Жоба тақырыбы: Пәндік білім сапасын көтерудегі әдістемелік жұмыстар
Орындаған: Каирова Жанар Кабиткановна
«№5 Күршім орта мектебі»КММ
Аңдатпа
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.
Аннотация
Одним из способов повышения качества знаний учащихся является организация учебного процесса. К современному уроку предъявляются высокие требования. Но мы не сможем добиться их выполнения, если будем относиться к уроку как к фрагменту жизни и превратим его в стихийный процесс.
Вовремя начатый урок, организация пространства класса, чёткая организация этапов урока, взаимодействие между учителем и учащимися, реакция учителя на те или иные поступки учащихся, подбор учебного материала и способы его подачи, использование современных методик и технологий обучения, использование наглядности и ИКТ – всё это влияет на образовательный результат деятельности учащихся.
Пәндік білім сапасын көтерудегі әдістемелік жұмыстар
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік
туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.
Питер Клайн.
Біздің еліміз халықаралық білім кеңістігімен кірігу мақсатында білім саласына күрделі өзгерістер енгізуде. Басты міндеттерінің бірі - білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру, ол үшін оқушылардың өз іс-әрекетін ұйымдастыра білу және білімін жетілдіру қабілеттерін дамыту. Қазіргі оқыту жүйесі оқушы мен оқытушы арасында жаңа байланыс қалыптастырып, оқушылардың әр оқу пәні бойынша жеке дайындығына көп уақыт бөліп, оқу үдерісіне белсенді түрде қатысуын талап етеді. Мұғалім қажетті оқу материалдарын іздеп тауып, оны саралап іс жүзінде пайдалана білуге бағыттаушы маман ретінде оқу үдерісін басқарады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай,интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту,оқушының танымдық қабілетін зерделеумен жұмыс»сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Сондықтан оқушының танымдық қабілетін зерделеумен жұмыс істеуге көп көңіл бөліне бастады. Оқушының танымдық қабілетін зерделеудегі оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет, себебі оқушының танымдық қабілетін зерделеп оқытып,әрі дамытып, ерекше қабілетті тұлға дамытуымыз керек. Осыған орай, педагог біз ұстаздар оқушылардың алған білімінің мемлекеттік стандарттан төмен болмауына жауап беруіміз қажет. Осы талаптарды орындау мақсатында жетілдірілген бағдарламаның ерекшелігін, талаптарын оның мүмкіндігін іс-тәжірибеде қолдану керек. Алдымызда белгілі бір мақсат сабақта немесе барлық кезеңдерде оқушының танымдық қабілетін зерделеу іс-әрекетін ұйымдастыру, оқушының шығармашылық ойлауын дамыту, сөйлеу қорын байытуға көп көңіл бөлсек , нәтижеге қол жеткіземіз. Мысалы биология пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін әрбір тақырыпты оқытуда оқушылардың экологиялық білімін қалыптастырып отыру қажет. Оқушылардың қарапайым тәжірибелер жасай білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқуына сілтеме жасап отырамын . Сабақтарда салыстырмалы кестелерді жиі пайдаланамын. 6-сыныпта өсімдіктер дүниесін, 7-сыныпта жануарлар дүниесі тақырыптарын өткенде сабақ қорытындылау бөлімдерінде сол өсімдіктің не жануардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы мен зияны туралы міндетті түрде айтып өтемін. Осы мақсатта қорытындылауда «Бағдармаланған картаны», «тірек-сызбаларды» пайдаланамын. 6-7 сыныптарда “Кестені толтыр” тапсырмасын әр тақырыпта пайдаланамыз.
Салыстырмалы кестелер, тірек сызбалар үнемі қолдану сабақты бекіту кезінде нәтижеге қол жеткізеді. Сөзжұмбақ , кеппешөп(гербарий) үлгілерін пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытуға қол жеткізуге болады.
Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын негізгі талап – оқылатын материалдың мазмұны өмірмен байланысты болуы, ғылыми шындықты көрсетуі және сол ғылымның қазіргі заманғы даму дәрежесіне, ал оқыту әдістері – дидактиканың ең жаңа жетістіктері дәрежесіне сәйкес болуы. Жаңа білім пардигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының қатарында экологиялық бағыт басым. Биология пәнінде кез келген тақырыпта Қызыл кітапқа енген, қорғалатын табиғат бөлігі қарастырылады. Оқушыларды іргелі экологияның мәселелермен таныстыра отырып, алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету керек.
Оқушыларға сапалы білім беру үшін оқушыларды өз бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету керек. Жоғарыда айтылған қиындықтан шығудың жолы: оқыту әдістемесінің тиімді, ұтымды тәсілдерін пайдалану. Қазіргі білім парадигмасы «Расскажи мне - я забуду, покажи мне - я запомню, дай мне действовать самому- я научусь» . Оқушыларды осы қағида бойынша оқыту керек. Сол себептен, мектеп қабырғасында жүрген оқушыны білімге, өз бетінше ізденіске, шығармашылық жұмыстарға қызықтыра білу – мұғалімнің міндеті. Осыған орай биология және химия пәндеріне оқушылардың білімге ынтасын арттыру мақсатымен әр-түрлі ақпараттық технологияларды пайдаланып, сабақты түрлендіріп өткізуге көңіл бөлемін. Сабақ барысында,әсіресе жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде міндетті түрде салыстырмалы кестелерді пайдаланамын. Ол өткен сабақтармен байланыста болса құба-құп, не тек сол тарауды қамтиды. Тірек– сызбаларды да пайдалану оқушыны жаңа тақырыпты қызығушылықпен игеруге жетелейді. «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толық жету.
Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білімде, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады». Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.
«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын сабақтарымда басшылыққа алып отырамын . Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу.Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып,өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Жақсы жетістіктерге жетудің бірден-бір көзі-жас ұрпақты тәрбиелеп, оқытуда инновацияны пайдалану. Бүгінгі таңда инновацияның түрі-компьютерді, электронды оқулықтарды, мультимедиялық құралдарды, интерактивті құралдарды пайдалану.Сабақ өткізу кезінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы пәнге деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру және білім сапасын көтеру. Сондықтан сабақтарымда әр түрлі тесттік жүйелерді де пайдаланамын. Тест тапсырмаларының әр түрлерін, яғни анықтау тесті, сәйкестік тесті т.б. қолдану, биологиялық диктант, биологиялық пошта ,”Сен білесің бе?” танымдық сөздіктерді пайдалану баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсері сөзсіз.
Жауаптары салыстырмалы түрде тексеріліп, бағалау парағына тиісті ұпайлар қойылады. Оқушылар өздері жаңа сабақты қалай меңгергендерін, өздерінің іс-әрекетіне дұрыс баға беруге дағдыланады.
Оқушылардың білім-біліктілігін, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік беру арқылы үздік көрсеткішке жетеміз. Оқушылардың логикалық ойлауын сана сезімін, дүниетанымын, іскерлігін қалыптастыру және шығармашылығын дамытуға қол жеткіземіз.
Оқу мүмкіндігіне қарай білім мазмұнының игерілуі мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтады. Оқушының білім алу кеңістігіне толық мүмкіндік беріліп, өзін-өзі басқара отырып, келешек мамандық таңдауда өзі белгілеуге икемденеді. Ғылыми жұмыстардың қыр- сырын меңгеру арқылы шығармашыл , қабілетті жеке тұлға қалыптасады. Мектепішілік апталықтар іс-шарасына қатысуға белсенді атсалысу оқушылардың дүниетанымының, ой өрісінің кеңеюін дамытады.
Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында технологиялық жаңа әдістерді кең көлемінде қолдануды қажет етеді. Күнделікті сабақта компьютерді пайдалану – заман талабы. Осыған орай мен де әр түрлі технологияларды пайдаланым: ақпараттық коммуникативті технология; денгейлік тапсырмалар; сызбанұсқалармен; проекті технологиялар.
Оқыту әдіс кезінде ақпаратты технологияның мүмкіндіктерін пайдаланудың дұрыс бағытының бірі – компьютерлік модельдеу, имитация, виртуалды стенд және интерактивті тақтамен жұмыс.Бұл бағыт оқушыларға нақты құбылыстар мен объектілерді зерттеудің құралын айқындауға себебін тигізеді.
Оқыту мотивациясы мен оқушылардың жұмыс істеу қабілетін арттыру үшін де электрондық оқу ойындарының алар орны ерекше. Оқушыны өзіндік жұмысқа бағыттай отырып, олардың танымдылық белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылау мен өздік жұмысты орындату арқылы оқытудың сапасын жақсартып, оқуға деген қызығушылығын арттыруға да себебін тигізеді.
Қойылған мақсаттарыма сүйене отырып сабақтарда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын . Бұл әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар өздіктеріне салыстыруға, талдауға, анализдеуге, өз пікірін еркін айтуға, болжауға, ойлау қабілеттерін нышандауға, жинақтауға үйренеді. Жеке түлға ретіндегі шығармашылық қабілетін ояту, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алуға үйрету, білімдерін жетілдіру және ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін дарытуға, сөйлеу мәдениетіне, денсаулығын күтуге тәрбиелеу және мамандықты таңдауына игі әсер ету.
Бүгінгі мектепте мұғалімнің әдістемелік дайындығымен қатар оқушылардың жаңа сабақты түсіну мүмкіншіліктері есепке алынуы қажет. Оқушының танымдық қабілетін зерделеу, үй тапсырмасын орындауды талап ету - білім беру процесінің қажетті буыны, әрі материалын табысты меңгерудің бір шарты. Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылардың дербес ойлау қабілеті артады. Сондықтан тапсырма оқушының шамасы келетіндей болуын ескеріп, оның үлкен тәрбиелік маңызы барын да ұмытпағанымыз жөн.
Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі - ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық талпынысы, өз жұмысында заманға сай сабақ кезінде жаңа технологияларды қолдануы және қолданбалы курстар, факультативтік сабақтар да оқушылардың білім деңгейлерін көтеруге, дарынды балалармен жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олимпиадаларға дайындауға шама береді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, білімдерін тереңдетеді және мамандық таңдауға сонымен қатар Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалуға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары
Қазақстан мектебі журналы 2013ж
Интернет материалдары
«Биология анықтамалығы» журналдары
7