Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы : «Әлеумет».
Бөлімі : Өзін –өзі тану.
Тақырыбы : «Отбасындағы қуаныш»
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттері: сыйластық, бауырмалдық, отбасы, қуаныш, шаттық.
Мақсаты: «Бақыт, қуаныш» құндылықтарының мәнін түсіндіру.
Міндеттері:
-Отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету;
-Отбасы мүшелеріне қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту;
-Отбасындағы өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: дәптер, отбасы суреттері, жүрек, күн, гүл, ағаш атрибуттары.
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық
| Шаттық шеңбері Өзін-өзі тану пәнінен, Біз жақсылық үйрендік. Жамандықтан жирендік, Ерекше бір күйге ендік. Біз үйрендік бұл пәнде, Жаны сұлу болу керек әр пенде. Тапсырмалар, жағдаяттар орындап, Шырқап салдық әнді де. Өзін-өзі тану жолында, Өмірдің мәнін түсіндік. Бақытқа қол жеткізу, Тек өзімнің қолымда. Сұрақтар: 1. Ал балалар, сендердің көңіл - күйлерін қалай? 2. Жаңа айтқан өлең шумақтары сендерге ұнады ма? Қорытынды: Олай болса, біз осы көтеріңкі көңіл- күйімізбен бүгінгі сабағымызды бастаймыз. |
Ұйымдастыру – іздестіру
| Өзіммен-өзім Балалар бәріміз жайғасып отырып, көзімізді жұмып, өзіміздің отбасымызды, яғни тату-тәтті жанұямызды көзіміздің алдына елестетейік. Бәріміз демалыс күні үйдеміз. Отбасы мүшелері түгел үлкен дастархан басына жиналдық (әке, ана, ата, әже, іні, қарындас,әпке, сіңілі) деп ойлайық. Бәріміздің жүзімізде қуаныш, бір-бірімізге сүйіспеншілікпен, сыйластықпен қараймыз. Біздің қуанышты сәтімізге ортақтас күн сәулесі де үй ішін жылы шуаққа бөлейді. Қандай тамаша, қандай қуанышты күн! Ал енді балалар, көзімізді жайлап ашып, өзіміздің ойымызды, жүрегіміздегі сезімдерімізді бөлісейік. Әр бала өз отбасына қандай тілек тілесе, соны қағаз бетіне түсіріп, оны мына салынған (күн- жылулық, гүл –әдемілік, көгершін- татулық, жүрек – жақсы көру, сүю, ағаш – денсаулық) суретерге жапсырасыңдар. |
Рефлексивті – түзетушілік | Қорытындылау: -Балалар, бүгінгі сабағымыз сәтті өтті. Өйткені біз өзіміздің сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, оларға көмектесуге үйрендік. |