«Осень 2024»

Реферат "windows - тың стандартты бағдармалары"

ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН "WINDOWS - ТЫҢ СТАНДАРТТЫ БАҒДАРМАЛАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНА РЕФЕРАТ

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

WINDOWS - ТЫҢ СТАНДАРТТЫ БАҒДАРМАЛАРЫ

Windows операциялық жүйесінде тұтынушы үшін көптеген мүмкіндіктер жарата алатын қосымшалар бар.Олар Бас менюдегі Программы бумасының  Стандартные ішкі бумасында орналасқан.

Ол қосымшаларды іске қосу үшін төмендегі командалар тізбегін орындаймыз:

Пуск = Программы = Стандартные = . . . . .

(көпнүкте орнына қажет қосымша таңдалады)

Бұл қосымшалардың Стандартные атты бумада орналасқанының да мәні бар.Ол дегеніміз – Windows операциялық жүйесі орнатылған кез келген компьютерден осы қосымшаларды таба аламыз, оларды қосымша орнату қажеті жоқ.

Windows қалыпталған бағдарламарына мыналар жатады:Блакнот,Word pad,мәтіндік өңдегіш,Paint сызбалық өңдегіш және басқада қосымшалар.Бұл бағдарламаларды іске қосу бірдей алгориттімменжүзеге асырылады.Бастау мәзірі бағдарлама-қалыпталған тізіммен өзіңізге қажетті бағдарламаны таңдаңыз.

Блокнот бағдарламасы қарапайым қужаттарды жасауға арналған күрделі емес мәтіндік өңдегіш. Көбінесе блокнот бағдарламасы шағын мәтіндерді теру txt бар мәтіндерді қарап шығу және өңдеу үшін қолданылады.Бірге көптеген пайдаланушылар олардың беттерін жасау үшін қарапайым аспап ретінде қолданып жүр.

Word pad мәтіндік өңдегіш көмегімен қарапайым мәтіндік қужаттармен қарай күрделі пішімді және суреттерды қужаттарды да әзірлеп өңдеуге болады.Алайда MS Word пен салыстырғанда бұл бағдарлама мәтін мен жұмыс істеу үшін мүмкіндіктері азырақ.

Paint сызбалық өңдегіш қарапайым сызбалық кескіндер суреттер жасауға арналған жұмыс үстелін өңдегіш пайдалануға немесе құжаттарға кірістіруге болады.Paint мәтіндік көмегімен түсірген фото-графиктерді қарап шығып өңдеу үшін де пайдаланады.

Күнтізбе - бұл жұмыс уақытын жоспарлауға мерзімдік жоспар жасауға, кездесулер мен телефон жоспар жасауға, кездесулер мен телефон соғу кестелерін құрстыруға арналған шағын программа. Нақты айтқанда, календарь күнделіктің компьютерлік варианты болып табылады. Программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобынан «Күнтізбе белгісін» таңдау қажет.

Калькулятор – программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі сынып оқушылары да кеңінен пайдаланатын компьютерлік клькулятор болып табылады.

Программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобында «Калькулятор» шарт-белгісін таңдау керек. Программа екі режимде жұмыс істейді:

  • Стандартты ( жады бар қарапайым калькулятор)

  • ғылыми(қиын да күрделі есертеулер жүргізуге арналғанн калькулятор) режимі болып табылады.



Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалык редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.

ПРОГРАММА ТЕРЕЗЕСІ



Редакторды іске қосу үшін (Windows З.х) "Реквизиттер" тобындағы Paintbrush белгісін таңдаңыздар.

Ал, Windows 98 жүйесінде Іске қосу= Программалар= Стандартты = Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның кұрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтер мен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элемснттер де бар.

Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар. кез келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшеленеді.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналаскан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны фондық деп атаймыз). Палитраның сол жак шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі - негізгі түсті, ал астыңғысы - фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түскс апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы - фондық түсті өзгертуге болады.

Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты, доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:

  • аэрозоль баллонының сиясының ені;

  • өшіргіш (ластик) ені;

  • бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені.



Жұмыс аумағы



Жұмыс аумағы - салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы (бөлігі). Егер де мөлшері жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терезе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады.Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Стандартные бумасында –

  1. Развлечения (Көңіл-күй көтеру) ішкі бумасында — Громкость, Звукозапись және Проигрыватель WindowsMedia қосымшалары бар. Ол қосымшалар көмегімен динамик дауысын реттеу, дыбыстарды жазу және компьютер жадында сақталған немесе түрлі дискілерде жазылған дыбыстық файлдарды тыңдап шығуымызға болады.

  2. Связь (Байланыс) ішкі бумасында – компьютераралық түрлі байланыстарды реттеу, Интернетпен байланыс құру, жергілікті желілер құру сияқты мәселелерді орындауымызға болады.

  3. Служебные (Қызмет көрсету) ішкі бумасындағы командалар көмегімен өз компьютерімізге қатысты түрлі амалдарды орындауымызға болады. Олардың ішінде – берілгендерді архивтеу, дискіні тазалау, форматтау, жүйені қалпына келтіру және т.б.

  4. Специальные возможности (Арнайы мүмкіндіктер) ішкі бумасында – Диспетчер служебных программ, Мастер специальных возможностей, Экранная клавиатура, Экранная лупа сияқты қосымшалар орналасқан.

  5. Адресная книга қосымшасы көмегімен біз Интернет желісінде көп қатынайтын немесе қажет болған жағдайда сақтап қою үшін ол адрестерді осы қосымшаға енгізіп қоямыз.

Барлық қосымшалардың негізгі қызметі: компьютер тұтынушысына қолайлықтар жасау, кездескен проблемаларды компьютердің анықтамалық бөлімі көмегімен және өз бетінше шешу мүмкіндіктерін жарату, операциялық жүйемен жұмыс істеуді үйрету, Интернетпен, қосалқы құрылғылармен жұмыс істеу ережелерін үйрету болып табылады.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее