Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 25.01.2017
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Өздік етіс
Сабақтың мақсаты:
Өздік етіс туралы түсінік беру;
Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаз, таблица
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,әдебиет,тарих
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ойдан бір сөзді септеу
Сұрақ-жауап:
1.Етіс дегеніміз не?
2.Етістер неше топқа бөлінеді? оларды ата
ІІІ.Жаңа тақырып. Өздік етіс
Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей , тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістің түрі өздік етіс деп аталады.
Өздік етістің жасалу жолдары:
-ын: жу-ын, тағ-ын, жасыр-ын,т.б.
-ін: ки-ін, көр-ін, сез-ін,т.б.
-н: (дауыстыдан кейін жалғанады) тара-н, қара-н, ора-н,т.б.
Іс-әрекетті, қимылды (объект) істеуші, орындаушы - өзі (субъект). Өзі жуынады, өзі киінеді. өзі таранады
ІV. Оқулықпен жұмыс.
225-жаттығу Өздік етістерді көшіріп жазып, қосымшаларын дефиспен бөліп көрсетіңдер.
сый-ын-а-ды , қасы-н-а-ды , тара-н-а-ды,ас-ын-а-ды, жасыр-ын-ба-с, тарт-ын-шақ, көр-ін-бе-й,
ки-ін-бе-й ,көр-ін-ді, түй-ін-дік , тара-н-дық , қара-н-дық,
226-жаттығу. Өздік етіс жұрнағын жалғап , сабақты етістікті салт етістікке айналдырыңдар.
көрінді, қырынды, сүртіндітаранды,киінді, шешінді, білінді, сәнденді
227-жаттығу . Өздік етістерді қатыстырып, сөйлем құрағдар
Көрінді, жуынды, таранды, суынды, ізденбеді, күйінді, қуанбады, қаранбады.
187-жаттығу. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар.
188-жаттығу. Көшіріп жазып, өздік етістің астын сызыңдар, қалай жасалғанын айтыңдар.
V.Сабақты бекіту
1.Етіс дегеніміз не? 2.Етістер неше түрге бөлінеді? Оларды ата?
2.Өздік етіс дегеніміз не?
3.Өздік етістің жасалу жолдары қандай? мысалдар келтір
VІ.Үйге жұмыс.
228-жаттығу . /189-жаттығу