«Осень 2024»

Поурочный план по технологи БиС

Поурочный план на открытый урок по географии по технологи БиС

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Айдарханов Таскын Маратович

география пәні мұғалімі

«№ 3жалпы орта білім беретін мектеп-кешені » КММ, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.


Пәні: География Күні: 17.11.2016 ж

Сыныбы: 6 В

Сабақтың тақырыбы: Жер қыртысының қозғалысы.Жер сілкіну

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жер қыртысының қозғалысы бойынша бойынша білімдерін кеңейту;

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, танымдық белсенділігін арттыру,
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау. Жоспарланған нәтиже, қойылған мақсатқа жету.

Әдісі: БжС технологиясы

Түрі: Ауызша-1

Көрнекілігі: Матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар, ДЖ физикалық картасы, слайд.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі мотивация. (2 минут)

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Бүгінгі біздің сабағымыз БжС технологиясының «Ауызша сабақ-1″ картасы негізінде өтеді. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз берейік.

Қане, біздер ойлайық

Ойымызды жинайық.

Еңбектену арқылы

Жақсы баға алайық!

Көшбасшының айтқан тілегіне рахмет,қанеки,қол шапалақтайық.ООМ бойынша жұмыс.

ІІ.Сіздерге үйге “жер қыртысын түзетін тау жыныстары” берілген болатын. Олай болса сұрақтарға жауап бере қойыңыздар.

ІІ. Қарама-қарсы сұрақтар. (6 мин)
1. Жер қыртысын толтырып жатқан табиғи денелерді не дейміз? Тау жынысы

2. Тау жыныстары қандай күйде кездеседі? Қатты,сұйық,газ

3. Тау жыныстарын құрайтын заттарды не дейміз? Минирал

4. Бір миниралдан тұратын тау жынысы? Тас тұзы

5. Тау жынысының қанша түрі бар? 1000 тарта

6. Жер қабатын құрайтын тау жыныстары тегіне қарай неше топқа бөлінеді?3

7. Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жыныстары не деп аталады? Магмалық тау жыныстары

8. Грек тілінен аударғанда магма қандай мағана береді? Былғама,Қойыртпақ

9. Магма қайда орналасады? Жер қыртысының астында немесе мантияның жоғарғы қабатында

10. Магмалық жыныстардың қандай түрі көп таралған? Базальт,гранит

11. Жер қыртысының бетінде су,жел,мқздық т.б сыртқы күштер әсерінен пайда болған жыныстар? Шөгінді тау жыныстары

12. Шөгінді тау жыныстары қандай түрге бөлінеді? Кесек,химиялық,органикалық

13. Үгітілген кесектер сумен ағып не желмен ұшыпкөл теңіз түбіне жиналған тұнба жыныстарды не дейміз? Кесек шөгінділер

14. Теңіз бен көл тартылғанда көл тұнып суға түрлі заттар араласып жер қабатына қосылуынан пайда болған шөгінділерді не дейміз? Химиялық шөгінділер

16. Судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары қандай шөгінділерді құрайды? Органикалық

17. Өсімдіктердің шірімей жіне көміліп қалған қалдықтарынан не пайда болады? Шымтезек пен таскөмір

18. Теңіздің өте майда жәндіктерінің қалдықтарынан не пайда болады? Бор

19. Шөгінді жыныстар жер қыртысының қандай қабатында таралған? Беткі

20. Шөгінді жыныстар барлық тау жыныстарының неше пайызын құрайды? 75%

21. Қалған 25% нелер құрайды? Магмалық және метаморфтық

22. Бордан не пайда болады? Әктас

23. Метамарфоза сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағана береді? Өзгеру

24. Метомарфозаның әсерінен әктас неге айналады? Мәрмәрға

25. Метамарфозаның әсерінен құмтас неге айналады? Каварцитке

3 оқушыға 1 сұрақты қоюға болады.Сұрақ 1-ақ рет оқылады,қайталанбайды. 3-еуі де білмесе (- ) қойылады. Төртінші оқушыдан сұрап, ол айтса + қойылады.
Бірінші белгі. Барлық оқушыларға қойылады.Және тақтаға Рим санымен таңбалары жазылады.
Нәтижелері ООМ бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.

ІІІ. Жаңа тақырып. (7 минут).

Жер қыртысының қозғалысы .Жер сілкіну. Мақсаты айтылады.Интерактивті тақтадан 14 тірек сөз шығып тұрады.Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздер жабылады . Оқушылар сөздерді есте сақтап жатқа жазу керек.Оқушылар дәптер алмасып,бірін-бірі тексереді. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына плюс немесе минус қойылады.

Тірек сөздер

  1. Скандинавия

  2. Құрлық

3-4. Солтүстік Америка

5. Жерорта

6-7. Тау жасалу

8-9. жер сілкіну.

10. 1887

11. Эпицентр

12-13. сейсмикалық аймақтар

14. Сейсмогрф

Екінші белгі. Есте сақтауға уақыт нормативі 14 сөз – 1 мин-15 сек.

ІV. Ұғынуды ұйымдастыру. ( 6 минут)
Оқушылар оқулықтан мәтінді оқып шығады. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертеді.

V. Түсінудің алғашқы тексерілуі. Қарама-қарсы сұрақ қою. (7 мин)
Мұғалім оқушыларды рет -ретімен емес ,ООМ бойынша сабақтың тақырыбына байланысты тірек сөздерді қоса сұрайды. Оқушы түсінбеген жерлерін мұғалім түсіндіреді.
Қарама-қарсы сұрақтар.
1. Жер қыртысы қозғалуының неше түрі бар? 2

2. Қазіргі скандинавия жағалары жылына неше см-ге көтеріледі? 1 см

3. Жер қыртысының баяу көтерілуі мен шөгуі салдарынан теңіз жағалаулары неге айналады? Құрлыққа

4. Жер қыртысының баяу көтерілуі мен шөгуі салдарынан шығанақтар неге айналады? Көлдерге

5. Жер қыртысының баяу көтерілуі мен шөгуі салдарынан аралдар неге айналады? Түбектерге

6. Жер қыртысықозғалысының екінші түрі? Тау жасалу қозғалысы

7. Тау түзілу қандай құбылысқа апарып соғады? Жер сілкіну

8. Жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенкт ығысу мен ыдыраудың әсерінен әсерінен туатын жер асты дүмпуі мен жер бетінің тербеле қозғалуын не дейміз? Жер сілкіну

9. Жер сілкіну салдарынан жерде не пайда болады? Жарықтар

10. Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып ығысатын жері не деп аталады? Жер сілкіну ошағы

11. Алматыдағы 1887 жылы басталған Алматыдағы жер сілкіну неше жылға созылды? 3 жыл

12. Жер ошағы қанша км тереңдікте болуы мүмкін? 10-100 км

13. Жер сілкінуінің жер бетіне шығатын жері не деп аталады? Эпицентр

14. Жер сілкіну күші неше балдық шкаламен өлшенеді? 12 балдық

15. Алматы төңірегінде жер 2 жылда нешерет сілкінеді? 5 рет

16. Жер шарында орта есеппен алғанда жыл сайын қанша апатты жер сілкіну өтеді? 1

17. Жер сілкінуді зерттеу жұмыстарымен кімдер айналысады? Арнаулы ғылыми мекемелер

18. Жер сілкіну жиі қайталанып тұраттын аймақтарды не дейміз? Сейсмикалық аймақтар

19. Жер шарында қандай үлкен сейсмикалық аймақтар бар? Жерорта теңізі-Гималай және Тынық мұхит белдеуі

20. Барлық жер сілкінулердің 80% қай белдеуде болады? Тынық мұхит

21. Жер сілкінудің 15% қай белдеуге тиесілі? ? Жерорта теңізі-Гималай белдеуі

22. Жер қыртысының қозғалысы қайда бақыланып отырады? Сейсмикалық станцияларда

23. Жер шарында қанша сейсмикалық станциялар бар? 1000 жуық

24. Жер қыртысының қозғалысын бақылайтын құрал? Сейсмогроф

25. Тянь-шань Тауларындағы жер сілкіну күші неше балға жетеді? 9-10 бал

Үшінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.
VI. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру.
Сын тұрғысынан сұрау. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс.
Сын тұрғысынан сұрақтар. (7 мин)
1. Жер қыртысы қозғалуының 3 түрі болады.(2)

  1. Жер қыртысы ешқашан тыныш жатпайды. Бір аумағы көтерілсе ,бір аумағы шөгеді. +

  2. Скандинавия түбегінің жағаларында мұхит деңгейінен жоғарыда таулар орналасқан. – (Бұрынғы жаға сызығы)

  3. Қазіргі Скандинавия жағалары жылына 2 см –ге көтеріледі. – (1 см)

  4. Ғалымдар картаға түсіру барысында Еуропаның Жерорта теңізі аймағы шөгіп бара жатқанын аңғарды. +

  5. Жер қыртысының баяу көтерілуі мен шөгуі нәтежесінде теңіз жағалары көлдерге айналды. –(құрлыққа)

  6. Жер қыртысының баяу көтерілуі мен шөгуі нәтежесінде аралдар түбектерге айналды. +

  7. Тау түзілу жер бетінде жиі болатын құбылыс жер сілкінуге әкеледі. +

  8. Жер қыртысымен жоғары мантиядағы кенет ығысумен ыдыраудың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы жанартау атқылау деп аталады. – (жер сілкіну)

  9. Алматыда 1887 ж басталған жер сілкіну 3 жылға сзылды. +

  10. Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қаббаттарының кенет жарылып ығысатын жерін цунами дейміз. – (жер сілкіну ошағы)

  11. Жер сілкіну ошағы дүмпуінің жер бетіне шығатын жері эпицентр деп аталады. +

  12. Эпицентрден қашықтаған сайын жерсілкіну күші азая береді. +

  13. 1923 ж Жапониядағы жер сілкінуде Кубамен Сеул қалаларының көп бөлігі қирады. – Токи мен Икогама

  14. 1948 ж Копетак жотасының маңында күшті жер сілкінуден Ашхабад қаласының көпшілігі қирады. +

  15. 1988 ж Арменияда жер сілкінуден Уфа қаласы қирады. - Спитак

  16. Жер сілкіну күші 20 балдық шкаламен өлшенеді. – 12

  17. Жыл сайын жер шарында 1000 даған жер сілкінку болады. +

  18. Алматы төңірегінде жер 2 жылда 7 рет сілкінеді. – 5рет

  19. Жер шарында орта есеппен жыл сайын 10 даған күшті, 1апатты жер сілкінуі болады. +

  20. Жер сілкіну жиі қайталанып тұратын аймақтар жанартаулық аймақтар деп аталады. - Сейсмикалық

  21. Жер шарында сейсмикалық аймақтар 2 үлкен белдеу түрінде таралған. +

  22. Барлық жер сілкінудің 80%-ы Жерорта теңізінде. – Тынық мұхитында

  23. Біздің еліміздегі Тянь-Шань таулары Жерорта теңізі –Гималай белдеуіне жақын жатыр. +

  24. Жер қыртысы қозғалысын зерттейтін құрал барометр деп аталады. – Сейсмограф

Төртінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері ООМ бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.

Қол шапалақтау

VII. Талдау . Жер қыртысының қозғалысы.Жер сілкіну бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру үшін эссе жазасыздар. (5 минут)

Оқушылар дәптерлерін алмасып,бір-бірінің жазған эссесін тексереді.

(1 минут)

Бесінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері ООМ қойылады.

VIII.Рефлексия (2 минут )

IX. Бағалау . (2 минут)

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады.

4-5 белгі – 5 ұпай,

3-белгі – 4 ұпай

2 – белгі – 3 ұпай.

Сапа нормативі: оқушылардың 63/ -ы 5 ұпайдан алуы тиіс.

9. Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушыларға үйге тапсырма алады.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее