«Осень 2024»

Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды міндет балабақшамен байланыс орнату.

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі,өнегелі тәрбие беру-қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды міндет балабақшамен байланыс орнату.

Қарағанды қаласы

«№2 «Батыр»санаторлық

балабақшасы»КМҚК

тәрбиешісі: Нукушова.Б.С

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі,өнегелі тәрбие беру-қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып,өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.

Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып,балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар-балабақша мен отбасы.

Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса,ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.

Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі-айналаны тану,сезіну,қабылдау,түсіне қарау,әсерлей білу,өзіне мақсат қоя білуге баулу.

Өмірдегі,өнердегі,табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету.

Педагог ғалымдарының тұжырымдарына сүйенсек тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін білеміз.

Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз-отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым-қатынасын талап етеді.

Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.

Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым-қатынас барлық нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар,ата-аналар,педагогтар арасында сенімділік қатынасты орнату,оларды бір командаға біріктіру,өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу.

Ата-аналармен өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс барысында іске асыруға болады.

-Педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру:

-Іс-әрекеттің түрлі формалары,ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу,әртүрлі ойын-сауықтар,ертеңгіліктер,жиындарға,үйірмелерге қатыстыру болып табылады.

-Балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау:

-Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжрибе алмасу.

-Әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.

Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат,міндеттерінің түсінуіне,бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз.

Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру,сонымен қатар кідіріс те болдырмау керектігін түсінеді.

Ата-аналарды салауатты өмір салтына бейімдеу бағытында, денсаулық күніне ата-аналармен бірлескен «Күзгі марафон»атты жарыс өтілді.

«Алтын күз»мерекесіне арналған ертеңгілікке де,ата-аналар қатысып киімдер тігу,атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалысты.

«Балабақша өмірінен»балалардың қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан суреттерін іліп қойдық.

«Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дәптеріне өз пікірлерін жазып,кеңестермен танысты.

Ата-аналарды балабақшадағы балалардың өмірін мейлінше қызықты өткізуіне үлес қосу үшін біздің балабақшада «Күзгі жемістер»жәрмеңкесі өтілді.

Ата-аналардың өз қолдарынан жемістерден жасаған бейнелерінен көрме ұйымдастырылып өз шығармашылықтарын көрсете білді.

Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі, ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын,оның басқалармен қалай араласуын,білім деңгейін,құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алды.

Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па,балабақшада ол үйдегідей емес,өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады.

Бәрін мен дұрыс істеймін бе,неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан,неге үйрену керек деген рефлекстік қызмет іске қосылады.

Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесіп отырып жасаған тиімді.

Себебі,ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді,отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады.

Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс-тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер,кеңестер мен сұрақ-жауап кештері,тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар,ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.

Балалардың логикалық ойлау қабілеті,интелектуалдық дарындылығы,есте сақтау қабілеттері түрлі логикалық ,сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамып,ақыл-ой белсенділігі арта түседі.

Шығармаларды,ертегілерді,әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып,театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады.

Ата-аналармен жүргізілген жиналыстарда балалардың жұмыстарынан көрме жасап қоямыз.

Ата-аналармен біріге отырып қуыршақ театрлары мен ертегілерді саханалаймыз.

Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.

Ата-аналармен кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні.

Мектеп жасына дейінгі мекемемен,оның дәстүрлерімен,ережелерімен,тәрбиелеу-оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға,олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді.

Ата-аналармен топтарға саяхат жасау,балабақша жұмысынан үзінді көрсету,ұжымдық жұмыстар,серуен кезінен,әңгімелесу,алған әсерлерін анықтау,туындаған сұрақтарға жауап беру,пікірлерін тыңдау.

Ата-аналар конференциясының негізгі мақсаты-отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу.

Ата-аналар алдын-ала мәлімдеме дайындайды немесе бірлесіп дайындау.

Конференцияның өзекті тақырыбы мысалы, «Бала денсаулығына қамқорлық»конференцияға балабақша медбикесі,тәрбиешілер,ата-аналар,балабақша қызметкерлері қатысты.

Әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің педагогикалық принципі негізінде жүзеге асыруда байқауға болады.

Тәрбиешілердің,қоғамдық ұйымдардың және отбасының ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп жұмыс істеуін талап етеді.

Балалардың педагогикалық-психалогиялық даму картасы,балалардың негізгі құзреттіліктерінің қалыптасуындағы жетістіктерін бағалау индикаторлары.

Отбасындағы баланың дамуын зерттеу:отбасына бару,сауалнама,тест,интерпритация,суреттері.

Тренинг жұмыстарын ұйымдастыру, «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі»кеңес беру,топтық жеке кеңес беру.

Кеңестер жүйесі құрастырылады,олар жеке дара немесе ата-аналар топтарымен жүргізіледі.

Топтық кеңестерге бірдей проблемалы немесе тәрбиелеуде бірдей табыстары бар әртүрлі топтың ата-аналарын шақырамыз.

Ата-аналардың белгілі білімдерді,әдістерді меңгеруі,проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты мақсаты болып табылады.

Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас,бірлік,ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.

Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл,мәдениетті,дені сау,жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.



Қолданған әдебиет: «Отбасы және балабақша» 2011ж

«Педагогикалық кеңес» 2011ж

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» 2017ж




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее