«Үйшік» ертегі
Мақсаты:
1. Оқылған ертегілер мазмұнын тәрбиешінің көмегінсіз өз беттерімен жүйелі мәнерлі етіп, мазмұнын өзгертпей, әңгімелей білулерін, ертегінің неден басталып, неден аяқталатыны жайлы білімдерін бекіту.
2. Ертегі кейіпкерлерінің диолог сөздерін көңіл-күйіне сәйкес бет-құбылысымен жеткізе білу арқылы, сөйлеу дағдыларынын тиянақтыру.
3. Кейіпкерлердің мінез-құлқұн, іс-әрекетін, жағымды-жағымсыз жақтарын ажырата отырып, шыншылдыққа, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер:
Жүргізуші:
Қасқыр:
Тышқан:
Бақа:
Қоян:
Түлкі:
Аю:
Барысы:
Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Сай далада бір үйшік тұрады.
Бір күні кішкене тышқан жүгіріп келе жатып,
үйшікті көріп, тоқтап сұрады:
Тышқан: Ұйшік, үйшік, қай жан үйшікте тұрады?
Жүргізуші: Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кірді да
жайғасты.
Сол кезде бақылдауық бақа өтіп бара жатып:
Бақа: Ұйшік, үйшік, қай жан үйшікте тұрады?
Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын. Сен қай
жансың?
Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
Тышқан: Кір бірге тұрайық.
Жүргізуші: Бақа үйшікке кірді. Орманнаң қоян жүгіріп
шықты да сұрады:
Қоян: Ұйшік, үйшік, қай жан үйшікте тұрады?
Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын.
Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
Бәрі: Сен қай жансың?
Қоян: Мен жүгірмек қоянмын.
Бәрі: Кір бірге тұрайық.
Жүргізуші: Қоян үшікке кірді. Осы кезде далада жүрген
Түлкі үйшікті көрді:
Түлкі: Ұйшік, үйшік қай жан үйшікте тұрады?
Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын.
Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
Қоян: Мен жүгірмек қоянмын.
Бәрі: Сен қай жансың?
Түлкі: Мен тәтесі түлкімін.
Бәрі: Кір бірге тұрайық.
Жүргізуші: Олар бірге тұра берді . Бір кезде жортып қасқыр
келіп есік қақты.
Қасқыр: Ұйшік, үйшік қай жан үйшікте тұрады?
Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын.
Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
Қоян: Мен жүгірмек қоянмын.
Түлкі: Мен тәтесі түлкімін.
Бәрі: Сен қай жансың?
Қасқыр: Мен сұр бүйрек қасқырмын.
Бәрі: Кір бірге тұрайық.
Жүргізуші: Барлығы бірге тұра берді. Бал жинап жүріп аю
үйшікті көреді. Жақындап келіп сұрайды:
Аю: Ұйшік, үйшік қай жан үйшікте тұрады?
Бәрі: Біз көңілді аңдармыз, тату жандармыз, ал сен қай
жансың?
Аю: Мен маймақ аюмын.
Бәрі: Кір бірге тұрайық.
Жүргізуші: Барлық аңдар көңілді, тату өмір сүре бастады.
Осымен ертегіміз аяқталды. Сіздерге көп рахмет.