Келісемін: Бекітемін
Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп директоры:
__________Л. Сарсембекова __________Б.Сатбаев
Ашық сабақ
Өткізген: Журкаева А.М.
7 «Б» сыныбы
Қоянды ауылы
Мектеп: Қоянды орта мектебі
Күні: 21.12.2017
Мұғалімнің аты-жөні: Журкаева Айдана Маленовна
Сынып: 7
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2 А-бөлім. Тапсырмаларды электронды кестелердің көмегімен шешу.
Сабақтың тақырыбы: Процестерді электронды кестелерде модельдеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
7.2.2.3-электронды кестеде диаграммалар құру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: диаграммалардың түрлерін анықтау;
Басым көпшілігі: кестедегі мәліметтерге диаграмма құру;
Кейбір оқушылар: компьютерлік модельдер жасау
Ойлау дағдылары
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау
Бағалау критерийі
Бір ақпаратты әртүрлі диаграмма түрінде көрсете алады
Кестедегі мәліметтерді диаграмма түрінде құруды біледі
Берілген тапсырмалар бойынша компьютерлік модельдер жасайды.
Тілдік мақсаттар
Үштілді білім беру жүйесін біртіндеп енгізу
Диалогтармен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Электронды кестеде берілген мәліметтер бойынша диаграммаларды қалай құруға болады?
Құндылықтарға баулу
Топта бірлескен жұмыс орнату
Бір-бірлерінің пікірін тыңдап, құрметтеу арқылы білім алу
Азаматығы мен белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру
Рухани жаңғыру құндылықтарын тәрбиелеуге баулу
Пәнаралық байланыс
Математика (y=x2 есептеу), орыс тілі, ағылшын
Алдыңғы білім
Кестелі мәліметтердің графикалық көрінісі
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
«Сиқырлы қалпақ» әдісі
5 мин
«Ішкі-сыртқы шеңбер» әдісі
5 мин
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу
«Сиқырлы қалпақ» . Шеңбер болып тұрады. Қасындағы құрбысына қалпақты кигізе отырып жақсы тілек айтады.
Топқа біріктіру: оқушыларға монитор мен жүйелік блоктың суреттері таратылады. Бірдей сурет түскен оқушылар бір топқа бірігеді.
Топтық жұмыс
«Ішкі-сыртқы шеңбер» әдісі. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер болып тұрады. Бірінші ішкі шеңбер сыртқы шеңберге өткен тақырып бойынша сұрақ қояды. 2 минуттан соң сыртқы шеңбер ішкі шеңберге сұрақ қояды.
Оқушыларды орындарына отырғызбас бұрын әрбір оқушыға белгі таратылады;
Дескрипторлар:
Электронды кестелер туралы толық мәлімет біледі
Бағалау: Ауызша мақтау, ынталандыру түрлі түсті белгі тарату
Қызыл -өте жақсы жасыл- жақсы
Оқушылар топ бойынша отырады. А4 парағымен маркер таратылады,
Тапсырма топтық жұмыс
Практикалық тапсырмалар - 5 мин
кестеде берілген мәліметтердің суретін салыңдар
Өшіргіш
Қалам
Дәптер
Кітап
Журнал
Суреттеріңе қарап салыстырмалы түрде қайсы құрал үлкендігін айтыңдар.
Демек кестедегі мәліметтерді графика арқылы салыстырмалы көрсету диаграмма деп аталады. Тақырыпты өздері ашады.
Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
Лексика және терминалогия Диаграмма, аңыз, гистограмма, график, дөңгелек, сызық, пирамида, шеңбер, аймақ
Жазылым, оқылым
Кесте – таблица – table
Диаграмма – диаграмма – diagram
Модельдеу – моделирование – modeling
Аңыз-легенда- legend
Гистограмма -гистограмма- histogram
График -график- chart
Дөңгелек -круглый- round
Сызық -линия- line
Пирамида-пирамида- pyramid
1тапсырма
Кесте құру мысал келтіру
Қызметкерлерге берілген сыйақы теңге
Аты жөні | қазан | қараша | желтоқсан | барлығы |
Сәлімжанов | 5300 | 4500 | 6000 |
|
Михайлов | 2500 | 3000 | 4000 |
|
Әубакіров | 1500 | 1700 | 2500 |
|
Садықов | 1000 | 1500 | 2000 |
|
2 тапсырма
Оқушылар назарын тақтаға аудару. Жаңа сабаққа тоқталу видео ролик көрсету;
3 мин
Жұптық жұмыс
«Досыңа әңгімелеп бер» әдісі. Оқушылар білгенін сыныптасына әңгімелеп береді.
Жаңа сабақты бекіту
Жеке жұмыс
Тапсырма 3
цилиндрлік диаграмма құрыңдар
Сыныбы Оқушы саны
7«А» 21 6
7 «Ә» 21 5
7 «Б» 18 6
7 «В» 19 6
7«Д» 20 3
Дискрипторлар:
диаграммалармен көрсете алады
Қортынды
Бағалау: белгіше бойынша диаграмма шығару.