«Осень 2024»

Открытый урок по географии

Тақырып: Өзендер

Сабақтың мақсаты: Өзен, өзен жүйесінің бөліктерін, олардың орналасу ерекшеліктерін үйреніп, оларды картадан таба алу.

Күтілетін нәтиже:

- Өзеннің бөліктерімен орналасу ерекшеліктерін біледі

- Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасып, пікірін дәлелдей алады, қызығушылықтары артады.

-Топтық жұмыста іс-әрекет жасай алады.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки



Ашық сабақ

6а-сынып


Пәні: Физикалық география

Тақырыбы: Өзендер









Өткізген: География пәні мұғалімі

Г.Абдыгалиева











2017/2018 оқу жылы


Тақырып: Өзендер

Сабақтың мақсаты: Өзен, өзен жүйесінің бөліктерін, олардың орналасу ерекшеліктерін үйреніп, оларды картадан таба алу.

Күтілетін нәтиже:

- Өзеннің бөліктерімен орналасу ерекшеліктерін біледі

- Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасып, пікірін дәлелдей алады, қызығушылықтары артады.

-Топтық жұмыста іс-әрекет жасай алады.

Сабақтың оқу жабдығы: Дүниежүзінің физикалық картасы, атлас, кескін карта, интерактивті тақта, оқулық.

Қолданылатын модулдер: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ –жауап, іздендіру, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, талдау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, оқушыларды топқа бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару)

II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

1-топ: 1.Құрлық суларын ата? 2.Көлдер дегеніміз не?

2-топ: 1.Үлкендігіне байланысты «теңіз» деп аталатын ірі көл?

2. Каспий теңізінің тереңдігі? 1025м

3-топ: 1.Дүние жүзіндегі ең терең көл?

2.Қазақстан көлдерінің ең ірілері?

4-топ: 1.Тектоникалық көл дегеніміз не?

2.Балқаш көлінің ерекшелігі?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:(Сұрақтар, суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу)

1.Су қабығы?(Гидросфера)

2.Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады?(Мұхит,өзен,теңіз,көл және мұздықтар)

3.Суды құрамына қарай нешеге бөлеміз?(Ащы және тұщы)

4..Халықты тұщы сумен қамтамасыз ететін дүниежүзілік мұхиттың негізгі бөлігі? (Өзендер)

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы §44 Өзендер

Өзен-өзінің табиғи арнасымен ағып жатқан ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.

Бейнеролик арқылы жаңа тақырып туралы мағлұмат беру.

Бастауы- өзен ағып шығатын жер.
Сағасы- оның құяр жері.
Атырау- өзен сағасына жинақталып, тармаққа бөлінуі.
Аңғар- өзен бастауынан сағасына дейінгі әрі кең әрі ұзынша ойыс алқап.
Жайылма – аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі.
Өзен ағысы: жоғары- бастауына жақын, орта- екеуінің аралығы, аяғы- саға жағы.
Өзен жағасы: оң, сол.
Жүйесі- өзеннің барлық салаларымен бірігіп қосылуы.
Өзен алабы- өзен және оның салалары су жинайтын жер.

Топтық жұмыс кезеңі жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз беті-мен меңгеруіне жағдай жасау.

«Постер» қорғау әдісі. Әр топқа 3 мин уақыт беріледі.

1-топ-Берілген мәтінді пайдаланып Өзен құрылымна сипаттама беру.

2-топ- Сарқырамалар туралы мәлімет беру.

3-топ-Өзеннің режимі, молығуы.

4-топ-Өзен суының шаруашылықтағы маңызы.

IV. Бекіту кезеңі.

1-топ: Кескін картаға өзендер мен сарқырамаларды түсіру.

2-топ: Сәйкестендіру.


Атырау


өзен ағып шығатын жер.

Өзен ағысы

оның құяр жері.

Аңғар

өзен сағасына жинақталып, тармаққа бөлінуі.

Бастауы

өзен бастауынан сағасына дейінгі әрі кең әрі ұзынша ойыс алқап.

Сағасы

аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі.

Жайылма

жоғары- бастауына жақын, орта- екеуінің аралығы, аяғы- саға жағы.


3-топ: Сандар сөйлейді.


  1. 1054 м- (Анхель сарқырамасының биіктігі)

  2. 120 м- (Виктория сарқырамасының биіктігі)

  3. 72 м- (Игуасу каскадтарының биіктігі)

  4. 2700м – (Игуасу каскадтарының ені)

  5. 275- (Игуасу каскадтарынан бөлек сарқырама саны)

  6. 25 км- (Ниагара сарқырамасының дауысы)

  7. 50м – (Ниагара сарқырамасының биіктігі )


4-топ: Географиялық диктант

1.Тау өзені................................соғылып буырқанып, .........................................жатады.

2.Өзеннің...................шығатын жері оның.....................деп аталады.

3.Өзен суы төмен........................құлай .................................................жасайды.

4.Солтүстік..............................Эри мен...................................көлдерінің арасында ..............................сарқырамасы орналасқан.

5.Шоңғалдар.................қатынасына...............................келтіреді.

6. Суы аса ..............өзендерге.............................мен Конго жатады.

Бекіту сұрақтары.

1.Өзен суының басты қасиеті неде?

2. Өзендердің суға молығуының қандай көздері бар?

3. Өзендердің шаруашылықтағы маңызы қандай?

4.Қазақстанның ірі өзендері?

V. Оқушыларды бағалау. Бағалау парақшалары арқылы топ басшысының бағасын ескере отырып барлық оқушыға баға беру.

VI.Кері байланыс. «Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?» бланка арқылы оқушылардың пікірін ескеру.

VII. Үй тапсырмасын беру. §43 Өзендер. Кескін картамен жұмыс.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее