А лматы қаласы, Бостандық ауданы, ҚАУ жанындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.З.Карипова
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қазақ әдебиеті пәнінен 10-сыныпқа арналған сабақ жоспары
1-тапсырма. Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы деректерді оқы, есіңе сақта.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1857-1931)
Туған жері: қазіргі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы), Абай ауданы, Шыңғыстау бөктері.
Қызметі: әрі лирик, әрі эпик ақын, сазгер, әнші, прозашы, аудармашы, тарихшы, философ, ғалым-зерттеуші, мәдениет қайраткері, терең ойшыл.
Өмірінен деректер:
Шәкәрім – Абайдың немере інісі, өйткені әкесі Құдайберді – Абайдың ағасы. | |
7 жасында әкеден жетім қалды және осы жаста өлең жаза бастаған. | |
1878 | 20 жасында өз елінде Ысқақтың орнына бір сайлау болыс болады. |
1881 | Болыстықты Абайдың ақылымен Оспанға өткізеді. |
1905-1906 | Меккеге қажылық сапар шегеді, барған осы сапарын пайдаланып ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Ыстамбұл, Париж кітапханаларында жұмыс істейді. Жиналған материалдары негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабын жариялайды. |
1909-1910 | Ел ортасын тастап оңаша елсізге кетіп, Шыңғыстаудың қойнауындағы Шақпақ деген жерде өмір сүре бастайды. Шығармашылықпен айналысты. |
1912 | Семейде 1878-1904 ж.ж. өлеңдері «Қазақ айнасы» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан. |
1931 | Жазықсыздан-жазықсыз атылды. |
1958 | 2 қазанда СССР прокуратурасы Шәкәрімнің қылмысы жоқ деп ақтап шықты. |
1959 | «Қазақ әдебиеті» газетінде оның бірнеше өлеңі жарияланды. |
Шығармашылығы: Еңбектері:
«Түркі, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі (Орынбор, 1911), «Қазақ айнасы» жинағы (Семей, 1912), «Мұсылмандық шарты», «Бәйшешек бақшасы» (проза), «Қайғылы роман» (проза), «Абай өмірбаяны», «Қазақ лұғаты» еңбегі, «Мұсылмандық белгісі» кітабы, «Түрік хандар шежіресі», «Жайлаудың басы мен айтысы», «Ұждан», «Қолшатыр бұйрығы» әңгімелері, «Үш анық», «Жан мен тіршілік туралы», «Адам баласының шын бақытты өмірі туралы әңгіме», Ақан сері туралы шығарма.
Поэмалары:
«Қалқаман-Мамыр» (1888), «Еңлік-Кебек» (1891), «Дума» (1904), «Нартайлақ – Айсұлу», «Қодардың өлімі», «Ләйлі-Мәжнүн» (Ташкент, 1907).
Аудармалары:
«Том ағайдың балалары» романы (Американ жазушысы Бичер-Стоу Гарриет, Америкадағы құл иелену озбырлығы туралы), «Дубровский» романы, «Боран» повесі (Пушкиннен аударған, 1908), «Асархадон патша», «Үш сауал» (Л.Толстойдан)
Өлеңдері:
«Шаруа мен ысырап», «Ашу мен ынсап», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Мақтау мен сөгіс», «Міндек мен күндеу», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Хайуан мен ақымақтар», «Мал жимақ» | Ұлы Абайдың халықты алға, жақсылыққа жетелеген ағартушылық ойларының ықпалымен жазылған. Өз замандастарының мінез-құлқы, ел бірлігі, жалқаулық көріністері айтылған. |
«Жастарға» | Жастарды Абайдан үлгі алуға шақырады. |
«Насихат», «Үш-ақ түрлі өмір бар» | Өнер-білімге шақыру |
«Адамдық борышың», «Талап пен ақыл» | Еңбексүйгіштік |
2-тапсырма. «Жасымнан жетік білдім» өлеңінен үзінді аудар.
Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең, _____________________________________________________________________________
Жолай көрме жылмайы сопы көрсең
_____________________________________________________________________________
Тапқыр, адал ақ ниет адамдардың
_____________________________________________________________________________
Алданбайсың артынан ере берсең.
_____________________________________________________________________________
3-тапсырма. Өлеңді жатта. «Адамдық борышың».
Адамдық борышың, -
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйренген,
Білімсіз,
өнерсіз
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып
Қауымға келмейсің,
Барыңды,
Нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң
Шын бақыт –
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің.
4-тапсырма. Шәкәрім тағылымын оқы, аудар.
Қазақтың жайнар даласы,______________________________________________________
Жетілер оқып баласы. __________________________________________________________
Сен ғылымға болсаң ынтық, ____________________________________________________
бұл сөзімді әбден ұқ:___________________________________________________________
Білгеніңнің жақсысын қыл,______________________________________________________
білмегенді біле бер. ____________________________________________________________
Білген ердің бол шәкірті,_______________________________________________________
білмегенді қыл шәкірт._________________________________________________________
Үйренуге қылма намыс,_________________________________________________________
үйретуге болма кер... __________________________________________________________
Шәкәрім Құдайбердиев
5-тапсырма. Кестені толтыр.
Жанр түрлері | Мен жаттаған өлеңдері | Шығармасының тақырыптары | Менің сезімім |
|
|
|
|
6-тапсырма. Шәкәрім өміріне семантикалық талдау жаса.
Аты-жөні, туған жылы | Отбасы | Туған жері | Өлеңдері |
|
|
|
|
7-тапсырма. Кестені толтыр
Ақын өлеңдері | Неге байланысты жазылған? | Даналық ойлары, негізгі идея | Менің ойым |
1. «Насихат» | Ағартушылық бағытта жазылып, жастарды білімге, өнерге шақырады, халық тағдырына жаны ашиды. | Ұлы абай сияқты халықты бақытқа жеткізудің бірден-бір жолы ғылымда деп көрсетеді. | Ақын өз өлеңдерінде ғылым, еңбек, өнер тақырыбын бірінші кезекке қойып, жастар осыны түсінсе екен деп армандайды. |
|
|
|
|
Глоссарий
Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде |
лұғат | словарь | dictionary |
абақты | тюрьма | prison |
саятшылық | охота с ловчими птицами | Hunting with birds of prey |
бұлақ бастауы | источник | source |
жанын ауырту | переживать | feel |
адал еңбек | честный труд | honest work |
сазгер | композитор | composer |
сапар | путешествие | journey |
арман | мечта | dream |
насихат | пропаганда | propaganda |
ғылым, білім | знание | knowledge |
СӨЖ және СОЖӨЖ тапсырмалары:
Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары (СРС):
1. Сөздік жаттау.
Студенттің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмысы (СРСП):
1. «Шәкәрім –сазгер» тақырыбына реферат жазу.
Әдебиеттер тізімі
1. Ұ. Асыл, Т. Жұмажанова Қазақ әдебиеті. Алматы «Мектеп» 2006ж.
2. ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы. «Ғалым» 1995ж
3. Тарихи тұлғалар Алматыкітап 2009ж
4. С. Ч. Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті» Арман баспасы 2009ж
5. «Қазақстан: Ұлттық энцклопедия «Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы
6. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Лтд.» ЖШС, 2010
7. Қ. Егенбердиев, Қ. Ибрагимов Қазақ әдебиеті Шыңкітап Алматы 2010ж