«Зима 2025»

Презентация к уроку "Өз қолымен жасалған сыйлық. (кепкен өсімдіктерден)"

Өздері таңдап алған тақырып бойынша жасамалар құрастыру қалай іске асады? Алдымен сендер тақырыпқа байланысты қағаз бетіне эскиз жасайсыңдар. Ондағы кейіпкерлер кімдер, олардың денесін қандай материалдармен жасау керектігін қағаз бетіне жобалап қарындашпен белгілеп аласыңдар. Жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асу керек. Қағазға Эскизді орындап болғаннан кейін, жасалатын денелерді реттеп алу керек. Оған жапсырылатын детальдарды, формасын, тақтайшаға орналасатын жерлердегі арнаулы аспаптармен тесіп алдын ала дайындаған дұрыс.

Олимпиады: Немецкий язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Өз қолымен жасалған сыйлық. (кепкен өсімдіктерден)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік; білімгерлердің табиғи материалдар туралы ұғымдарын қалыптастыру, жасайтын бұйымдарын композиция арқылы құрастыруға баулу.
Дамытушылық: білімгерлердің іскерлігін, ойлау қабілетін, шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік: шеберлікке, тазалыққа, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. Техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға дағдыландыру.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: үлгілер, дәнді дақылдардан (күріш, макарон) көкөністен жасалған кестелер, дайын жасалған жұмыстар
Сабақтың формасы: жеке, дара жұмыс.
Сабақтың пәнаралық байланысы. Математика, бейнелеу өнері, тіршіліктану.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқшылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақтың материалын түсіндіру.
Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын тексергеннен кейін өткен сабаққа қайталау жүргізіледі. Жаңа сабақтың мақсаты, міндеттері айтылып, тапсырманың жасалу жолдары түсіндіріледі.
Табиғи материалдармен жұмыс оқушылардың ой - өрісін дамытуға, әсемдікке және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді. Білімгерлер топпен серуенге шыққан кезінде жеріміздің табиғатына сүйсініп, оны мақтан тұтады.
Материалдармен жұмыс істеу барысында өсімдіктер әлемінен, табиғат туралы бірқатар мәліметтер беріледі.
1. Табиғи материалдар.
А) Табиғаттағы жалпақ материалдар: жапырақ, гүл, ағаштың, пияздың қабығы, ағаштың қанатшалары, сабан, т. б.
Көлемді табиғи материалдар жүгерінің сабағы, емен жаңғағы, шырша бүршігі жаңғақтың қабығы, түрлі жемістердің дәндері мен қабығы.
ІІІ. Сарамандық жұмыс ұйымдастыру.
А) Білімгерлерге жалпы тапсырма беру, өздері дайындаған жобалық суреттер бойынша эскизге орналастыру. 
Б ) Пайдаланылатын құрал - жабдықтардың қауіпсіздік ережесін ескерту.
В) Білімгерлер өз орындарында өзіндік жұмыстарын жалғастырады.
Бүгінгі жасалатын бұйым еркін тақырыпқа композиция құрастыру. Өздеріңнің бұрынғы әдебиеттерден оқыған мысалдар мен ертегілер, жырлар, балаларға арналған әңгімелерді естеріңе түсіре отырып, тыңдаған тақырыпқа байланысты алдарыңдағы бар материалдарды пайдаланып композиция құрастырыңдар.
Мысал: «Шопан», «Ормандағы екеу»,«Аңшы»,«Жарыс», «Балық аулау»,«Домбырашы», «Көлдегі тырналар», «Қарға мен түлкі».
Өздері таңдап алған тақырып бойынша жасамалар құрастыру қалай іске асады?
Алдымен сендер тақырыпқа байланысты қағаз бетіне эскиз жасайсыңдар. Ондағы кейіпкерлер кімдер, олардың денесін қандай материалдармен жасау керектігін қағаз бетіне жобалап қарындашпен белгілеп аласыңдар. Жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асу керек.
Қағазға Эскизді орындап болғаннан кейін, жасалатын денелерді реттеп алу керек. Оған жапсырылатын детальдарды, формасын, тақтайшаға орналасатын жерлердегі арнаулы аспаптармен тесіп алдын ала дайындаған дұрыс.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Табиғи материалдардың басқа материалдардан айырмашылығы неде?
2 Табиғи материалдарды бір - біріне бекіту үшін не қолданамыз?
3. Табиғи материалдарды ұзақ сақтауға бола ма?
ол үшін не істеу керек?
Сұрақтарды қою арқылы оқушылардың жаңа сабақты түсінгенін білгеннен кейін, өздік жұмыс жасалуына рұқсат беріледі. Өздік жұмыс кезінде мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалайды. Кемшіліктері болса, көмектеседі.
Ү. Қорытынды
Табиғи материалдарды осы айтылған құралдармен өңдеп, бұйымдар жасағанда оқушылардың эстетикалық талғамын, кеңістіктегі түрлі құбылыстарға деген көзқарастарын дамытып, жұмысқа қызығушылығын арттырып, табиғи материалдардың түрлі ерекшеліктерін білдіру көзделуі керек.
ҮІ. Жұмысты аяқтаған соң баға қойылады.

ҮІІ. Үйге тапсырма

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее