған.

Ақын:

Адамның маған бәрі бір,

Не мұсылман, не кәпір.

Тамам адам бір бауыр,

Бөлінбесе өлген соң, -

деп жазады. Бұл Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, - дейтін ақындық кредосымен үндеседі.

Жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өскен Шәкәрім ғылым жолына ауысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.

Жиырмадан өткенде,

Азғана ғылым оқыдым.

Алғызып кітап шеттен де,

Көңілге біраз тоқыдым, -

дейді. «Өлеңмен сөзді шеберлеп, айтқаным мақұл болар деп», нағыз ақындық өнер жолына түскенде, өзі құралпы жастарға арнап, Абай нұсқаған оқу-білім жолын насихаттайды. Сол кезден бастап жазған өлеңдерінде де, мысалдары мен нақыл сөздерінде, әңгімелерінде де Шәкәрімнің оқу-білім, өнер, тәлім-тәрбие, жақсы қасиет, адамгершілік туралы ой-толғамдары жетерлік. Соларды оқып-үйрену, үлгі-өнеге ету - әрбір қазақ баласының міндеті болуы керек.

.

Шәкәрім Құдайбердиев - қазақ әдебиетінің, ұлттық мәдениетіміз бен руханиятымыздың көрнекті өкілі, ұлы ойшыл. Ол қазақ поэзиясын, прозасын байытуымен қатар, философия мен дін, жалпы рухани танымның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ақын шығармалары түрлі тақырыпты қамтиды. Оның өлеңдерінде көп қамтылатын тақырыптың бірі – оқу-білім, тәлім-тәрбие. Шәкірімнің өмір жолы мен ұстанған бағыты ұлы ұстазы Абайдың жолымен үндес болды. Шәкірім өз кезіндегі қазақ қоғамының барлық кеселдерін көзімен көріп білді. Халқының надандығына, ілім-білімнен кенже қалғандығына налиды. Шәкірім ел басқару ісіне де араласты, Меккеге де барды. Оның өлеңдерінде адамды жоғары адамгершілік қасиеттерге баулитын шумақтар молынан кездеседі.

Ақын «Туған елім - надан ел» деп, қапалана отырып, өз мінін де ашық айтып, аяусыз сынайды:

Туған елім - надан жұрт,

Жуандық тағы бір қылқұрт.

Жетім ерке болып қырт,

Мансапқа мінген мен бір мас.

Осы айтылған төрт кесел,

Жасымда болды көзге шел.

Қырыққа келіп астым бел,

Деді бір ой көзіңді аш.

Өзінің көкірек көзі ашылып, өзгерген санамен жаңарып, оқу-білімнің соңына түседі. Шығыс тілдерін, орыс тілін емін-еркін меңгеруге бой ұрады.

«Ақылға сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз» деген Абай қағидасын берік ұстанған ақын діннің соқыр сенімін мансұқ етіп, дін иелерінің азғындығын әшкерелейді. Ол дінге де біржақты қарамай, таза дінге, ақылды, саналы дінге көңіл бөледі. Ғалым, ойшылдардың жазғандарына да талғаусыз табына бермей, өз ақылына жүгініп, сыншыл ой көзімен оқиды:

Адасып дінші азғанын,

Пәншілер ғылым қазғанын,

Философ ғалым жазғанын,

Сынауға енді бұрдым бас, -

деп жазады.

Шәкәрімнің философиялық ой жүйесінде материалистік бағыт басым болды деп санайды кейбір ғалымдар. Ол дүние жүзінің белгілі ақын-жазушыларының кітаптарын көп оқып, үлгі-өнеге алады. Орыс ақын-жазушыларын, әсіресе, Толстойды нағыз әділеттің, ақыл-ойдың иесі деп біледі.

Шәкәрімнің мейірім мен зорлық, әділет пен зұлымдық, ғылым мен мораль, адам мен заман туралы толғаныстары екі ғасыр шегіндегі қазақ қоғамдық ойының марқайған қалпын білдіреді. Бұл кезде қазақ әдебиеті дін шырмауы, ескілік көлеңкесі, ел ішіндегі кертартпа құбылыстар сияқты аса мәнді, бірақ кезеңдік тақырыптарды меңгеріп, бүкіл адамзаттық мәселелерге ден қойған болатын. Ондай мәселелердің ішінде қазақ қоғамын ағарту, санасын жетілдіру, алдыңғы қатарлы елдердің қатарына шақыру маңызды болатын. Бұл бағытта Шәкәрім өзінің бар күш-жігерін жұмсады.

Орыс әдебиетінің адамзаттың даму тарихына үлкен үлес қосқан ойшыл ақын-жазушыларын көп оқып, өзінің тарихи, философиялық, эстетикалық тұжырымдамаларына пайдаланды, қазақ жастарын білім-ғылымға, мәдениетке үндегенде үнемі үлгі ретінде ұсынды:

Үйренсе ғылым менен сан ілімін,

Білер еді-ау білімнің не берерін.

Танысса ақын, ойшыл адамменен,

Табар еді-ау адалдық, ой керегін.


Білсе егер Салтыков, Толстойын,

Сезсе олардың айтылған терең ойын.

Гоголь менен Пушкиндерден ғибрат алса,

Қазақтың бөлер еді-ау нұрға бойын.


Лермонтов, Некрасовтай ақындарын,

Өнеге етсе солардың мақұлдарын.

Өзімшіл, надандықтан көзі ашылып,

Аңғарар адал жолға жақындарын.

«...Өмір бойы бір рет жалған сөйлей білмеген ақын «не істеуіміз керек?» дегенді түсіндіру үшін көбінесе «не істеуім керек?» деген сұраққа жауап береді. Ол жырларымен жақсылық пен жамандықтың тегін танытты, сұлулықтың, әділдіктің не нәрселермен, қандай құбылыстармен жарасқанда көрік табатын тектерін көрсетті. Бақыттылық не, бақытсыздық не? Бақыттылықтан неге бақытсыздық туады? Осының бәрін ол өмірінің мысалдарымен баяндады. Адам өміріне араласар, адам өміріне сан түрлі қозғау салар неше алуан себептер бар екенін де біз Шәкәрім өмірі арқылы көрдік. Ол бізді жырымен жалған жарықтарға алданбауға, болмашыны, бұлдыр мен сылдырды малданбауға оқытты» (Ә.Тәжібаев, Ш.Сәтбаева) [4,19].

Абай айтқан бес дұшпан мен бес асыл істі Шәкәрім де айтады:

Ынсап, рахым,ар,ұят, сабыр, сақтық,

Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.

Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан;

немесе:

Өмірдің өкінбейтін бар айласы

...Мейірім, ынсап, әділет,адал еңбек,

Таза жүрек, тату дос-сол шарасы.

...Бұл төртеуін кім қылса, шын адал – сол,-

деп ой қорытады.

Ақынның үлгі-өнегеге толы қара сөздері мен поэмалары да бар. Ол шығармаларында да ақын қазаққа үлгі болар сөз айтады. Абай үлгісімен жазған қара сөздерінде де мол ғибрат бар. Белгілі алты әңгімесінде де Абай сияқты өлеңдерінде айтқан өсиеттерін мысалмен, белгілі оқиғалармен түсіндіреді.Бірінші әңгімесі «Асархидон-Лаэли» деп аталады,онда Асархидон патшаның әрекеті арқылы өзімшілдік пен зұлымдық туралы айта келе «барша жан иесіне шын жаның ашып, шын махаббат ет» дейді. Ал екінші әңгімесі «Пан-жи-зан-ханда» әділ қақанның жалғыз өзі елді жөнге сала алмағанын айтады.

«Ұждан» әңгімесінде әр адам күнде өз ісіне өзі есеп берсе,дүниеде ынсапсыздар болмас еді деген пікірге келеді, «тегінде, ұждансыз жан өлікке есеп» дейді. «Үш сауал» әңгімесінде«адамның мойнындағы шын міндеті-біреуге жәрдем ету» дейді. Шәкәрім «Бәйшешек бақшасында» қаріп-қасірлерге көмектес десе, құс бағушы туралы шығармасында әр нәрсе шын қадірін білгенге қадірлі деген ой айтып, қадірін білмес наданның бұлбұлдан қарғаны артық көрген әрекетін сынға алады.

Құжаж патша туралы әңгімесін автор «...насихатты құр ғана қуыс құлақпен тыңдаса, құмға сіңген сумен бір есеп болып, жалғыз тал жасыл шөп шықпайды» деп аяқтайды.Ләйлі-Мәжнүн туралы әңгімесін «...нашардың мұңын,жуанның зұлымдығын қанша айтсақ та өз басына түспеген соң, ұғушы аз» деп аяқтаса, басқа бір әңгімесінде («Өзімшілдік») өзімшілдікті сынайды. Енді бірінде, «Кейде күлкілі сөзден де тәлім алуға болады» деген шығармасында , «орнына жұмсалмаған еңбек - зұлымдыққа жұмсалған

ақыл отқа түскен көбелекпен тең» дейді. «Адамда екі түрлі мақсұт бар» деп басталатын ғибрат сөзінде Абай үлгісі анық аңғарылады, мұнда ақын адамның жақсы-жаман болмағы өзіне, нені әдет еткеніне байланысты екенін ашып айтады.

Еңбексіз жиған малдың опа бермейтіні туралы қайыршы адам туралы әңгімесінде сөз етеді де:

Көрінгенге келмесең,

Көз ұшында кетерсің.

Орындыға бермесең,

Өкініп, зарлап өтерсің!-

деп, шығармасын ханның сөзімен аяқтайды.

Сонымен қорыта айтқанда, Шәкәрім шығармашылығы-тұнып тұрған нақыл мен философия.Онда автор замана адамының мінез-құлқын терең ашып көрсетеді. Осы жағымсыз қылықтары бүкіл елдің артта қалуының себепшісі екенін баса көрсетеді. Бәрінің себепшісі –надандық.Ақын философиялық ой-толғамдарында «Адамда екі түрлі мақсұт бар, оның бірін тән мақсұты,бірін жан мақсұты дейміз.Қара басының қамын ойлап, өзімшілдік,мақтан көксейтін-тән мақсұты.Адамшылық, ар мен адал еңбек іздейтін-жан мақсұты.Бастапқыны көксейтін адамзұлымдық қиянатпен болса дамал,мансап,мақтан табуға құмар болады.Соңғыны көксеген адамның адал еңбек,ақ ниеттен басқа іздейтіні жоқ, ол адам баласын ала көруді,қиянат қылуды тіпті ұнатпайды:адам жас күнінде тәжірибесіз балалықпенсәкекүл сәнді киімге, кеңесшіл қызығып, соған құмар болады. Қиянат қылып әдеттенгендердің қоя алмайтыны да,адамшылық арды бұзбауға құмарланғандардың адал еңбек,ақ ниеттің жолында құрбан болатындардың да әдет алып кеткендіктен болады. ...Адам бірінен-бірі көріп тәлім алады» дейді.Сонда адам бір-біріне қарап өссе, өткеніміздің құнды дүниесінен ажырап қалған бүгінгі ұрпақты ар-намыс,ождан,адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты міндеті.Олай болса, қай шығармасын алсақ та адами құндылықты сөз етіп,кейінгіге өсиет айтатын Шәкәрім шығармалары -біздің басты құралымыз болмақ керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Шәкәрімтану мәселелері. Семей-Новосибирск. Талер-Пресс. 2006,

440 б.

  1. Шәкәрім шығармалары. Алматы «Жазушы» баспасы ,1988 ж.

  2. Бес арыс. Алматы. Жалын, 1992. 544 б.

  3. Шәкәрім. Шығармалары. Алматы. Жазушы, 560 б.

  4. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы «Мектеп» баспасы,1987ж.

  5. С.Қалиев XV-XIX ғасырлар ақын-жырауларының поэзиясындағы

педагогикалық ой-пікірлер. Алматы «Рауан» баспасы, 1990 ж.

7.Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шығармалары. Құрастырған Х.Сүйіншәлиев

Алматы. «Рауан» баспасы, 1990 ж.

8.Сәтбаева Ш.Қ. Шәкәрім Құдайбердиев. Алматы, 1990 ж.

9.Шәһкәрім I-III том. Жидебай, 2008 ж.

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее