Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні | Байдусенова Сауле Сеитбатталовна
| Күні: | 4 сынып- А
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жануарлар әлемінде | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сілтеме | Слайдтар, 4- сынып оқулығы. Авторы Ермекова Т.Н., Сатбекова А.А. «Алматыкітап баспасы» 2011 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Жабайы жануарлар туралы білімдерін толықтырады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Міндеттері
| Мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіреді; сабақта алған білімдерін қолдана алады; ақпарат көздерімен жұмыс істеу қызығушылығы артады; тілдері дамиды; табиғатта мекендейтін аңдар пайдалы екенін түсінеді, оларды қорғауға тәрбиеленеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже | Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені, қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қорлары молаяды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Аралас сабақ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдері | СТО, АҚТ, топтық, жеке , жұптық жұмыс, диалогтік оқыту және оқу, көшбасшылық және басқару, бағалау, түсіндіру, талдау, жинақтау, іздендіру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Орыс тілі, дүниетану. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.Амандасу 2.Кезекшімен сұхбат 3.Психологиялық дайындық. Слайд . М.;Ал, қанекей, балалар, | Кезекші сұрақтарға жауап беріп, өз міндетін атқарады. Үш топқа бөлінеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қайталау кезеңі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық сызба бойынша жұмыс. Слайд М.:-Балалар, зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Кім деген сұрақ қандай сөздерге қойылады? Мысалы келтіріңдер. Не деген сұрақ? Мысалы. Зат есімдерге қандай жалғаулар жалғанады? | Сызба бойынша жұмыс жасайды. Ережелерді еске түсіреді. Мысалы келтіреді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қызығушылықты ояту | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Интербелсенді тақта арқылы бейнероликті көрсетемін. Слайд 5. М.: бейнероликтен нелерді көрдіңдер. (Оқушылардың жауаптарын тыңдаймын). Сабақтың тақырыбы қандай? -Аңдарды неге жабайы деп атайды? Жабайы жануарлар қайда тіршілік етеді? Дала жануарларын атаңдар. Орманда қандай жануарлар мекендейді? Тау жануарлары қандай? | Бейнероликті тамашалайды. Өз ойларын білдіреді. Сұрақтарға жауап беріп, сабақтың тақырыбын ашады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мағынаны тану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс . Слайд Үш топқа үш түрлі мәтін таратамын: «Аю», «Ақбөкен», «Барыс». Аю. Аю-орман қожасы. Қазақстанда аю көп тараған. Олар орманда мекендейді. Аюлар өсімдіктермен, құрт-құмырсқалармен, балықпен қоректенеді. Аюлар 40 жыл тіршілік етеді. Күзде олар семіреді. Қыс бойы апанда ұйықтайды. Ақбөкен. Ақбөкен-өте сымбатты, сұлу аң. Ол далалы жерлерін мекендейді. Өсімдіктермен қоректенеді. Ақбөкеннің түрі көп. Ең үлкені –канна Африкада мекендейді. Ең кішісі қояндай –дин-дин. Көптеген ақбөкеннің мүйізі әсем болады. Барыс. Барыс-жыртқыш аң. Ол биік тауларда мекендейді. Барыстың қорегі-ет.Ол арқарды, еліктерді, тау текені ұстап жейді. 9-10 метр жерге секіре алады. Жолбарыс сағатына 120 шақырым жүгіре алады. Барыс «Қызыл кітапқа» еңгізілген. Оқушыларды бақылаймын, бағыт беріп жүремін. Әр топтың жұмысына талдау жасаймын:ерекшеліктеріне назар аударамын.
2. Жұптық жұмыс. «Мен –саған, сен-маған» Слайд Мәтіндерді қалай түсінгендерін тексеру үшін әр топтан бір оқушыны шығарамын.
3.Сергіту сәті. Тақтадан бейнеролик көрсетемін. «Биші аю» М:-Жануарлар әлемінде өте қызықты көріністер болады. Тақтаға назар аударыңдар. Аюмен бірге билеп, оның қимылдарын қайталаңдар.
3. Жеке жұмыс. «Кім нені ұнатады?» ойынын жүргізу. Слайд Тақтадан жануарлардың суреттерін көрсетемін.(Қоян, түлкі, керік, қасқыр, піл, арыстан) М.:-Әлемде жануарлардың түрлері өте көп. Әр адамның өзіне ұнайтын жануар бар. Саған қандай жануар ұнайды? Саған ше? Сен қандай аңды ұнатасың? Ендеше, қазір өздеріне ұнайтын жануар туралы жеке .... құрастырасыңдар.
Әр топтан бір оқушыны тақтаға шығарамын. Өз жұмысын оқып шығады.
М.:-Тақтаға назар аударыңдар, жануарлардың өмірінен қызықты мәліметтерді тыңдаңдар. (Сергіту сәтінің орнына) 1.Жануарлардың ең алыбы – Африка пілі. 2.Ең ақылды жануар-дельфин. 3. Ең биік жануар – керік. 3.Аштыққа ең төзімді жануар кірпі.Ол 8 ай бойы ас ішпестен ұйықтайды. 4. Жеке жұмыс. М.: -Көптеген тапсырмаларды ауызша орындадыңдар. Енді жазбаша тапсырманың кезегі де келіп қалды. Алдарында деңгейлік тапсырмалар бар. Өз деңгейңне қарай тапсырмаларды орыңдаңдар. 3- деңгей.Сөздерге көптік жалғау жалғап жазыңдар: қоян, түлкі, жолбарыс, сарышұнақ, ақбөкен. 2-деңгей. Сөзді тәуелдеңдер: кірпі. Сөз тіркестерді аударыңдар: дикие звери, широкая степь, хитрая лиса, пугливый заяц. 1-деңгей.Сөзді жіктеңдер:орманшы. Сөйлемдер құрастырыңдар.Тоңбайды, қоян, аязда. Жаңғақ, жейді, тиін. М.:-3 деңгей тапсырмасын қімдер орындады? Келесі деңгейге көшуге болады. 2- деңгей тапсырмасын орындап болсаңдар, 1 деңгей тапсырмасын орындай беріңдер. | Мәтіндерді оқып шығады, таныс емес сөздерді бірігіп талдайды. Қожа, семіреді, апан, мүйіз, жыртқыш, еңгізілген. Ойларын ортаға салып, кластер құрастырады.
Жұмысты орындағаннан кейін, әр топ тақтаға шығып, жұмысын қорғайды.
Өз мәтіні бойынша сұрақтар қояды. 2,3 топтағы оқушылар жауап береді.
Орындарынан тұрып, билейді.
Өздеріне ұнайтын жануарды атайды. Жеке жұмыс жасайды: жоспар бойынша әңгіме құрастырады, 5 жолды өлең жазады, мақал-мәтелдерді жазады.
«Таңдап ал!» әдісі арқылы топ мүшелері өз деңгейіне тапсырма таңдап алады. Жаттығу жұмыстарын орындайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ой толғаныс М.:-Зат есім, жануарлар туралы білімдеріңді тексеру үшін тест сұрақтарына жауап бересіңдер.(таратамын) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тест. 1.Сөздердің аудармасын тап, сызықпен көрсет а) керік 1 слон ә) піл 2 тигр б) жолбарыс 3жираф 2. Сөйлемді аяқта «Жолбарыс- өте күшті жыртқыш » а) құс ә) жәндік б) аң 3. Жуан буынды сөзді тап а) көбелек ә) түлкі б) жолбарыс 4 .Сөздер тобындағы артық сөзді тап а) аю ә) торғай б)қасқыр 5. Ең биік жануар қайсысы? а) түйеқұс ә) аю б) керік 6. Көптік жалғаулы сөзді анықта а) қоян ә) пілдер б) тиін 7. Кім?деген сұрақ қазақ тілінде қандай сөздерге қойылады? а)жануарлар ә)заттар б)адамдар 8. Жекеше түрдегі сөз. а)жануарлар ә)түлкі б)қасқырлар 9. Зат есімнің сұрақтары. а)не істейді? ә)кім?не? б)қандай? 10. Не? деген сұраққа жауап беретін сөз. а)орманшы ә) күзетші б) борсық | Тест сұрақтарына жауап береді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
М.:-Сабақта жақсы жұмыс жасадыңдар, сондықтан бағалау парақтарын толтырып, өздеріне әділ баға қойыңдар. Бағалау парағы.
М.:-Бағалау парақтарыңды толтырып болсаңдар, тақтаға назар аударыңдар. Қораптан смайликтерді алып, сабақтан қандай әсер алғандарыңды көрсетіңдер. Кері байланыс: тақтадаға суретті толықтырады.
| Парақтарды толтырып шығады.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
М.:- Жабайы жануарлар туралы сөзжұмбақ жасау, қызықты мәліметтер жинау. | Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады. |