«Зима 2025»

Шәкәрім мен Нарманбет – тар жол тайғақ кешу жолдары

Шәкәрім мен Нарманбет – тар жол тайғақ кешу жолдары ұқсас, ақындық кредолары мен азаматтық позициялары бір болған қазақ әдебиетіндегі кесек құбылыс.

Ең алдымен, екі ақын да ұлы кемеңгер Абайдың ақындық мектебінің ардагер шәкірттері барша әдебиет сүйер қауымға аян. Нарманбет Орманбетұлы Мұхтар Әуезов өлшем берген “Абайдың нағыз толық мағынасындағы шәкірті” болмаса да Абай өлеңдері мен қара сөздерін басшылыққа алып, өнері мен өміріне ұстаз тұтқан.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Шәкәрім мен Нарманбет – тар жол тайғақ кешу жолдары

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ әдебиетіне өзіндік өрнек пен өрелі ой қосып, ұлт ояну идеясын шығармаларына тақырып етіп, ел ертеңі үшін шарқ ұрған алаш арыстарының бірі – Нарманбет Орманбетұлы.

Ауыз әдебиетінің бай мұрасымен сусындап, Абайдың өлең ғибратын бойына жинаған Нарманбет шығармалары толықтай жиналып, зерттеліп, өз бағасын алып, өз биігінен танылып болған жоқ. Нарманбет туындылары сол заманның объективті шындығын, сол қоғамнаң болмысы мен бітімі. “Жаңа ғасыр басындағы әдебиетте әдебиетте есімдері берік қалыптасқан Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхаметжан Сералин, Сәбит Дөнентаев, Бернияз Күлеев, ара кідік аталып жүрген Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қарашев,Нарманбет Орманбетов, жарты ғасыр араға салып оралған бес алып творчестволары сабақтастыра, салыстыра байланыстырыла зерттелгенде ғана іс нәтиже бермек.” [10.12]

Ақын шығармашылығының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен стиль ерекшелігін анықтап тану үшін Абайдың ақын шәкірті Шәкәрім мұраларымен салыстыра, сабақтастыра қарастырмақпыз.

Шәкәрім мен Нарманбет – тар жол тайғақ кешу жолдары ұқсас, ақындық кредолары мен азаматтық позициялары бір болған қазақ әдебиетіндегі кесек құбылыс.

Ең алдымен, екі ақын да ұлы кемеңгер Абайдың ақындық мектебінің ардагер шәкірттері барша әдебиет сүйер қауымға аян. Нарманбет Орманбетұлы Мұхтар Әуезов өлшем берген “Абайдың нағыз толық мағынасындағы шәкірті” болмаса да [11.244] Абай өлеңдері мен қара сөздерін басшылыққа алып, өнері мен өміріне ұстаз тұтқан. Ұлы ақын оған тікелей тақырып беріп, өлеңін сынап – түзеп, жазу жолына, ақындық кемелдікке жетуге, кесте мен келісімді жарастыруды ұдайы дерлік үйретіп отырмаса да шығармаларына мән беріп, ұстаздық бейіл беріп, тіпті өлең кемшілігіне емшілік те жасап, творчестволық кемелденуге жол көрсетіп отырған.

Кейбір ел аузынан жеткен дерек көздері бойынша ұлы суреткер ақын Абай мен Нарманбет Қарқаралыда кездесіпті деген сөз де бар. [12.256] Ұлы ұстаз Шәкәрімнің “Кәрілік” өлеңінде кешірімсіз қатты сын жасаса, Нарманбеттің “Ақыл бір алтынға ұқсас доп – домалақ” өлеңіне ұстаздық түзеу енгізіп, өлең табиғатына көркем образдылық береді. Саралай айтсақ, Нарманбет нұсқасындағы:

Нәпсі – жел, көңіл - өзен, толқын ұрған,

Ми – патша, ақыл – дария кеңес құрған

Тауфиксіз ақыл мақұл болмайды екен,

Ақылды ақымаққа емес құрбан, -

деп келктін осы бір шумақты – Абай былайша қайта құрайды:

Сөз - самал, өлең – дария толқын ұрған,

Ми – патша, ақыл – дария кеңес құрған

Ғылымсыз ақыл мақұл болмайды екен

Білмесен құр суретсін бекер тұрған.

Шумақтың шынайылығы мен шымырлығына шырай кіргізіп, аз өзгеріспен үлкен өрнекті кесте беріп қана қоймаған, сонымен бірге өлеңнің идеялық мәні мен дүниетанымдық мазмұнына түбегейлі өзгеріс берген. “ Патша – Естен ізгі хабар жеткізуші елші – жолаушы – қонақ ретіндегі Сөз (ТІЛ, ОЙ) [13.6] болы келетін түркілік ес таным ғылымына тұжырымдама жасаған. Аңқыр естің көрінісі самал сөз екенін, ой жаршысы тіл екендігін танытады. “Бұл ұстаздың шәкіртіне нем құрайды қарамағандығын аңғартса керек”[14.144]

Міне, Шәкәрім мен Нарманбеттің әуелгі сабақтастығы Абайдай ұлы ақынның өнегесін алып, түзеуін көріп, ақындық мектебінің тағылымын алғандығында, ақындық мектебінің айтулы шәкірттері болғандығында. Жоғарыда аталған осы бір өлең шумағын жазушы әрі Нарманбет шығармашылығының зерттелуіне өзіндік үлес қосып жүрген Әмен Әзиев өзгеріске ұшыраған түрін келтірді. Нарманбет “Ақыл бір алтынға ұқсас доп- домалақ” өлеңінде көңілді өзенге балап, символ қылып келтіруіндегі басты мән – көңіл табиғатының өзендей толқын ұра, теңіздей тебіреніске түсетіндей үміт пен мұңының ауыспалы әткеншек тербелісін танытқандығында. Ал, “толқын қуған өзен” көңіл суретін ашпаса керек-ті. Әуелгі нұсқа шумақтағы “тауфиқсыз”сөзі мен “қанағатсыз” сөзі мәндес болғанмен, қанағатсыз сөзі буын саны жағынан артық келіп, үшінші тармақтағы бунақ санын асырып, өлең оралымын бұзып тұр. Әрі Нарманбеттің стиліне кітаби ақындар тілі тән. Нарманбет шығармаларының ел аузынан жиналуы кезінде осындай бір өлеңнің әр түрлі өзгерісті түрмен жиі кездесетінін айта кетудің артығы жоқ.

Рухани үндестік тапқан қос ақынның және бір сабақтастығы шығарма табиғатының ішкі үйлесімі мен тақырыптық бірлігінде болса керек. Ел басына төнген ауыр күн мен замана зобаландары екі ақын шығармаларына ортақ өзек, дертті күй болып енген.

“Халықтың мұңын мұңдап, алдын болжап, бұқаралық сана сезімді жөнге бастау ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне Абай тағылымы дарытқан өзекті қасиет. Қоғамдық ортадағы қауырт өзгерістер бірінші орыс революциясы, орталықта бұралқы тобырғ айналған шаруаларды қаптата, қазақ даласына айдаған обыр – озбыр столыпиндік саясат көздің жасы мен жүректің қаны намысты оятып, жігерді жанған 16 жыл - осының бәрі бұл кезеңдегі көркем ойдың толайым мазмұны Нарманбет ақынныңда қадам қайраты нақ осы шеңбердегі өміршең мәселелерді ағартушы -демократтық тұрғыдан қозғауға жұмсалған.” [14:..]

Патшалық Ресейдің отаршылдық пиғылына ашынған ақын ойы ендігі езгіні ертеңінің есесіне қалдырмс үшін, жырымен жұрт намысын жанып, ұлт ояну идеясын барша өлеңінде байрақ қылып көтереді.

Сахараға қарасақ,

Жайылды қойдай халайық,

Бейқамына қарасақ,

Қасқыр жеуге лайық.

Көңіл сезді көп көріп,

Айтпй қайтіп шыдайық!

Балаларды оқытып,

Көңіліне өнер тоқытып,

Талап қылп сынайық.

Қаршыға аңдып қоянды,

О да шошып оянды,

Талап етер күн туды,

Кел, ұйқыдан тұрайық!, -

деп 1905 жылғы ел жайын, отаршылдық қаупі мен ағартушылық шақыруын көрнекі түрде жырлап бере келе ұлт ұйқышылдығы мен бұйғылығын серпуге шақырады. Шәкәрімде де елдің ұйқыдағы халі мен заман сұмдығы шығармаларына доминантты тақырып етіп алған. Шәкәрім:

Көретін көзі жоқ,

Ұғатын сөзі жоқ.

Қазақтың бұл күнде,

Аты бар, өзі жоқ.

Түзелер кезі жоқ,

Түзетер тезі жоқ.

Жер жүзі халқының,

Қазақтан езі жоқ. [15.170]

-деп сол кездегі ел бейқамдығынан шошынады, түңілді. Зар заман ақындарындай ел ертеңіне күңірене қарайды. Нарманбет пен Шәкәрімге дейін сонау Бұқардан бастау алып, Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әубәкірлердің шығармаларындағы зарлы сарын, зар заманның мотиві болған әлеуметтік себеп неде, кер замана сыры не? Ол себеп – сол зар заман шындығында, ел, әлеумет тірлігі.

Қазақ даласының отарлануы жасыл жайлау, ата қоныстан айырылып, арқа ауып кетуі, шынжыр балақ, шұбар төс ел билеушілерінің алауыз әрекеті, патша шенеуніктерінің онсызда қазаққа бүйрегі бұрмайтын патша заңын әділетсіз бұрмалап, ел арасындағы күйді одан әрі ушықтырып, жемқорлық пен залымдыққа жол беруінде. Міне осындай қилы кезеңде “ұлы реалист ақындар халық өмрінің осындай шындығын ашып, әшкерелеп айта отырып, одан құтылудың жолын айта алмай, қайғырған, күйінген.” [16.68]

Аталмыш зар заман сарыны екі ақын шығармаларында да барынша үлкен орын алған. Нарманбет пен Шәкәрімнің өнердегі пір тұтқан пайғамбары – Абай. Ұстаз үлгісін дәріптеу, рухани қағба ету екі ақынның да шығармаларында ерекше көрінісі береді. Нарманбет:

Ғауастай дариядан тердім меруерт,

Беруге қадірлеске қылып ем серт.

Меруертті су моншақ деп алмайды адам,

Қадірін қайдан білсін көбі надан.

“Өзімді алма, сөзімді ал” деген Абай,

Алмаса да сөз жазды талай-талай.

Ағат болса ғафуын өтінемін,

“Сен соның інісі едің” деме пәлі-ай,-

деп “меруерт сөзін” ел түсінбегендігіне бір қынжылса, “ақын ағ алдында інілік борышын өтей алам ба?” деп және бір қобалжи толқиды. Ал, Шәкәрім “Жастарға” деген өлеңінде:

“Жүз айтқан мен өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға ,жүр баралық! [14.31]

- деп қазақ елін Абай өнеріне, Абай биігіне шақырады. Екі ақынның тағы бір сабақтастығы орыс, шығыс, батыс Европа әдебиетімен жетік танысып, сондағы әдебиет жаңалықтарын өз творчестволарында ұтымды қолдануында. Шәкәрім Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой туралы жылы өлең жолдарын өрнектеді, орыс ғылымдарының еңбектерін мұқият оқып, өзінің тарихи, философиялық – эстетикалық пікр – тұжырымдарына пайдаланады. Қазақ жастарын білім –ғылымға, мәдениетке үндегенде үнемі үлгі ретінде ұсынады.” [14.16] “Таңбаймын шәкіртімін Толстойдың” деп ағынан жарылады, үйренер, ұмтыар асқарды нұсқайды. Нарманбет те өз бетімен ізденіп орыс әдебиетімен сусындап, білім кеңейткен ақын жазушыларын өздігімен ізденіп таныған. Ел қамқоры болған Пушкин, Лермонтовтардың ақындық жолын өзіне сабақ еткен.

Пушкин менен Лермонтов,

Біздей ақын емес пе?

Ақын болған адамдар,

Жұрттың қамын жемес пе?!-

деп өзінің ақындық ұстанымын Пушкиндермен егіз екендігін паш етеді.

Нарманбет өлеңдері ұлт ояту идеясын көтерген ұраншылдығымен ғана емес, дидактикалық пәлсапалығымен де құнды.

Қылтиған жазғытұры бір жауқазын,

Өмірдің қайдан білсін көбін, азын

Жетем деп бәйтерекке бас тартады,

Аз күнге арқаланып күннің жазын.

Арманда сол жауқазын аз тұрғанға,

Құмға неге шықтым деп саз тұрғанда,

Алды – артын адамзат та абайламас,

Алданып аз ғана күн қаз тұрғанға.

Қурайды сол жауқазым аз күн тұрып,

Сол кезде кім қарайды мойнын бұрып.

Көкті қу, отты көл ғып өшіре сап,

Сұм жалған алдап – арбап кеттің ұрып.[8.89]

- деп адам өмірін қысқа ғұмырлы жауқазынға теңеп пәлсапалық тұжырым жасайды...

Ақиқатында, Нарманбеттің лирикалық өлеңдері аз десек қателеспейміз. Жастық желеңмен жазлған махаббат тақырыбындағы бірқатар өлеңдері оның көркемдік, әсемдік деңгейін анықтауға өзінше үлес қосады. Атап айтсақ, “Бір- екі хат”, “Көкала үйрек”, “Ғазал”,т.б.ұ Бұл сипаттағы өлеңдерінде я болмаса әркімді бір өткір сөздің жебесімен сойып тастаған эпиграмма түріндегі өлеңдерінде ақынның өлең сөзге жүйріктігін, нәзік сезім иесі екендігін, әрі ұрымтал түстен дөп тигізетін аса бір тапқыр жан екендігін мойындаймыз [31.161].

Ауыз әдебиетнің бай мұрасымен сусындап, Абайдың өлең ғибратын бойына жинаған Нарманбет шығармалары толықтай жиналып, зерттеліп, өз бағасын алып, өз биігінен танылып болған жоқ. Нарманбет туындылары сол заманның объективті шындығын, сол қоғамның болмысы мен бітімі. Абайдың ақын шәкірті ретінде танылған Нарманбет поэзиясы өзінің көркемдік –тақырыптық аяларында Абай дәстүрін берік ұстанады.

Осындай шығармашылық ерекшеліктерімен танылатын Нарманбет Орманбетовтың әдеби мұрасы қазақ әдебиетінің қазынасын толықтыратын, қазақ сөз өнерін байыта түсетін асыл мұралардың бірі болып табылады, олай болса, Нарманбет Орманбетұлы қазақ әдебиеті тарихынан лайықты орын алатын тұлға.


























Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Нарманбет Орманбетұлы. Шығармалары. Қарағанды: Болашақ.1998

  2. Абай” энциклопедия Алматы 1995 ж.

  3. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы. 1986.

  4. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы “Мектеп” 1973 ж.

  5. Алдажаров Н. Тобықты тарихы. “Жұлдыз” журналы. 1996 – 8.

  6. Ақылдың кені. Алматы “Қазақстан” 1991 ж.

  7. Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар Алматы “Ғылым” 1986 ж.

  8. Әуезов М: Абай ақындығының айналасы. “Әдебиет майданы” 1934 №11, 12.

  9. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Алматы “Қазақ университеті” 1992 ж.

  10. Әбдіғазиев Б. Нарманбет ақын. “Егемен Қазақстан” 1990 29 шілде.

  11. Әбдіғазиев Б.Жақсылар істі түзеттер. “Егемен Қазақстан” 191 27 шілде.

  12. Әбікенов М. Нарманбет жөнінде аздаған ой – толғау “Үш анық” 1993 ж.

  13. Әдеби мұра және оны зерттеу. Алматы 1961 ж.

  14. Әдебиет пен өнер мәселесі бойынша 30- 40 жылдар басында қабылданған қаулыларды зерттеу жөніндегі Қазақстан компартиясы Орталық Комитеті қорытындысы. “Социолистік Қазақстан” 1989 9- желтоқсан.

  15. Байтұрсынов А. Жоқтау Алматы “Байтұрсынов атындағы қор” 1993 ж.

  16. Бекенұлы Е. Ұлт қозғалысы және ұлтшылдық әдебиет Қызылорда. 1935 ж.

  17. Майтанов Б. “Абай жолы айшықтары” Шымкент “Қасиет” 1995 ж.

  18. Кенжебаев Б. Қазақ тарихының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары “Қазмембас” 1958 ж.

  19. Ергөбеков Қ. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы “Білім” 1994 ж.

  20. Қалиев С. Ұлы билердің ұстазы. Абай журналы 1996 №4.

  21. Қабдолов З. Сөз өнері Алматы 1989 ж.

  22. Қазақ ССР энциклопедиясы Алматы 1961

  23. Қазақ ССР тарихы Алматы “Ғылым” 1982 3- том.

  24. Қазақ әдебиетінің тарихы Алматы “Ғылым” 1965 2- том, 2- кітап

  25. Мұқанов С: Абайдың шәкірттері туралы “Әдебиет және искусство” 1951 ж.

  26. Мұхаметқанов Қ. Нарманбет ақын Абай журналы. 1997.

  27. Әуезов М. Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі. “Шолпан” журналы, 1922 ж.№ 1,2 сандары.

  28. Сағымбекұлы Р. “Қайта жанған жұлдыз”, “Қарқаралы” журналы, 1992 жыл, №1 33 – бет.

  29. Қаза КСР Ғылым академиясының Орталық кітапханасы, “Нарамнбет папкасы”, 293 бет.

  30. Нарманбеттің қолтаңбасы” Жезқазған облыстық “Сарыарқа” газеті. 1990 жыл, №178

31.Бабашов А. Нарманбет ақын және “зар заман” ағымы. Қаз МУ

хабаршысы. Филология сериясы. №41.)















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее