Бекітемін:______________
Күні: 28.02.2017жыл
Сыныбы: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосудың қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ондық бөлшектерді қосу ұғымымен таныстыру, ондық бөлшектерді
қосуды үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз
бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, слайд, оқулық.
Оқытудың әдісі: Түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару,
в) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: дәптерлерін жинап алып тексеру.
Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында сұрақтар қою:
10(жоғарыдағы) – Жай бөлшектің түрлері нешеу және ата? (2 – еу, дұрыс және бұрыс бөлшектер)
10(ортадағы) – Дұрыс және бұрыс бөлшектер дегеніміз не? (алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек. Алымы бөлімінен үлкен немесе оған тең бөлшек бұрыс бөлшек.)
10(төмендегі) – Өзара кері сан дегеніміз не? (көбейтіндісі 1 – ге тең болатын екі сан)
20(жоғарыдағы) – Санның бөлігін қалай табамыз? (санды осы бөлшекке көбейту керек)
20(ортадағы) – Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қалай тұжырымдалады?(бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек)
20(төмендегі) – Бөлігі бойынша санды қалай табамыз?(бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек)
30(жоғарыдағы) – Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрларын қалай атаймыз?(ондық таңбалар)
30(ортадағы) – ондық бөлшек дегеніміз не? (бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған санды айтамыз)
30(төмендегі) – ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме? (өзгермейді)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Ойла, ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
(Есепті шығара білмесең)
Орын жоқ саған өмірден.
О 21 + 47 68
1 100 100 100
+
5, 4 7
9, 6 8
Ондық бөлшектерді қосу үшін:
Нөлдерді тіркеп жазу арқылы қосылғыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек;
Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астында үтір тура келетіндей етіп) етіп жазу керек;
Разрядтар бойынша қосып, қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірдің астына қою керек.
+
3 4, 6 8 3
8, 5 6 4
4 3, 2 4 7
Түсіндіру. Мыңнан 3 плюс мыңнан 4 мыңнан 7 – ге тең. 7 – ні жазамыз. Жүзден 8 плюс жүзден 6 жүзден 14 – ке тең немесе оннан 1 – ге және жүзден 4 –ке тең. Жүзден 4 – ті жазып, оннан 1 – ді есте ұстаймыз немесе ондық үлестің үстіне жазып қоямыз. Оннан 1 плюс оннан 6, плюс оннан 5 оннан 12 – ге немесе 1 бірлік пен 2 ондық үлеске тең. 2 ондық үлесті жазып, 1 бірлікті есте ұстаймыз немесе бірліктің үстіне жазып қоямыз.
+
5, 2 4 3
7 6, 4 0 0
8 1, 6 4 3
Ескерту: Ондық бөлшектерді қосуды меңгергенде, жетіспейтін нөлдерді жазып жатпай – ақ, ойша қосып жазған дұрыс.
Ондық бөлшектерді қосқанда, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері сақталады:
a+b=b+a – қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
14,25 + 7,341 = 7,341 + 14,25
(a+b)+c=a+(b+c) – қосудың терімділік қасиеті.
(15,224 + 8,1) + 1,9 = 15,224 + (8,1 + 1,9) = 25,224
Есептер шығару:
А тобы:
0,07 + 13,23 = 13,3 2) 85,07 + 3,03 = 88,1 3) 6,3 + 2,5 + 0,7 = 9,5
9,02 + 4,28 = 13,3 25,6 + 0,41 = 26,1 9,2 + 3,3 + 1,6 = 14,1
18,36 + 7,14 = 25,5 56 + 0,37 = 56,37 0,1 + 9,9 + 1,5 = 11,5
В тобы:
1,245 + (0,755 + 3,02) = (1,245 + 0,755) + 3,02 = 2 + 3,02 = 5,02
(2,716 + 12,3) + 4,284 = (2,716 + 4,284) + 12,3 = 7 + 12,3 = 19,3
91,125 + (0,83 + 8,875) = (91,125 + 8,875) + 0,83 = 100 + 0,83 = 100,83
(134,06 + 16,03) + 5,94 = (134,06 + 5,94) + 16,03 = 140 + 5,94 = 145,94
C тобы:
2,3 + 4,5 + 0,6 + 0,5 + 1,7 + 0,4 = (2,3 + 0,7) + (4,5 + 0,5) + (0,6 + 0,4) = 3 + 5 + 1 = 9
8,01 + 9,08 + 5,13 + 1,99 + 0,87+4,92 = (8,01+1,99) + (9,08 + 4,92) + (5,13 + 0,87) =10 + 14+ 6=30
6,091+7,083+3,127+0,373+2,117+0,209=(6,091+0,209)+(7,083+2,117)+(3,127+0,373)=6,3+9,2+3,5= 19
«Сергіту сәті» Оқушыларға сұрақ оқылады, дұрыс жауапта оқушылар қолдарын тік бағытта, дұрыс емес жағдайда көлденең созады.
Бөлшектер үшке бөлінеді? (дұрыс емес)
5 натурал сан? (дұрыс)
Алымы бөлімінен кіші болса – бұрыс бөлшек болады? (дұрыс емес)
Ондық бөлшектің үлкені координаталық сәуледе оң жақта орналасады? (дұрыс)
Ондық бөлшектің жазылуында үтір қойылмайды?(дұрыс емес)
Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болады?(дұрыс)
«Бірге ойланайық» Кесте берілген. Есептер мен жауаптарды сәйкестендіру арқылыЕуропа
елдеріне ондық бөлшекпен есептеуді насихаттаған нидерландиялық инженер және
математиктің кім екенін білетін боламыз. (Стевин)
№ | 0,5 + 0,5 | 1,9 + 5,1 | 34,2 + 2 | 7,6 + 4,3 | 6,2 + 3,7 | 64,5 + 1,5 |
1 | С | А | К | И | В | Е |
7 | А | Т | О | Ұ | А | Л |
36,2 | Г | Ф | Е | Ғ | Р | С |
11,9 | Е | Ж | Р | В | Ы | Д |
9,9 | У | Э | Ш | Ң | И | І |
66 | Я | О | П | Р | З | Н |
Тест тапсырмасы:
¼ - і 80 – ге тең.
А) 320 В) 20 С) 160
Мына сан қандай сандар? 3/5 және 5/3
А) натурал сан В) өзара кері сан С) жай сандар
16 метрдің ½ - жартысы неге тең?
А) 32 В) 6 С) 8
8,65 + 2,35 = ?
А) 10 В) 11 С) 10,35
15,39 бен 15,4 ортасына қандай теңсіздік белгісін қоямыз?
А) В) С) =
Нөмері | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жауабы | А | В | С | В | А |
І – топшама
0,7 + 0,3 = 1
0,4 + 0,1 = 0,5
0,26 + 0,14 =0,4
ІI – топшама
1,2 + 0,8 = 2
1,3 + 0,2 = 1,5
0,75 + 0,25 = 1
ІII– топшама
3,5 + 0,5 = 4
1,1 + 1,4 = 2,5
0,91 + 0,09 = 1
ІV– топшама
1,2+3,2 = 4,4
6,7 + 1,3 = 9
1,83 + 2,17 = 4
V – топшама
4 спортшы: Әлия, Ғалия, Мадина, Динара гимнастикадан өткен жарыста алдыңғы үш орынды алды, бірақ олардың кез келген екеуі бұл орынды бөліскен жоқ; «Кім нешінші орын алды?» - деген сұраққа 3 жанкүйер былай деп жауап берді:
а) Әлия – ІІ, Динара – ІІІ
ә) Әлия – І, Ғалия – ІІ
б) Мадина – ІІ, Динара – ІІІ.
Жанкүйерлердің әрқайсысы бір рет қателескенін ескеріп, әр спортшының қандай орын алғанын табыңыз. (Жауабы: Әлия – І, Мадина – ІІ, Динара – ІІІ, Ғалия – IV)
VІ – топшама
Үш адам сөйлесіп тұр: Ақбаев, Қарабаев, Сарыбаев. Олардың қара шаштысы Ақбаевқа айтады: «Біреуіміздің шашымыз ақ, екіншісінің шашы қара, үшіншісінің шашы сары, бірақ ешкімнің шашының түсі тегіне сай келмейді» олардың әр қайсысының шаштарының түстері қандай? (Жауабы: Ақбаев – сары, Сарыбаев – қара, Қарабаев – ақ)
VІІ – топшама
Егер бес мысық бес тышқанды 5 минутта ұстаса, бір мысық бір тышқанды неше минутта ұстайды? (Жауабы: 5 минут).
Сабақты бекіту кезеңі:
Не білемін? | Нені білмеймін? | Не үйрендім? |
|
|
|
1. Ондық бөлшектер қалай қосылады?
2. Ондық таңбаларының саны әр түрлі ондық бөлшектер қалай қосылады?
3. Ондық бөлшектерді қосуда қосудың қандай қасиеттері орындалады?
Үйге тапсырма: №1288,1289 есептер
Бағалау. Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Сабақ аяқталды сау болыңыздар.