Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі №
Күні: 01.03.18
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы : "Ризашылық пен алғыс"
Мақсаты:
Білімділік: -ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
Дамытушылық: үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
Тәрбиелік: -әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық
| Шаттық шеңберге тұрады. |
Ұйымдастыру – іздестіру
| Балалар,сендер «алғыс» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады. Бұл күні адамдар бір-біріне алғыстарын білдіреді.сендер де достарыңа ,туыстарыңа,ата-аналарыңа,ата-әжелеріңе өздерінің алғыстарыңды ризашылықпен жеткізуге болады.Осы күнге байланысты. Біздің елімізде әр түрлі шаралар жасалуда Біз бүгіннен бастап Алғыс айтуды үйренеміз.Бұл әлемде адам бойындағы ең жақсы қасиеттермен танысып,оны бойымызға жиямыз. Анаға – өмір сыйлағаны үшін, |
Рефлексивті – түзетушілік | Балалар,қалай ойлайсыңдар,бүгінгі күн ерекше деп айтамыз? Неге? Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар. |