«Осень 2024»

Сабақтың тақырыбы: "Сан есім. Дара, күрделі сан есімдер." (6 сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Сан есім туралы түсінік беру, алған білімдерін қолдана білуге үйрету; Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу; Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.

Сабақтың түрі: білімді беру Сабақтың өту әдісі: кесте, түсіндіру, тапсырмалар беру, сұрақ-жауап, Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 23.11.2016 Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сан есім . Дара , күрделі сан есімдер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Сан есім туралы түсінік беру , алған білімдерін қолдана білуге үйрету;
Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.

Сабақтың түрі: білімді беру
Сабақтың өту әдісі: кесте , түсіндіру, тапсырмалар беру, сұрақ-жауап,
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар


І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына назар аудару.

3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ жауап:

1.Сын есім дегеніміз не?

2.Сын есімнің сұрақтарын ата? Мысал келтір

3.Сын есімнің белгілерін атау, мысал келтіру.

4.Сын есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

5.Сын есім құрамына қарай қалай бөлінеді?

6.Сын есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?


ІІІ.Жаңа тақырып: Сан есім . Дара , күрделі сан есімдер.

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп ,қанша?неше?нешеу? нешінші? Тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейді.

Құрамына қарай

Тұлғасына қарай

Дара сан есім

Күрделі сан есім

Негізгі сан есім

Туынды сан есім

Түбір сан есімнен тұратын негізгі және жұрнақ арқылы жасалған туынды сан есім дара сан есім деп аталады.

Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады.

Он,бес, жүз, тоғыз,т.б.

Алт (ы)-ау, жүз екі мың, сексен (сегіз он), он-оннан,т.б.

Он,үш,төрт,бес,мың,жүз, ондаған, сегізінші, жетеу,бір,жиырма,тоғыз,

Елу,алпыс, тоғызыншы, оныншы

Екі жүз, үш мың тоғыз жүз елу алты, оннан бір, үштен екі,үш-төрт,бір-бірден, бесе-алтау




Мағыналық түрлдері

Мысалы

Мағынасы

Есептік сан есім

Бір сағат өтті

Уақыт мөлшері.(Нақты санды білдіреді)

Реттік сан есім

Екінші үйде тұрады

Заттың реттік саны. (саналу ретін білдіреді. )

Жинақтық сан есім

Бесеу жолға шықты

Заттық ұғым. (жинақ санын білдіреді.)

Болжалдық сан есім

Жетпістей адам келді

Заттың (адамдардың) мөлшері. (Дәл емес, шамалап, мөлшерлеп,болжап көрсетеді)

Топтау сан есім

Бес –алтыдан бөлінді

Заттың топталуы. (Топтап көрсетеді.

Бөлшектік сан есім

Екінің бірі ән айтады.

Заттық ұғымды білдіреді. (Бөлшек ұғымын білдіреді)


ІV.Оқулықпен жұмыс.Төмендегі сандарды сөзбен жазып, оларды дара және күрделі түріне ажыратыңдар.

3

41

68

7

5-6

50-60

4

27

9

1000

50

70

20

1597

789

5

27

1

2

18


Дара сан есімдер

Күрделі сан есімдер

Үш ,жеті,төрт,тоғыз,мың, елу, жетпіс,бес,жиырма

Қырық бір ,алпыс сегіз,бес-алты, елу-алпыс,жиырма жеті,мың бес жүз тоқсан жеті ,жеті жүз сексен тоғыз,жиырма жеті, он бес мың екі жүз елу жеті,

126-жаттығу. Мәтінне сан есімдерді табыңдар да, оларды мағынасына қарай талдаңдар. Ауызша.

Үлгі: Үш –есептік сан есім ,екінші,үшінші-реттік сан есім,


127-жаттығу. Жұмбақтың шешуіне мән беріп (жүген, ауыздық, тізгін мен шылбыр) мәтіндегі сан есімдердің мағынасын анықтаңдар.

Бір,бес-септік сан есім,

Бірі -бөлшектік сан есім


V.Сабақты бекіту.

  1. Сан есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай? Мысал келтір?

  2. Дара және күрделі сан есім дегеніміз не? Мысал келтір?

  3. Сан есімдер құрамына қарай, тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

  4. Сан есімнің мағыналық түрлерін ата?

«Топтастыру»

Сан есім











VІ.Үйге тапсырма

128-жаттығу (Арман –ПВ)

109-жаттығу. (атамұра)



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее