Тексерілді
« »
Директордың
оқу – ісі жөніндегі
орынбасары
Сабақ № 39
Сынып: 7
Пән: Материктер мен мұхиттар географиясы
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың халқы және саяси картасы, Анд елдері
және Шығыстағы жазық елдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Оңтүстік Американың халқы және елдері, ұлттық, діни, тілдік құрамы, басқару жүйелері жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың
көрнекілігі: Оқулық, кескін карта, карта,интерактивті тақта (слайд шоу), 7 Материктер мен
мұхиттар картасы.
Сабақ барысы :
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс – әрекеті | ||||||||||
1.Ұйымдастыру кезеңі | Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. | ||||||||||
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. | 1. Оңтүстік Американың табиғат зоналары? 2. Оңтүстік Американың табиғат зоналарының таралып орналасуы? 3. Табиғат зоналары дегеніміз не? 4. Оңтүстік Американың ерекше қорғалатын аймақтары? 5. Адам әрекеті әсерінен табиғат зоналарының өзгеруі? | ||||||||||
3.Жаңа материалға көшу кезең
| Ең,ең,ең...........
| ||||||||||
4.Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық | Халқы 320 млн. Астам. Тілі- португал, испан. Оңтүстік Америка- дүние жүзіндегі халық аз қоныстанған материктердің бірі. | ||||||||||
5.Жаңа білімді меңгеру | Халықтың қалыптасуы мен нәсілдік, ұлттық құрамы жағынан алуан түрлі халықтардың жиынтығынан құралған. Материкке адамдар алғаш рет бұдан 15-17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған. Сондай-ақ адамдар Африка мен Мұхит аралдарынан да келді деген болжам бар. Оңтүстік Американың байырғы халқы болып есептелетін үндістер материктің қазіргі халқының 10%-ын ғана құрайды. Х.Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық-тайпалық қоғамдық құрылыста өмір кешіп аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан. Оңтүстік Американың халқын түсіндіру.
Оңтүстік Америка елдерін аймақтар бойынша түсіндіру. Солтүстік Америка елдері Шығыстағы жазық елдері. Венесуэла, Гайана, Суринам, Бразилия, Парагвай, Уругвай, Аргентина т.б. жатады. Анд елдері. Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили т.б. жатады.
Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар-метистер қазіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елдерінің негізгі халқын құрайды. XVI ғасырдан бастап Африкадан 300 жыл бойы материктегі кеніштер мен плантацияларда жұмыс істеу үшін миллиондаған құл – негрлер әкелінді. Олардың еуропалықтармен некелесуі нәтижесінде мулаттар, ал үндістермен некелесуінен самбо қалыптасты. Негр мен мулаттар Оңтүстік Американың солтүстігі мен шығысында тұрады. ХІХ ғасырды Испания мен Португалиядан келгендер материктің оңтүстік-шығысына көбірек қоныс аударған. Олардың ұрпақтары өздерін креолдар деп атайды. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен бірге Латын Америкасы деп атайды. Оңтүстік Америка-дүние жүзіндегі халқы аз қоныстанған материктердің бірі. Бұл материкте тұрғындар саны 1 млн-нан асатын 20-дан аса миллионер –қалалар бар. Оңтүстік Американың кейбір елдерінің ерекшеліктерін түсіндіру. Чилй Ұзын ел Оңтүстік Америка елдері. Перу Ежелгі өркениет
Бразилия Дамыған ел Боливия Боливар елі
Елдері. ХІХ ғасырдың басында құл иеленушілік жойылғаннан кейін, Еуропа елдері өз иелігіндегі жерлерге азаттық беруге мәжбүр болды. Қазіргі мемлекеттердің шекараларының қалыптасуы ХХ ғасырда ғана аяқталды. Табиғат жағдайларына байланысты материк Анд елдері мен Шығыстағы жазық елдеріне айқын ажыратылады. Анд елдері қатарына Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили жатады. Шығыстағы жазық елдеріне Венесуэла, Гайана, Суринам, Бразилия, Парагвай, Аргентина және Франция иелігіндегі Француз Гвианасы жатады. Бразилия жерінің ауданы мен халық саны жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі бес елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік құрылымы штаттан тұратын федерациялық республика. Халықтың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Құрғақ саванналар мен пампада ірі қара көп өсіріледі. Плантацияларда кофе, какао, қант құрағы, күріш, соя, банан, апельсин өсіріледі, олардың кейбіреуін өндіру жөнінде дүние жүзінде алдыңғы орындарды алады. Бразилия халқының нәсілдік және ұлттық құрамы күрделі. Үндістер мен метистердің көпшілігі елдің солтүстігі мен батысында тұрады.Саны жағынан еуропалықтар басым.Сонымен қатар мулаттар мен негірлерде де көп тұрады. Ел халқы жыл сайын 3 млн.адамға көбейіп отырады.Халықтың басым бөлігі жағалаудағы ірі портты қалаларда шоғырланған. Мұндағы Рио-де-Жанейро,Сан-Паулу қалалары әлемдегі алып, көрікті қалалар қатарына жатады. | ||||||||||
6.Жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру |
| ||||||||||
7. Жаңа білімді бекіту |
| ||||||||||
8. Үйге тапсырма беру. | Оңтүстік Американың халқы және саяси картасы, Анд елдері және Шығыстағы жазық елдері |