«Осень 2024»

Сахараның сұлу кербезі

Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді.Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

84 негізгі мектеп






Бағыты: Жаратылыстану-биология



Секциясы: Биология



Тақырыбы: «Табиғатта жойылып бара жатқан, Сахараның сұлу

кербезі-киік жануарының әлемін қорғау,киіктің түр, тұқым

құрамын зерттеу .



Жоба авторы: Алмасбекұлы Әділжан

7-сынып



Жетекшісі: Әтеева Анар













Шиелі

2014ж


Оқушы жайлы мәлімет


Тегі: Алмасбекұлы

Аты: Әділжан

Сыныбы: 7

Мекен-жайы: Шиелі ауданы

Қосүйеңкі елді мекені





Сүйікті пәні: Биология,информатика


Білетін тілдері: Қазақ,орыс, ағылшын.


Мектебі: №84 негізгі мектебі


Жетекшісі: Әтеева Анар


Отбасы құрамы: 5 адам


Хобби: Спортпен айналысу


Кім болғым келеді: журналист


Әкесі: Қалдыбек Алмасбек


Анасы: Нұрлыбаева Ботагөз


Өмірлік ұстанымы: Қиналмай еңбек етсең шыдап егер,
Тікенде гүлге айналып шыға келер.

















Аннотация


№84 негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Алмасбекұлы Әділжанның


«Табиғаттағы жойылып бара жатқан Сахараның сұлу кербезі - киік жануарының әлемін


қорғау,киіктіңтүр,тұқым құрамын зерттеу»атты ғылыми баяндамасы.Тұрмысынан аз


жаратылған ,кейбір себептермен саны сиреген ,тіпті жойылып біткен,құрып бара жатқан


киіктің түрлерін,санын, тұқымын сақтау жолында жұмыс істеу керектігі айқын болып


табылады. Сахараның сұлу кербезі – киіктің бүгінгі күйі кімді болса да күйзелтпей


қоймас.


Әрбір халық аң – құсты, табиғатты өзінің ұлттық болмысына, рухына сәйкес танып,


түсінеді, соған орай олардың әрқайсына өзіндік бағасын береді. Біздің елімізде де солай.


Отанымыздағы өзге ұлттардан гөрі қазақтар киікті керемет жақсы көріп, оны киелі жануар


санаған.Сондықтан бүгінгі ұрпақ табиғаттағы тіршілік иелерінің түрін,тұқымын сақтап


қала отырып, түрлердің қазіргі мәселелерін зерттеп ,қорғап ұйымдастыру жұмыстарын


басты міндет етуі тиіс.Табиғатты қорғаудың зерттеудегі мақсаты: Қазақ халқы жалпы


туған табиғатты қорғау оны аялай білген халық екендігін бабаларымыздың өнегесін үлгі


ете отырып,бүгінгі ұрпаққа жан-жануарларды қорғау, сақтау мақсатында,туған жеріне


деген патриоттық сезімді ояту болып табылады.






















Алмасбекұлы Әділжанның «Табиғатта жойылып бара жатқан, Сахараның сұлу кербезі-киік жануарының әлемін қорғау,киіктің түр,тұқым құрамын зерттеу»атты ғылыми баяндамасы.






Пікір


Бұл баяндама табиғаттағы жойылып бара жатқан,Сахараның сұлу кербезін қорғауға


арналған шараларға негізделіп жазылған еңбек.


Қазақ киікті дәріптеп: «киелі жануар , «қасиетті аң» деп бағалайды, ыңғайлы, әдемі


заттарды «киіктің асығындай екен» деп, сұлу жанды «киіктің құралайындай әсем екен»


деп суреттейді. Және де көпке араласпай, жеке жүретін, саяқ өмір сүретін жандарды «кісі


киік» деп атайды. Біздің ана тілімізде «киіктің ойнағы, киіктің жатағы, киіктің суаты»


деген бірқатар сөз тіркестерін пайдалана отырып ізденіс жұмыстарын жүргізгендігі айқын


байқалады.Зерттеу жұмыстарында қаралған мәселелерге байланысты жануарлар туралы


мағлұматтарды орынды пайдаланған.Жұмысын оқи отырып оқушының ғылыми


ізденіске,жаңалыққа жаны құмар екенін аңғаруға болады.Жалпы Алмасбекұлы


Әділжанның жұмысының деңгейі жоғары,баяндамашының қойған мақсаты толық

орындалған.


Бұл еңбек заман талабына сай жазылған және «өте жоғары» деп баға қоюға болады деп есептеймін.


Жетекші : Әтеева А. №84 негізгі мектебінің химия,биология пәнінің мұғалімі














Мақсаты:
Киік – сахараның кербез жануары жайлы мағұлмат беру. Ақбөкендердің басына қаншама қиын заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. , Қазіргі сақталған киіктердің үш тобы бар. Олардың ең ірісі және сан жағынан басымы – Бетпақдала-Арыс тобы. Бұл ақбөкендердің мекені –Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарының елсіз жазықтары. Киіктердің селдіреген табындарын қалмақ даласынан көруге болатындығын,оларды өзге өңірлерге айдау сияқты шараларды жүзеге асыру ісімен танысу.

Міндеті:

 1.Киік жануары жайлы негізгі түсінік беру

2. Қазақстанда азайып бара жатқан бөкендер санын анықтау

3. Сахараның сұлу кербезі жайлы жыраулардың теңеулерімен әңгімелері оның

емдік қасиеттері.

4.Киіктің жауы — екі аяқты тасжүректілерден қорғау;

Өзектілігі:   Киік — даланың киесі, Сахараның сұлу кербезі . Киіктің  киелі  жануар екенің тереңірек  білу

Күтілетін нәтиже:

1.Қазақтар киік деп атайтын, ақбөкен деп жазатын түз тағысы – шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Ауа – райына, жайылымының жағдайына байланысты қоныстарын кейде ауыстырып отырады.Киік Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануар. 1921 жылы Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. Алайда 1957-1958жылдары бөкеннің саны 2млн-ға жеткенде кәсіптік аулауға рұқсат берілген болатын .Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді.


2.Қаптаған киік құмалағының өзі Бетпақтың топырағына сіңіп, тұрақты тыңайтқыш қызметін атқарады. Елімізде 200 мың теңге тұратын бұл жарықтықтың мүйізі құрсақтағы баладан, қаусаған қартқа дейін ем. Көбіне дәстүрлі қытай және тибет медицинасында кәдеге асады. Адам ағзасын жасартып, қуатын арттырады. Бедеуліктен құтқаратын жер бетіндегі жалғыз дәрі осының мүйізі. Ағзаға, іш-құрылысына, бас ауруларының кез келгеніне дауа ем.


  3.Қазақ киікті дәріптеп: «киелі жануар , «қасиетті аң» деп бағалайды, ыңғайлы, әдемі заттарды «киіктің асығындай екен» деп, сұлу жанды «киіктің құралайындай әсем екен» деп суреттейді. Және де көпке араласпай, жеке жүретін, саяқ өмір сүретін жандарды «кісі киік» деп атайды. Біздің ана тілімізде «киіктің ойнағы, киіктің жатағы, киіктің суаты» деген бірқатар сөз тіркестері бар. «Құралайдың салқыны деп аталатыны тәрізді, оны атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенімде бар.Сондықтан болар, киікті киелі жануар деп есептейді     













Кіріспе

Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына

жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.




Ғылыми топтастыруы


Дүниесі:

Жануарлар


Жамағаты:

Хордалылар


Табы:

Сүтқоректілер


Сабы:

Жұптұяқтылар


Тұқымдасы:

Қуысмүйізділер


Кіші тұқымдасы:

Antilopinae


Тегі:

Saiga


Түрі:

S. tatarica














ІІ.1.Негізгі бөлім


Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді.

Ақбөкендердің табындары жүздеген, мыңдаған бастан тұрады. Әдетте табынды текелері емес, ұрғашы киік бастап жүреді. Текелері күйек науқаны біткеннен кейін табынға көп қосыла бермейді, әсіресе киіктер бұзаулайтын кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен жүреді. Ақбөкендер күйекке түсер алдында, қазан, қараша айларына қарай қоң жинап, жұмырланады. Бұл кезде текелердің кеңсірігі дөңестеніп, әукесі салбырап, сақалы төмен түседі. Ұрықтандыруға көп уақыт жұмсалмайды, әрбір теке бір-екі күннің ішінде 40-50 киікке дейін шабады. Соңғы кездерде ақбөкенді мүйізін алу үшін браконьерлер көп қырып жіберді де, текелердің саны күрт азайды. Ұрғашы киіктердің саны текелерден бірнеше есе басым болғандықтан, күйек кезінде кейбір шамасына қарамайтын, тәжірибесіз жас текелер әлсіреп, зорығып өледі немесе түлкі, қарсақ сияқты кішігірім жыртқыштарға жем болады. Күйек біткеннен кейін, ауа райы қатты суытып кетпей, жайылымға қолайлы болып тұрса, қаңтардың аяғы, ақпанның басына қарай қайта қоң жинап, әлденіп алады.

Ұрғашы киіктер текелерге қарағанда майды көп жинай алмайды. Күйек кезінде орташа ғана семіреді де, төлдер алдында 4,5 келідей іш май жинайды. Бірақ лақтарын емізген кезде тез арықтайды. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз.


Енесі алғашқы сағаттарда лақтарын емізген соң, біршама қашықтыққа ұзап, алыстан бақылап жүреді. Егер жыртқыштар пайда болып, қауіп төне қалса, лақтарының маңынан аулаққа қашып, ол жерден алып кетуге тырысады. Табиғаттың барлық заңдылықтарын іште жатып үйренген құралайлар енесі қасында жоқ кезде ешқандай тіршілік нышанын сездірмей, жыбырламай жатады. Лақтардың қоңыр бұйра терісі топырақтың түсімен бірдей болып көрінеді, екі-үш метр жерден қарасаңыз, жатқан бір төмпешіктер екен деп қаласыз. Мыңдаған жылдар бойы дала жыртқыштарынан, адамдардан қашып жүріп, жан сақтауға әбден бейімделген киіктердің тағы бір ерекшелігіешқашан жетім қалған лақтарын далаға тастамайды. Далада келе жатқан кез келген киік жолынан маңырап шыққан құралайды кездестіре қалса, жанына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің лағы екі-үш күннің ішінде отығып кетеді. Алғашында ол көзіне түскен шөпті қармайды, бір аптадан соң ғана шөптің дәмін алып, таңдап жеуге көшеді. Жас туған киіктер лақтарын он-он бес күндей суат басына апармайды, оларды алысқа тастап, тек өздері ғана келеді. Бұл уақытта құралай тек енесінің сүтін ішеді, бір-бір жарым аптадан соң табынмен суатқа келіп, алғаш судың дәмін татады.

Көктем шыға, солтүстікке қарай жылжитын қалың табын жылдың бұл мезгілінде суаттарды көп іздей бермейді. Олар жаңа өнген шөптің нәрімен, таңғы түскен шықпен сусындайды. Жауынды күндері апталап су ішпей жүре береді. Киіктер Аралдың, Балқаштың тұзды суларын іше береді. Қыстың қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Әдетте табынды суат басына ұрғашы киік бастап келеді. Алдымен жан-жағына осқырана қарап, біраз уақыт айналаны бақылайды. Қалғандары «команда» болмай суға беттемейді, алдымен бастап келген киік су ішеді, содан кейін қалғандары азан-қазан маңырап келіп, суға бас қояды. Текелері суатқа ең соңынан келеді. Ақбөкен 1 минутта суды 12 рет жұтады екен және суды ұзақ сораптап ішпейді, 1,5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта зымырайды.

Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Көктемгі айларда киіктер ақселеу мен құрақты қорек етеді. Жаз айларындағы аптаптарда жапырақты шөптер қурап кетеді де, жануарлар жусан, қырықбуын, шиді оттайды. Қыс кездерінде киіктер қарын жел үрлеп кеткен жоталардың жонынан азық тауып жейді. Ауыл маңайындағы маялап үйілген құрғақ шөпті олар жей алмайды, өйткені танаулары кедергі жасайды. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған, сондықтан елді мекендерге жақындап баратын болса, тек қар астындағы күздік бидайды тебіндеп азықтану үшін барады.

Киіктердің басқа жануарларға ұқсамайтын тағы да бір ерекше қасиеті бар . Ұрғашы киіктер дүниеге әкелетін лақтарының еркек немесе ұрғашы болып тууын өздері реттейтін көрінеді. Егер араларында текелері азайып, ұрықтандырып үлгермей жатса, сол жылы табында кілең еркек лақтар қоздайды. Киіктер осылайша өз өсімін өздері бақылап отырады екен. Ақбөкендердің табыны жыл сайын лақтармен толықтырылып отырады. Осы кезде туған шібіштер (ұрғашы лақ) алты айдан кейін күйлеп, текеге шыға береді. Енді алты айдан кейін бұл шібіштер табынға қос-қостан лақ әкеледі. Ал еркек лақтардың жөні басқа, олар жетіліп, текелік жасау үшін 19 ай уақыт керек, өзімен бірге туған шібіштер бір рет лақтағаннан кейін, келесі жылдың күйегіне ғана араласады. Мүйізі емге дәру киіктің адамзатына бергісіз асыл қасиеті – қанша қуғын-сүргін кешсе де, құралайлары тастанды, жетім қалмайды. Қашқылықты-қуғылықты жүр­се де. Енесіз қалған бірінің лағын екіншісі емізіп, ертіп кете береді. Бүгінгі тасбауырлардай туа салып, тастанды қылмайды ұрпағын. Аң екеш аңнан мейірімі аспаған адамзатқа не шара? Осы бір дала жануарын біреулер киік дейді, біреулер бөкен деп те атайды . Екеуі де дұрыс. Қазақ киік деп жазда ақ бөкен деп қыста атаған екен .Қыста сарғыш жүндері қалыңдап аққа айналады екен,сол себепті ақбөкен деген болар…
Киіктің төлін Құралай еп атайды. Қазақтар киік төлдейтін кезеңді құралай деп атаған.Құралай жауын-шашынды болады. Себебі, киіктер төлдегенде төлдің сыртындағы жабысқақ қабыршықты жаламайды екен. Яғни, табиғат-ана жауынын бермесе киік төлінің шаранасын жарып шығуы екі талай.

 



Сахараның сұлу кербезі – киіктің бүгінгі күйі кімді болса да күйзелтпей қоймас. Бір кездері қазақ даласында сан мыңдап өріп жүрген киікті атып, мүйізін сыртқа сатып, пайда табуды кәсіпке айналдырды. Сөйте-сөйте бір кездегі сансыз киіктен бүгінде санаулы ғана қалды. Киік мүйізіне деген сұраныстың артуы, Қытай елінде мүйіз бағасының қымбат болуы сахара сұлуына сор болып жармасты.







Қазіргі уақытта киіктер қауіп төнген жануарлар қатарында. 1996 жылы оны Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының Қызыл кітабына енгізіп,үлкен дәрежеде қауіп төнген түр деп белгіленді. XX ғасырдың соңында Кеңес Одағының ыдырауы кезіндегі экономикалық жағдай киік етіне және мүйізіне сұранысты арттырып, нәтижесінде киік саны күрт төмендеді. Киік саны он жыл ішінде(1992 - 2003) 50 есе кеміген, 1 млн киіктен тек қана 20 мыңнан астам дана қалған. 2004 жылдан бастап киікті қорғауға және сақтауға арналған шаралардың арқасында оның саны өсіп келеді, бүгінгі күні ол 130 мыңды құрайды Ресми деректер бойынша 1960 жылдары елімізде киіктердің (ақбөкендердің) саны 1 миллион 300 мыңнан асыпты. Алайда мүйізі мен тұяғы үшін қырып – жоюдың, 1988 жылы Торғай өңірінде 500 мың киіктің қырылып қалуының салдарынан 2003 жылы еліміздегі киіктердің саны күрт азайып, олардың 21 мыңдайы ғана сақталып қалды.. Ғалымдардың пікірінше, киіктің жойылуы қазақ даласының тозуына, топырақ қыртысының құнарсыздануына әсер етеді. Мыңдаған киік жүріп өтсе, топырақ қопсып, өсімдіктер тұқымы шашылып, жер жаңарып отырады. Сондай-ақ, қаптаған киік құмалағының өзі Бетпақтың топырағына сіңіп, тұрақты тыңайтқыш қызметін атқарады. Елімізде 200 мың теңге тұратын бұл жарықтықтың мүйізі құрсақтағы баладан, қаусаған қартқа дейін ем. Көбіне дәстүрлі қытай және тибет медицинасында кәдеге асады. Адам ағзасын жасартып, қуатын арттырады. Бедеуліктен құтқаратын жер бетіндегі жалғыз дәрі осының мүйізі. Ағза, іш-құрылыс, бас ауруларының кез келгеніне дауа. Тибет медицинасының дәрі-дәрумен өндірісіне жылына 8 тонна мүйіз керек екен. Қазір киіктің Қазақстанда ғана қалғанын ескерсек, жазықсыз жануарларды жекелеген топтардың қалай қырып жатқанын бағамдай беріңіз

Тағдырымен де, тірлігімен де бұ­рынғы қазаққа ұқсас бірден-бір жануар – киік. «Мүйіз үшін киік ату – сахара сұлуының табиғи өсіміне тежеу болып отыр», – дейді мамандар. Мүйізі үшін текелерді жаппай қыру ене киіктердің қысыр қалуына әкеліп соқтыруда, нәтижесінде табиғи өсім азайып, жыл санап киік саны кеміп келеді. Күннің райына қарай кең да­лада көшіп жүреді. Яғни, екеуі де еркіндік пен азаттықты сүйеді. Жетімін тұл қалдырмаған тіршілігінде. Тіпті, ке­зінде олар да жұтпен бірге жұтаған. Атылды. Айдалды. Аз ғанасы жетті бү­гінге. Кейін заманына қарай қазақ жа­сандылыққа барды. Жез киіктей жез қамзол киген қыздары құрсағынан түс­кен құралайынан жеріді оқта-текте. Бө­кен болса, баяғы бәз қалпында.





Қоршаған ортамыз Табиғатты оның өсімдігімен жануарларын қорғау біздің борышымыз,сондықтан барлығымыз қазақ даласының киелі де сиреп кеткен тіршілік иелерін бірлесе қорғауға баршаңызды шақырамын баршаңызды.

Қорытынды:

Ғалымдардың пікірінше, киіктің жойылуы қазақ даласының тозуына, топырақ қыртысының құнарсыздануына әсер етеді. Мыңдаған киік жүріп өтсе, топырақ қопсып, өсімдіктер тұқымы шашылып, жер жаңарып отырады. Сондай-ақ, қаптаған киік құмалағының өзі Бетпақтың топырағына сіңіп, тұрақты тыңайтқыш қызметін атқарады. Елімізде 200 мың теңге тұратын бұл жарықтықтың мүйізі құрсақтағы баладан, қаусаған қартқа дейін ем. Көбіне дәстүрлі қытай және тибет медицинасында кәдеге асады. Адам ағзасын жасартып, қуатын арттырады. Бедеуліктен құтқаратын жер бетіндегі жалғыз дәрі осының мүйізі. Ағза, іш-құрылыс, бас ауруларының кез келгеніне дауа. Тибет медицинасының дәрі-дәрумен өндірісіне жылына 8 тонна мүйіз керек екен. Қазір киіктің Қазақстанда ғана қалғанын ескерсек, жазықсыз жануарларды жекелеген топтардың қалай қырып жатқанын бағамдай беріңіз. Ендігі уа­қытта оны елдігімізді көрсетіп, сақтап, көбейту ғана тиесілі бізге. Мамандардың есебінше, Қазақстан тәуелсіздік алғалы елдегі миллионға жуық бөкендерден тек 30 мың бас қалған. Табиғатта аязды қыстарда және эпидемия кезінде бөкендердің 100 мыңдап қырылып қалатын оқиғаларын еске түсірсек, онда олардың жуық арада мүлде жойылып кету қаупі тұрғандығын байқаймыз, дейді табиғат қорғаушылар.Сол себепті табиғатымыздағы киелі аңдарымызды қорғауға тиістіміз






Тағдырымен де, тірлігімен де бұ­рынғы қазаққа ұқсас бірден-бір жануар – киік. «Мүйіз үшін киік ату – сахара сұлуының табиғи өсіміне тежеу болып отыр», – дейді мамандар. Мүйізі үшін текелерді жаппай қыру ене киіктердің қысыр қалуына әкеліп соқтыруда, нәтижесінде табиғи өсім азайып, жыл санап киік саны кеміп келеді. Күннің райына қарай кең да­лада көшіп жүреді. Яғни, екеуі де еркіндік пен азаттықты сүйеді. Жетімін тұл қалдырмаған тіршілігінде. Тіпті, ке­зінде олар да жұтпен бірге жұтаған. Атылды. Айдалды. Аз ғанасы жетті бү­гінге. Кейін заманына қарай қазақ жа­сандылыққа барды. Жез киіктей жез қамзол киген қыздары құрсағынан түс­кен құралайынан жеріді оқта-текте. Бө­кен болса, баяғы бәз қалпында.






 



Ендігі уа­қытта оны елдігімізді көрсетіп, сақтап, көбейту ғана тиесілі бізге. Қазақ даласындағы киіктердің бәрі арнайы қорық қызметкерлерінің бақылауында ұсталуы шарт. Жер-су халық қазынасына тиесілі болғандықтан, мұндағы жан-жануарды да көбейтіп, ел игілігіне жаратса біздің еліміз –Қазақстан жеріміз табиғатының жерімен суының көркіне тағы бір үлес қосар еді дегім келеді.Сондықтан сіз болып біз болып табиғаттың жануарларымен басқада тіршілік иелерін бірге қорғайық!












































































































Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

84 негізгі мектеп






Бағыты: Жаратылыстану-биология



Секциясы: Биология



Тақырыбы: «Табиғатта жойылып бара жатқан, Сахараның сұлу

кербезі-киік жануарының әлемін қорғау,киіктің түр, тұқым

құрамын зерттеу .



Жоба авторы: Алмасбекұлы Әділжан

6-сынып



Жетекшісі: Әтеева Анар













Шиелі

2014ж
















Киіктің мұңы


Дертімді менің қозғама
Онсыз да ғұмыр аз ғана,
Айталмай кеткен сырың бар
Жадырап тұрған жазға да.

Адасып жүрген ақбөкен!
Қай жаққа ауып барасың
Қай жақтан пана табасың
Өзегі өксік дүние-ай

Өртеніп, күйіп - жанасың!
Асарсың шаршап сан қырдан,
Ақ боран шығар алдыңнан
Қорғансыз болып тұрған соң

Жақсылық күтпе тағдырдан.
Шексіз ғой мынау қара жер,
Өзіңді өзің пана көр
Ажалдан қашқан тіршілік,

Сағымдай заулап аға бер.



Құралайдың жаңбыры


Әркімнің де бар өзінше зар-мұңы
Жан табылса айтқаныңды ұғатын
Маған қызық киіктердің тағдыры
Құралайын жаңбырменен жуатын

Киік туса, Алла төгер көк аспаннан жауынын
Сол суменен жуад олар төлдерін
Жазалапты Нұх пайғамбар қауымын
Құран айтты суға кетіп өлгенін

Нәрестені малып алып суына аққан кранның
Табиғаттан алыстаттық тамырын
Тасбауыр боп, қалада өскен ұланның
Түсінуге шамасы жоқ бабалардың қадірін

Қызығамын тағдырына киіктің
Себебі олар көк суымен жуынған
Біздер үшін киік-ғұмыр биік тім
Құралайдың жаңбырында туылған



№84 негізгі мектебінің 6-сынып оқушысы: Байтіков Дәулет

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее