Сабақтың тақырыбы: Сан есім, оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Отаным – алтын бесігім» тақырыбы бойынша сөздерді меңгертіп, оларды сөйлесуде қолдана білуге үйрету. Мәтіннің мазмұнын сауатты айтуға дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жазба және ауызша тіл байлықтарын дамыту, тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай алу және сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алуға үйрету.
Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге жетелеу.
Ынталандыру: болашақта оқушылар алған білімдерін тәжірибе барысында жүзеге асырулары қажет.
Сабақта қолданылатын әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, бекіту.
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, ойын тәсілдері, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, сандықша, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері
Мұғалім алдымен бүгінгі сабақтың тақырыбына оқушылардың назарын аударады. Сабақ тақырыбына байланысты тіл дамыту, оқушы қызығушылығын ояту мақсатында 1-тапсырма бойынша ой қозғау сұрақтарын береді.
Сан есім дегеніміз не?
Сан есімнің қандай түрлерін білесіңдер?
Мысал келтір.
ІІІ Жаңа сабақ
Сан есім – заттың саның, ретін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу? нешеден? қаншадан?
Сан есімнің ерекшелігі:
1. Үнемі зат есімдердің алдынан келіп, түрленбейді. Мысалы: жүз елу қой, алты оқушы т.б.
2. Тек өздеріне ғана тән грамматикалық көрсеткіштері бар. Олар: - ншы, - ыншы, - нші, - інші, - ау, - еу, - ер т.б. жұрнақтары. Мысалы: бес+інші, алты+ншы т.б.
3. Басқа сөз таптарынан сан есім жасалмайды.
Сан есімнің семантикалық жіктемесі
Тұлғасына қарай:
Негізгі – тек түбірден ғана жасалады. Мысалы: екі, төрт, елу, алпыс, тоқсан, жүз т.б.
Туынды – түбірге жұрнақ қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір+інші, алты+ншы, тоғыз+дан т.б.
Құрамына қарай:
Дара – бір ғана түбірден тұрады. Негізгі немесе туынды. Мысалы: бес, мың, алтау, оныншы т.б.
Күрделі – кемінде екі сөзден тұрады. Мысалы: он бес, алпыс жеті, үштен-үш, екіден бір, онға жуық т.б.
Мағынасына қарай:
Түрі | Ережесі, сұрақтары
| Жасалу жолы
| Емлесі
| Мысалдар
| |
1. Есептік
| Заттың нақты санын білдіреді. Қанша? Неше? | Түбір сан есімнің өзінен жасалады.
| Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. | бес, он, үш, бір мың қырық жеті т.б. | |
2. Реттік
| Заттың реттік қатарын білдіреді. Нешінші? Қаншасыншы? | Сан есімге -ыншы, -інші, -ншы, -нші – жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
| Араб цифрымен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойылады. Рим цифры болса – дефис қойылмайды. Күн, жыл аттарымен тіркескен реттік сан есімнен кейін дефис қойылмайды. | Бір+інші, алты+ншы, тоғыз+ыншы 11-сынып, 2-пәтер, ХХ ғасыр, I том т.б. | |
3.Жинақтық
| Заттың жинақталған санын білдіреді. Нешеу? | Бірден жетіге дейін есептік сан есімдерге –ау – еу – жұрнақтары жалғану арқылы жасалады(1-7) | Екі, алты, жеті сандарына –ау-еу- жұрнағы жалған – ғанда, түбір соңын- дағы –ы-і дыбыс- тары түсіп қалады.
| Бір= бір+еу, екі = ек+еу, үш =үш+еу, төрт= төрт+еу, бес= бес+еу, алты =алт+ау, жеті =жет+еу | |
4.Болжалдық
| Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжамдап көрсетеді. Қанша? Неше? Қай шамалы? Қаншадан? Қаншадай? | 1. -даған, -деген, -таған, -теген, -лаған, -леген, -лап, -леп, -дап, -деп, -тап,- теп, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалады. 2. көптік жалғау + септік жалғау арқылы. 3. сан есім және –шамалы, -шақты, -жуық, -астам, -таман сөздерінің тіркесуі арқылы. 4. қосарлану арқылы жасалады.
| 1.мың+даған, екі+леп, жеті+дей 2.үш+тер+де, алты+лар+да 3. он шақты, беске таман, бірге жақын 4.бір-екі, үш- үштен, алты- жетідей т.б. | ||
5. Топтау
| Заттың санын топтап көрсетеді. Нешеден? Қаншадан? | 1.Есептік с.е.+шығыс септік жалғауы арқылы. 2.Жинақт. с.е.+ шығ. септік жалғауы арқылы. | Қосарланып айтылған сан есімдер дефис арқылы жазылады.
| Алты+дан, он екі+ден, 10-10-нан, 15-15-тен т.б. | |
6. Бөлшектік
| Заттың бөлшектік санын білдіреді. Қанша? Неше? | 1. Есептік с.е.+шығыс с.жалғауы+тәуелдік ж. 2. Есептік с.е.+ілік с.жалғ.+есепт.с.е.+тәуел.ж. 3. –жарым-жарты-бүтін-ширек сөздері арқылы жасалады. Бөлшектік сан есімдердің құрамындағы сандар бөлек жазылады. | 2/5- бес+тен екі+сі, 3/8 – сегіз+ден үш+і, 8,0 – сегіз бүтін нөл, екі жарым, бес жарты т.б. |
Сан есімнің сөйлемдегі синтаксистік қызметі
Анықтауыш: сөйлемде негізінен анықтауыш болады. Мысалы: Мараттың жеті (неше?) ағасы бар.
Баяндауыш: сан есім сөйлем соңында жіктеліп немесе заттанып келіп, баяндауыш болады. Мысалы: Мен жиырмадамын. (нешедемін?)
Толықтауыш: сан есім заттанып келіп, атау мен ілік септіктен басқа септікте тұрып, толықтауыш бола алады. Мысалы: Екеуіне (кімге?) айтты. Білекті бірді (қаншаны?) жығады.
Бастауыш: заттанған сан есім атау септігінде тұрып, бастауыш бола алады. Бастауыштың қызметін есептік, жинақтық, бөлшектік сан есімдер атқарады. Мысалы: Қырық (не?) – қасиетті сан.
Пысықтауыш: сан есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің мөлшерін білдіріп, пысықтауыш болады.Топтау сан есімнің –лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп жұрнақтарының бірімен келгені пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Мектепке үш рет (неше рет?) келді. Екеулеп (нешеулеп? Қалай?) оқыды.
ІV Үй тапсырмасы. Ережелерді оқып, жаттау.
V Рефлексия. Сыныпқа рефлексиялық-танымдық тапсырмалар беріліп, талданып, оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтып, ой қорытады.
VІ Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.