«Педагогика» сабағының жоспары
Оқытушы: Суюбаева Райхан Давидовна
Тобы: 3БББ-14
Студент саны : 25
Тақырыбы
| Өткенді қайталау
| |||||||||||||||
Мақсаты | 1. Оқушылардың педагогика курсы бойынша үш жыл бойғы алған білімдерін қайталап-қорытындылау, тиянақтау. | |||||||||||||||
Міндеттері
| 1. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 2. Педагогика пәні, тәрбие теориясы, дидактика және мектептану негіздері тарауларын қайталай отырып, оқушылардың есте сақтау, ой өрісін дамыту. 3.Топта жұмыс істей алуы, айналасындағы адамдармен дұрыс қарым- қатынас жасай алуы, ұжымда, топта өз мәртебесін теңестіре алуы. | |||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ – жауап, сұхбат, әңгімелесу, түсіндіру, суретпен жұмыс, терминдік сөздермен жұмыс, тестік тапсырмалар, түсіндірмелі-иллюстратив, «конверттегі сұрақ» әдісі, «Бағдаршам», білімді бақылау, бағалау әдістері | |||||||||||||||
Сабақта қолданылатын материалдар, көрнекіліктер | Слайд, конверттер, А-3, маркерлер, стикерлер, түрлі-түсті геометриялық фигуралар, бағдаршам түстерінен дөңгелектер. | |||||||||||||||
Күтілетін нәтиже | Педагогика пәні, тәрбие теориясы, дидактика және мектептану негіздері тарауларын талдай алады | |||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (1 минут) | Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Студенттерді түгендеу
Бағалау бетшесін тарату. Критерий бойынша бағалау бетшелерін түсіндіру Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну, топ атауларымен таныстыру | |||||||||||||||
І бөлім (10 минут)
ОҮБ | Оқытушы іс-әрекеті | Студенттің іс-әрекеті | ||||||||||||||
«Бәрін білгім келеді» ойыны
Балл негізінде бағалау | Топ студенттері тарау бойынша берліген сұрақтарға жалғастыра отырып жауап береді.
Студенттер жинаған баллдарын бағалау бетшелеріне жазады | |||||||||||||||
ІІ бөлім (15 минут)
ОҮБ | №1 тапсырма «Жаңа формация мұғалімі» эссе жазу №2 тапсырма Рухани-адамгершілік тәрбиесіне үлгілік сценарий жазу №3 тапсырма Бастауыш сыныптың 1-4 сынып оқулығынан сабақ жоспарын құру №4 тапсырма Педагогикалық кеңес хаттама жазу
«Ойлауы», «Тапқырлығы», «Белсенділігі», «Идеяны ұсына білуі», «Сыни ойлауы», «Орындай алу қабілеті» критерийлер арқылы 3 баллдық негізде бағалау | Студенттер өздеріне берілген
Студенттер бір-бірлерін бағалайды. | ||||||||||||||
ІІІ бөлім (6 минут)
ОҮБ | "Құпия сан" ойыны Тақтаға дайын 6 сөз ілінеді. Мүғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар кестедегі жауапты қоюлары қажет.
4-5 сәйкестік болса – 3 балл 3 сәйкестік болса – 2 балл 1-2 сәйкестік болса – 1 балл | Студенттер мұғалімнің қойған сұрақтарын мұқият тыңдай отырып, есте сақтап құпия сандарды орындарына орналастырады
Бағалау бетшелеріне балл қойып отырады | ||||||||||||||
ІV бөлім (5 минут)
| «Кім көп біледі?» Компьютерден шыққан басқатырғылар (жалғасын тап) 1 – топ сұрақтары 1.Өмір бойы жеке адамның орнығып жетілуін ... деп атаймыз./ қалыптасу 2. ... - дүниені білу тәсілдері туралы ілім./ методология 3. Бақылау баланың ... әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді/ мінез-құлқын | Оқушылар компьютерден шыққан аяқталмаған сөздерді аяқтайды | ||||||||||||||
V бөлім (3 минут)
ОҮБ | Тест жұмысы 10 дұрыс – 3 балл 7-9 дұрыс – 2 балл 4-6 дұрыс – 1 балл 0-3 дұрыс -0 балл
Балл негізінде бағалау | Студенттер тест сұрақтарына жауап береді
Бағалау бетшелеріне балл қойып отырады | ||||||||||||||
Қорыту кезеңі (1 минут) | Педагогика курсы бойынша тараулар туралық мәліметтер талданды |
| ||||||||||||||
Бағалау (3 минут)
| Кестені толтыру Эксперттің қорытындысы
Әр топтың жинаған ұпайы шығару Критерий бойынша бағалау бетшелерін толтырғанын оқыту | Ұпай сандарымен танысады. Өзін-өзі бағалайды. | ||||||||||||||
Үйге тапсырма (30 секунд) |
| Дәптерлеріне жазып алады | ||||||||||||||
Кері байланыс (30 секунд) | «Бағдаршам» | «Бағдаршам» түстерін көтереді |