«Осень 2024»

Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Қоректенуі, тыныс алуы, спора арқылы көбейуі. Көп жасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар.

Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Қоректенуі, тыныс алуы, спора арқылы көбейуі. Көп жасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар.

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

59 сабақ



Тексерілді: ДОІЖО_________





Мерзімі:27.04.2016

Пәні: Биология


Пән мұғалімі: Шайхымбекова Г.М

Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Қоректенуі, тыныс алуы, спора арқылы көбейуі. Көп жасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар.

Сабақтың мақсаты:

Саңырауқұлақтардың ағзасының ерекшеліктері, жасуша құрылысы, тіршілігі мен қоректенуі, көбейуі туралы білу.

- Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдері, соның ішіндегі диалог, ассоциация, кер і байланыс әдістері, сыни тұрғыдан ойлау модульдерін пайдалана отырып, негізгі идеясын түсіну.

- Тақырыптың негізгі түйіндерін меңгеріп оқыту арқылы білім деңгейлерін анықтай отырып, оқу үшін жиынтық бағамен бағалау.

-Ұлғайтқыш шынының көмегімен түбіртегін қалпақшасынан бөліп қарастыру дағдысы қалыптасады, биологиялық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері

Күтілетін нәтиже:

- Топтаса алады, пікір айта алады, пікірлесе алады, ойлау қабілеттері артады, саңырауқұлақтардың ағзасының ерекшеліктері, жасуша құрылысы, тіршілігі мен қоректенуі, көбейуі туралы білу.

- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалануы арқылы өздерін - өздері реттеп, білімді меңгереді, АКТ - ны пайдалана отырып, мұғалімнің көшбасшылығы мен оқушылардың дарындылығын анықтау.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интер белсенді тақта, плакаттар,ЭО, фото суреттер, таратпа материалдар, видео басылымдар т.б

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

1. Ұйымдастыру кезеңі ( 2 мин)





Ұйымдастыру кезеңі

(4 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

  • Сабаққа дайындығын тексеру.

  • Оқушыға психологиялық ахуал туғызу.

  • Оқушыларды галустуктардың өздеріне ұнаған түсіне қарай топтарға бөлу.Түстерге (қызыл, жасыл, сары, көк) байланысты психологиялық болжамдармен таныстыру.






Сәлемдесу.

Өздеріне ұнаған галустук түстеріне қарай 4 топқа бөлінеді.

Топ ережелерімен танысады.

2. Үй тапсырмасы (8мин)



Сұраққа- жауап беру арқылы киындыларды құрау.

1. Шіріту бактериялары - ғаламшарымыздың тазалаушысы аталу себебі не? (өсімдік қалдықтары мен жануар өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. Топырақта қарашіріктің түзілуіне себепші болады.)

2. 1г. Қара топырақта қанша бактерия болады? ( 5 - 6 млрд.)

3. Түйнек бактериялары қандай өсімдіктермен селбесіп тіршілік етеді? (жоңышқа, беде, асбұршақ, сиыржоңышқа, соят. б. )

4. Бактериялардың халық шаруашылығында қандай маңызы бар? (сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлеме дайындау т. б.)

5. Сапрофитті бактериялар деп қандай бактерияларды атауға болады?

6. Спирулина цианобактериясы арнайы қандай жерлерде өсіріледі?(су қоймаларында)

7. Паразит бактериялар қандай бактериялар?

8.Бактериялар қандай аурулар туғызады?


3. Жаңа сабақты меңгеру ( 15-мин)

Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі.

Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.

Түрлері бойынша жейтін саңырауқұлақтар және жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.

Видео көрсетілім «Саңырауқұлақтар дүниесі»


4.Топқа тапсырма ( 5мин)


«Оқы- талқыла түсіндір»

Оқушыға жаңа тақырып бойынша тақырыптар бөлініп беріледі және оны суреттер арқылы түсіндіреді, талқылайды, топтасып жұмыс жасайды.

1-топ

Саңырауқұлақ ағзасының ерекшелігі

2-топ

Саңырауқұлақтардың көбеюі

3-топ

Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар

4-топ

Саңырауқұлақтардың өсімдіктермен селбесуі





Топтар ақылдасқан түрде, суретпен жаңа тақырыпты байланыстырады, тақырыптарын қорғайды.

Бейнебаян (2 мин)


«Саңырауқұлақтардың пайдасы»

Оқушыларға саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасы туралы мағұлмат беру, талдау, жинақтау, өз ойларымен бөлісу


Оқушылар бейнебаянды тамашалау арқылы саңырауқұлақтардың пайдасымен танысады.

5. Зерттеу жұмысы (10 мин)


32 Зертханалық жұмыс

Түтікшелі және қатпарлы қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысы.

Мақсаты: Саңырауқұлақтың жемісті денесінің құрылысымен танысу; қалпақшалы саңырауқұлақтардың түтікшелі және қатпарлы болып бөлінуін анықтау.

Қолданылатын құрал жабдықтар: Ұлғайтқыш әйнек, саңырауқұлақтар (ақ және қозықұйрық), суреттер.

  • Зерттеу барысы: Саңырауқұлақтардың жемісі денесінің құрылысымен танысу.

  • Өзіңнің көргеніңді суретпен салыстыр.

  • Қорытынды жаса


Жұмыс барысы талданып, нәтижесі мен қорытындысын жұмыс дәптерге орындайды.

Сабақты бекіту (3 мин)

«Сөз тізбегі» әдісі бойынша, тақырып арасында кездесетін, жаңа сөздердің мағынасын білу, түсіну, түртіп алу.

Микология

Спорангий

Конидия

Хитин

Гликоген

Микориза

Мицелий

Симбиоз



Оқушылар жаңа термин сөздермен танысады, мағынасын ашады, дәптерге жазып алады.

Үйге тапсырма (1-мин)

§58-60 Оқу, мазмұндау135,136,138 суреттерді дәптерге салу. Саңырауқұлақтардың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау (2-мин)

Формативті бағалау. Топтар ақылдасқан түрде әр кезеңде бағдаршам түстеріне байланысты бірін-бірі бағалауы. Топ басшысы әділ түрде өз топарының бағаларын жазып отырады, сабақ соңында есептеп, мұғалімге өткізеді.




Топтардың бірін-бірі ақылдасқан түрде бағалайды.

Рефлексия ( 3-мин)


«Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша бүгінгі жеткен жетістік баспалдағына өзін

орналастырады.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее