Алматы облысы
Іле ауданы
Ахметкулова Шырай Камзақызы
№ 40 орта мектебі
IV тарау. Организмдердің көбеюі мен жеке дамуы.
Тақырыбы: Жасушаның бөлінуі.Митоз
Мақсаты:
Білімділік: Жасушаның бөліну жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Жасушаның бөліну жолдары мен фазаларын қарастыру арқылы білім алушылардың ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Жасушаның бөлінуі тірі ағзалар үшін маңызды екеніне көз жеткізу
Ой қозғау
1.Жасуша дегеніміз.................
2.Жасушаны зерттейтін ғылым..................
3.Жасушаны алғаш ашқан ғалым.....................
4.Жасуша теориясының авторы.....................
5.Алғашқы өсімдік жасушасының ядросын ашқан ғалым......................
6.Цитоплазманы ашқан ғалым.........................
7.Ядросыз жасушалы организмдер.....................
8. Ядролы жасушалы организмдер.......................
9.Жасушаны көретін құрал.............................
10.Жасуша орталығы.............................
Өсімдік және жануар жасушаларын салыстыру .
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жасушаны ң бөлінуі
Митоз
күрделі бөліну
(дене жасушалары)
Амитоз
тікелей бөліну
(қарапайымдар)
Мейоз
күрделі бөліну
(жыныс жасушалары )
Үш кезеңнен тұрады:
1.Ядроның бөлінуі-кариокинез
2.Цитоплазманыңбөлінуі-цитокинез
3.Бөлінуге дайындық-интерфаза
И К Синтез алдындағы кезең-G1 – жасуша бөлінуіне қажетті нуклеотиттер ,аминқышқылдары, ферменттер,
Н Е АТФ молекуласы т.б. заттар күшті қарқынмен жинақталады.
Т З
Е Е Синтез кезеңі-S – ДНҚ молекуласы синтезделіп, саны екі есе артады , синтез кезеңінде РНҚ, нәруыз
Р Ң молекуласы көп мөлшерде синтезделеді.Хромосомалар екі еселенеді, әрқайсысы Ф Д екі бөліктен тұрады, олар - хроматидалар деп аталады
А Е
З Р Синтезден кейіңгі кезең-G2 − ДНҚ мөлшері өзгермейді. РНҚ,нәруыз синтезделуі жалғаса береді.
А І Энергия жинақталады- ол митозға жұмсалады.
Интер фазада тұқым қуалаушылықпен тығыз байланысты мынадай процестер жүзеге асырылады.
а) генетикалық материал өздігінен екі еселенеді;
б) екі еселенуге байланысты жаңа пайда болған ДНҚ молекуласының ескі ДНҚ молекуласының көшірмесіне айналады.
Митоз (кариокинез) – ядроның бөлінуі.
5-фазадан тұрады
1-фаза - профаза
2-фаза - прометафаза
3-фаза - метафаза
4-фаза - анафаза
5-фаза – телофаза
Профаза – интерфазада екі еселенген хромосомалар жіңішке жіпше пішінге келіп тығыздалады,жуандайды,тұрқы қысқарады.Хромосомалар екі жіпшеден, хроматидалардан тұрады.Екі еселенген хромосомалардың шоғырлануына
байланысты ядрошық жойылады. Цитоплазмадағы түйіршікті ЭПТ-дың ыдырауына байланысты нәруыз синтезі әлсірейді.Центриольдер екі еселеніп, полюстерге тартыла бастайды.
Прометафаза- ядро қабығы ериді ,кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді. Екі еселенген хроматидалар бейберекет таралады.Хромосомалардың жасуша экваторына қозғалуы басталады.
Метафаза -хромосома қабықшасы байқалады және телофазаға дейін сақталады. Хромосомалардың барлығы экваторға жинақталып,ахроматин жіпшесіне жабысады. Ахроматин жіпшесіне бекінген хроматидалар жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды.
Анафаза- хроматин жіпшесіне бекінген хроматидалар бір-бірінен ажырап ,жеке хромосомаларға айналады. Хромосомалар жасушаның екі жақ полюсіне тез жылжиды. Ахроматин жіпшелері қысқарады.Осының барлығына АТФ энергиясы жұмсалады.Хромосома шиыршығы жазылып,ұзарып, жіңішкереді.
Телофаза- профазаға қарама-қарсы процестер жүреді. Хромосомалар полюстерге жетіп,олардың жылжуы тоқталады. Хромосомалар дұрыс пішінін жоғалтып, жіпшеге айналып шумақталады.Ядро қабықшасы түзіліп,ядрошықтар қалпынакеледі.Ядрошықтың маңайында РНҚ және нәруыздардың мөлшері көбейеді. Ең соңында цитоплазма бөлініп,екі жас жасуша пайда болады.
Оны цитокинез деп атайды .
Амитоз - Хромосомаларда құрылымдық өзгерістер байқалмайды. -Ахроматин жіпшелері пайда болмай-ақ, бірден ядро екіге бөлінеді. Мысалы: картоптың крахмал түзетін жасушалары, қарапайымдарда регенерацияланып жатқан бұлшық ет жасушаларында. Амитоз жолмен бөлінуін 1841 жылы Ремак анықтаған.
.
о
Митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы.
1.Митоздық бөліну-өсу процесінің маңызды кезеңі.
2.Аналық жасушадағы митоз барысында пайда болған гинетикалық материал жас жасушаларға тең бөлінеді.Жас жасушалардағы генетикалық ақпарат аналық жасушадағы генетикалық ақпараттың көшірмесі болып табылады.
3.Бөлінгеннен кейінгі жас жасушалардағы хромосомалардың саны аналық жасушалардағы хромосомалар санына сәйкес келеді.
4.Егер митоз процесі зақымдалса, хромосомалар санында ауытқулар болады, яғни хромосома саны артады н.емесе кемиді. Ол жасушаны үлкен өзгеріске ұшыратады. Мұндай жағдайда жасуша тіршілігін жояды немесе мутацияға ұшырайды.
Хромосомалардың саны
- Митоздың барлық фазасында негізгі ролді хромосомалар атқарады
- Әр фазада хромосомалардың құрылысы өзгеріп отырады
- Бір түр екінші түрдің хромосомалардың санына байланысты ажыратылады
- Хромосома сол түрдің белгілі қасиеттерін сақтай отырып тұқым қуалаушылықтың генетикалық ақпаратын береді
- ДНҚ-ның екі еселену кезінде тең екіге бөлінудің негізінде,әр түр өзіне ұқсас ұрпақ беріп,түр тұрақты сақталып отырады. Мысалы :..........................................
- Хромосомалардың толық жиынтығы диплоидті, оның жартысын гаплоидті деп атайды
Адам хромосомасының диплоидті жиынтығы-46
гаплоидті жиынтығы-23
оның 22 жұбы аутосомалық хромосомалар, ал 1 жұбы жыныстық хромосомалар деп аталады.
Тақырыпты қорытындылау
Митоздың фазаларын ретімен орналастыр.
Ойын
“ Кім тапқыр”
1-сұрақ
Жасуша циклі дегеніміз не?
2-сұрақ.
Жасуша бөлінуінің қандай түрлері бар?
3-сұрақ.
Кариокинез дегеніміз не?
4-сұрақ.
Цитокинез дегеніміз не?
5-сұрақ.
Жасушаның бөлінуге дайындық кезеңі қалай аталады? .
6-сұрақ.
Интерфаза қандай кезеңдерден тұрады?
7-сұрақ.
Хромосомалар екі еселеніп,екі бөліктен тұруы қалай аталады?
8-сұрақ.
Жасушаның қарапайым жолмен(амитоз)бөлінуін анықтаған ғалым.
9-сұрақ.
Хромосомалардың толық жиынтығы қалай аталады?
10-сұрақ.
Хромосомалардың жартылай жиынтығы қалай аталады?
Бағалау
Үй тапсырмасы.
§ 30.Жасушаның бөлінуі.Митоз
132-беттегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Кестені толтыру.
Р. S 1-беттегі Қасым Аманжолов ауылындағы Кент тауында орналасқан “Қызыл кеніш” будда монастыры. XVI- ғасыр.