«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: Отбасы жарастығы

Мақсаты: балаларғы отбасындағы жарастық туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құнды сезім екенінің мәнін түсіндіру

Міндеттері: – отбасы жарастығы, татулығы туралы

түсінік қалыптастыру;

– отбасында жағымды қарым-қатынас

жасау дағдыларын дамыту;

– өзара сыйластыққа, қамқорлыққа,

жауапкершілікке тәриелеу

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

«Су асты патшалығына саяхат»

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз;денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырып, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет.

Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді ары-бері жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты ғажап әлем. Сіз бірнарсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.

( Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады )

Ал қазір жоғарыға өз әлеміңізге кері қайтуға дайындалыңыз.Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты, сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфинның арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап әлемге апарған үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келеңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру :

Сарапшы таңдау:

Топтастыру:

Топ атауы

Мақал мәтел

Оқиғаны талдау

Шығармашылық жұмыс

Қорытынды

Ақиқат

Дұрыс әрекет

Ішкі тыныштық

Қиянат жасамау

Сүйіспеншілік

Дәйексөз.

«Жақсы бала ата-анасын мақтатар,

Жаман бала -ата-анасын қақсатар» Даналық сөз

1.Мақалды қалай түсінесіңдер?

2. «Жақсы бала » -деген қандай бала?

3. Сіздер әрқайсыларыңыз ата-аналарыңызға қамқор бола аласыздар ма?

Дәптермен жұмыс: Дәйексөзді жазып алу

Ескерту

Оқиғаларды әңгімелеу

«Әке мен бала»

  1. Бейнефильм сендерге ұнады ма?
  2. Баланың қай қылығы дұрыс, қай қылығы бұрыс?
  3. Сендер өз ата-аналарыңның айтқан ақыл кеңестерін ескересіңдер ме?
  4. Хурма деген жемісті білесіңдер ме.? Ондай болса осы хурма жемісі туралы бізге биология пәні мұғалімі Г.Омарова ақпараттық мәлімет беріп кетеді.

Анимациялық фильм

Биология пәні мұғалімі Г.Омарова

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс:

«Отбасы жарастығы» тақырыбында коллаж, фотосурет, апликация, сурет салу арқылы постер қорғау

Ватман, А4, маркерлер, түрлі-түсті карандаш.

Топпен ән айту

«Дос болайық бәріміз»

Сөзі Ф. Оңғарсынова Әні А. Асановтікі

Бейне клип

Үй тапсырмасы: Ата –анамен пікірлесе отырып, оқулықта берілген 19-20сабақ «Ата ақылы » әңгімесін оқып, пікір алмаса отырып, талдау.

Оқулық. 19-20сабақ

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Әуезді ән ырғағында сабақты қорыту, әр топқа сапалық баға беру, сабақ аяқталғанын мәлімдеу.

Әуезді музыкалық бейне ролик

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектеп

Педагог-психолог

Бахатжан Айкүміс

Үйден оқитын оқушыға және ата-анасына психологиляқ қолдау

«Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым, ата-ананың педагогикалық –психологиялық құзіреттілігі мен мұғалімнің білім деңгейі жоғары болуы керек»

П.Шуман.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір бағыт «педалогия», яғни, тура аударғанда «балалар туралы ғылым», «балатану» деген атқа ие болады. Қазіргі уақытта ғалымдардың көбісі педалогияны индивиттің сәби, жасөспірім, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады.

Жалпы ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі –балалардың оқып білім алуға, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға және т.б. деген көңіл-күй қатынасы. Ақыл-ой сезімі адамның кез келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй болып табылады. Ал, осындай ақыл-ой сезімі кейбір балаларда жетілмей артта қалып қойады. Оның себебі негізінен тұқымқуалаушылық, ортаның, экологияның әсері, отбасының әлеуметтік жағдайы, кейбір ата-аналардың педагогикалық –психологиялық құзіреттілігінің төмендігі.

Білім беру үдерісінде, мүмкіндігі шектеулі балалардың психолгиялық аспектісі – баланың ішкі дүниесіне, яғни, оның өзіне, өз күшіне деген сенімділігіне , өз қабілеттерін түсіне білуіне, қызығушылығы мен қоршаған дүниеге, қоғамдағы оқиғаларға, өмірге деген жағымды көзқарасының дамуына ықпал ету болып табылады.

Осы тұрғыдан, мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің негізгі бағыты – әлеуметтік бағыт. Ал, әлеумет – оның жақын аймақтық даму ортасы, яғни – ата-анасы. Ата-ананың баласына қатысты сезімдері өте маңызды болып келеді: бұл тайақтың екі ұшындай... ата-ананың педагогикалық-психологиялық құзіреті төмен және мейрімсіз болса, қалғанының бәрі жасанды және нәтижесіз болады.

Ата-ана баламен толыққанды, үйлесімді әрекет ету үшін бәрінен бұрын, баланы қабылдауға және соның нәтижесінде оның сыртқы келбетіне де, оның сыртқы талаптарына да, баладан келешекте күтетін арман үміттері мен, тіпті оның денсаулығындағы ахуалыннан да тәуелсіз, сөзсіз, риясыз махаббат қажет. Баланы риясыз қабылдау дегеніміз, ол, әрине баланы жақсы көру-демек оны сұлу, денсаулығы мықты болғаны үшін емес, оны бар болғаны үшін, болмысы үшін сүю.

«Риясыз махаббат – махаббатпен аталатын жалғыз ғана махаббаттың түрі»-деген екен бір данышпан. Ол тек қана ата-анаға берілетін махаббат. Ол қиындықтар мен келіспеушіліктерді жеңе білетін, туындаған жағдайда дұрыс шешім қабылдай білетін, қиын жолдан тайдырмайтын және адастырмайтын шамшырақтың жарығы тәріздес.

Махаббатқа деген қажеттілік, немесе бір-біріне керектігі –адам талаптарының негізгісі. Оны қанағаттандыру –баланың дұрыс дамуының қажетті шарты. Баланың туғаннан бастап тұлғалық қалыптасуына дейінгі жолы ата-ана махаббатына боялған жолдар іспеттес: ол барда, бала бойында өзінің қажет екендігіне және қорғанышта болуына күмәнданбайды, және ол толыққанды дамиды. Махаббатты білдіру, мақтау мен ынталандыру, мұқият көңіл бөлу- бұл риясыз қабылдау мен махаббатың белгілері балаға эмоциялық азық береді, оның денсаулығындағы ахуалды жеңуіне көмектеседі. Сондықтан педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы ұйымдастырылатын іс-шаралардың (үйден оқыту, коррекциялық - түзету жұмыстары) мақсаты:

  • Әлеуметтік және тұлғалар арасындағы үйлеспеушілік туындағанда кеңес беру негізінде көмек көрсету;

  • Ересектер мен балалардың ерекше феноменалдық қабілетін қалыптастыру және дамыту;

  • Адам өміріндегі бұқаралық және экологиялық және қауіпсіздік дағдыларын үйрету;

  • Есте сақтау мен елестетуді дамыту, дүниені визуалды және голографиялық дағдылар арқылы тануды үйретуді;

  • Медициналық, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес берудің рөлін күшейту.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық-психологиялық көмекті ұйымдастыру жұмыстары ата-ана, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагогтармен өзара тығыз байланыста болуы арқылы іске асады. Осы орайда педагог – психологтың рөлі – бағыт беруші және кеңес-нұсқау беруші болып табылады. Психологиялық кеңес берудің негізгі ұстанымдарына мыналар жатады:

  • Ізгілік, яғни, адам мүмкіндігіне үміттілігі;

  • Шынайылық – шынай мүмкіндікті және жағдайларды есепке алу;

  • Жүйелілік –адамды сау, дамушы субъект ретінде қарастыру;

  • Баламалық –кеңес беруге, тапсырысқа, кеңес алушының мүмкіндігіне және ұстанымына тәуелді кеңес беру кезіндегі мазмұнның тәсілдердің өзгеруі.

Ата-ана, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтардың өзара қарым-қатынас сапалары төмендегідей болуы міндетті.

  • Эмпатия немесе түсінісу-басқа адамның көзімен әлемді көруге күш салу;

  • Құрметтеу – адамның мәселені шешу қабілетіне сену;

  • Нақтылық немесе анық болу қабілеті- өз ойларын айтуда терең анықтылық орын алатын, басқа адаммен қарым-қатынас жасаудағы ептілік қасиеті;

  • Өзіңді тани білу және қабылдау, сондайақ басқа адамға көмек беруге даярлық;

  • Шынайлылық- қарым-қатынастарда шынайы болу қабілеті;

  • Конгурэнттілік-сөздік түрде айтылатын ойдың іспен сәйкес келуі;

  • Жауапкершілік- тапсырманы ешкімнің көмегінсіз, соңына қалдырмай дер кезінде орындау қабілеті.

Түзету- дамыту жұмыстарының әдістемелік қағидалары

Ғылымилық.

Ғылыми-ізденіс қызметінің нәтижесі. Ғылыми психологиясы – факторларды ғылымды рухани өндірістің ерекше түрінің әлеуметтік ұйымдасқан жүйесі деп ұғынуды негізге алып түсіндіреді, бұл өндірістің өнімдері эмпириалық тұрғыдан бақыланатын логикалық нысандарда шындық болмысты бейнелейді деп ұғынылады.

Ғылыми психологияның біртарауы ғылымның әлеуметтік психологиясы болып табылады; ол ресми мәртебесі бар, сондай-ақ, бейресми әртүрлі ұйымдар мен ұжымдардағы ғалымдардың қызметін, қарым-қатынастары мен тұлға аралық қатынастарды зерттейді.

Құзіреттілік.

Түзету –дамыту жұмыстарын жүргізетін педагог – оқытуды интеграциялау, оның мазмұнын біртұтас ретінде құрастыра білуі тиіс. Оны тұжырымдамалы методологиялық, психология-педагогикалық және құрылымдық психология деңгейінде пайдалана отырып, мақсат-міндеттерді «оң» нәтижеге жеткізуші.

Адалдық.

Адалдық –адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірін бейнелейтін моральдық қасиет. Ол шыншылдық, әділдік, принциптілік, алған міндеттемелерін жалған сөйлеп, жалтармаушылық, уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттерді қамтиды. А. - адам мінезіндегі таза ниет, бағалы да ізгі қасиет. Адамның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, адами мақсат-мүдені көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Адалдық- адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайтын қасиет.

Құпиялылық.

Жеке құпиялаларды сақтау, барлық түрдегі қызмет көрсету кезінде негізгі ереже болып табылады. Осылайша сұраныс тудырған адамдар өздерінің анағұрлым қауіпсіздігін сезінеді, өз проблемалары туралы айта алады.

Соңғы жылдары В.Кащенко және Л.С. Выготский емдік педагогиканың теориялық негізінде өз жұмыс жоспарларын айқындап алған педагог-психологтар өте көп. Емдік педагогиканың мақсаты- мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығы нығайып өсуі мен ақыл есінің дамуы, яғни психикалық жағынан мінез - құлқы, сөйлеуі, басқа да сезім мүшелерінің жан-жақты дамуына мүмкіншіліктер жасау, сондай - ақ ақыл-ойы тұрақталған балалардың арнайы коррекциялық жеке және топтық бағдарламалары мен әдіс-тәсілдерін жасау, олардың отбасы тәрбиесінің және психотерапия бағдарламалары арқылы іске асады.

Мектеп психологы арнайы топтағы балалармен түзету – дамыту жұмыстарын ұйымдастырып, өз деңгейінде тренинг сабақтарын, дидактикалық ойындар мен жаттығуларды жүйелі түрде жүргізу арқылы, алдына қойған мақсат міндеттерінің нәтижесі айқын көрсетіліп тұрады.

Аталған тақырыптық тренингтер - туындаған жағдаяттарды шеше отырып, өзінің, өзгенің іс-әрекетін «оң», «сол» талдай отырып, танымдық үрдістерінің дамуына, психологиялық құзіреттілігінің көтерілуіне, АТА-АНА+ СЫНЫПТАС+МҰҒАЛІМ алдындағы жауапкершілігінің артуына, жағымды тұлғалық қасиеттерімен, жалпы білім - біліктіліктерінің артуына ықпал етеді.

Бала тәрбие субъектісі ретінде біртіндеп қалыптасатын тұлға, ол өз түрткісі мен іс-қылығының әсері арқылы қоғамдық сананы, түсінікті, идеяларды саналы түрде таңдап, оны бойына сіңіреді. Біртіндеп даралық қасиетті, қажеттілікті, өмірлік ұстанымды, түрлі ықпалды, саналы қарым-қатынасты, өзара әрекеттесуді, талдауды үйренеді. Ал осындай тұлғалық қасиеттері қалыптасқан тұлға, өмірде өз орны айқын, туындаған қиындықтарға төтеп беретін, алдына қойған игі мақсат-міндеттеріне табандылық таныта отырып жететін, айналасындағы адамдарға «тіреу-сүйеу» болатын нағыз азамат болып қалыптасады.

Нәтижесінде, жүйелі және жоспарлы жүргізілген түзету жұмыстары оң нәтиже беретіні белгілі. Көбіне дидактикалық ойындар арқылы олардың ойлары мен қоса сөйлеу тілін дамытуға баса назар аударып, ұлттық педагогика мен әлемдік педагогика элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты даму мен табиғи үйлесімділігін сәйкестендіру - баланың «МЕН» бейнесінің ашылуына ықпал етеді.

Ал өзімізге белгілі Л.С.Выготский дамуында ауытқушылығ бар балаларды зерттей келе: « Адам бойындағы кемістігін сезініп, өзінің қоғамда алатын орнын белгілеуге ұмтылады. Бұл оның психикалық дамуындағы қозғаушы күшін жандандырып, бойындағы кемістіктерін мүмкіндігінше жетілдіруге ұмтылады»-деген пікір айтты.













































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее