«Осень 2024»

Оңтүстік Америка

Урок географии по теме "Южная Америка", где учитель в интересой форме рассказывает детям об южной америке. дети выполняют разные виды работ.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Косайн Темур Нигдатшахұлы, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Сарытоғай ОЖББМ география мұғалімі.

Сабақ тақырыбы:

Оңтүстік Американың жер бедері. Пайдалы қазбалары. Жер қыртысындағы терең жарықтар. Пайдалы қазбалардың басты кен орындарының таралуы

7 сынып

Мақсаты: Оқушыларға атлас картаны, тақырып бойынша мәтінді және берілген суреттер пайдаланып Оңтүстік Американың:

жер бедерін,

пайдалы қазбаларын, олардың басты кен орындарының таралуын

жер қыртысындағы терең жарықтары туралы топтық талқыға салу және тақырып бойынша ой қорыту.

Сабақ барысы:

І. 1. Үйге берілген сабақты еске түсіру.

Географиялық диктант

1. Оңтүстік жарты шар материктері ұзақ уақыт бойы қандай материктің құрамында болды? (Гондвана)

2. Гондвана қандай тақтаға ажырады?

(Америка, Африка - Арабия, Үндістан, Аустралия, Антарктиктида)

3. Тақталардың ажырауына байланысты қандай мұхиттардың табаны ашылады?

(Атлант және Үнді)

4. Оңтүстік Америка не арқылы Солтүстік Америкаға жалғасты? (Панама мойнағы)

5. Қай материктер арасында құрлықтық байланыс үзіліп, бір - бірінен ажырап кетті? (Аустралия, Антарктида)

• Ең, ең

  1. Ең ылғалды және ең жасыл материк (Оңтүстік Америка)

  2. Мұнда Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы жөнінен өте үлкен өзен Амазонка орналасқан. Оның жылдық ағыны 7000 км³, су жинау алабының ауданы 7 млн км² асады.

  3. - Материктің солтүстігінде дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель

орналасқан, ол 1054 м биіктіктен құлап ағады

  1. - Анд тауларына дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі – Титикака орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812 м биіктіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км², тереңдігі 304 м.

  2. Оңтүстік Америка – Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл

материк, жерінің тең жартысына жуығын ормандар алып жатыр

  1. Материктегі аса ірі тау жүйесі - Анд таулары дүние жүзіндегі ең ұзын тау болып табылады. Ұзындығы 9000км - ден асатын Анд Солтүстік Америкадағы Кордильераның жалғасы болып табылады.

  2. Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі – Аконкагуаның биіктігі 6960 м, ал Вальдес түбегіндегі материктің ең төмен жатқан нүктесі (- 40м) орналасқан.

ІІ . Мәтінмен жұмыс және еске түсіруге арналған сұрақтар.

Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылар ойларын жинақтап, әр топ материктің ерекшеліктеріне тоқталады. Мысалы: Амазонка тобы, Анд тобы, Асыл тастар тобы, Бразилия таулы қыраты тобы әр топ өздеріне берілген атауларды қорғап шығуы керек.

ІІІ. Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге Америка дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп те атайды.

Материк пішіні солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіне дейін созыла орналасқан, ұшбұрышқа ұқсайды. Материк жағалауларына жақын маңызды аралдар аз, тек оңтүстік батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеседі.(атластан табыңдар). Аралдарының ең ірісі Магеллан бұғазы арқылы материктен бөліп жатқан Отты жер аралы.

1. тапсырма

«Оңтүстік Американың жер бедерінің қалыптасуы мен пайдалы қазбаларының тарауына» арналған сызбаларды толтырту

Оңтүстік Американың жер бедері және пайдалы қазбалары

Атластағы «Оңтүстік Американың жер қыртысының құрылымы» картасына қарап, тапсырмаларды орындаңдар.

а) «Оңтүстік Американың жер бедерінің құрылымы» картасына қарап, тапсырма оқыңдар.

ә) Материктің басым бөлігін не себепті жазықтар алып жатыр...................................................

б) Биіктігі мен түзілісі жағынан Анд тауларын бұрын оқып кеткен материктердегі қандай таулармен салыстыруға болады?...................................................

в) Анд тауының ең биік нүктесін және онда орналасқан ең биік жанартауды атаңдар. Тау жүйесінің түзілуі әлі де жүріп жатқанын қалай дәлелдеуге болады?............................

г) Жер бедері мен пайдалы қазбалары орналасуының арасында қандай байланыс бар?...............................

2. тапсырма

Оқушылардың ойын дамытуға арналған логикалық сұрақтар

Сұрақтарға жауап беріңдер.

а) Оңтүстік Америка мен Африканың жағалау сызықтарының ұқсастығын қалай түсіндіруге болады?............................................................................................

ә) Оңтүстік Американың жағалаулары неліктен аз тілімделген?........................................................................

б) Оңтүстік Американың оңтүстік – батысында жағалау сызығы қатты бөлшектенген. Бұл немен байланысты?..........................................

в) Сызбаға Л - Плата шығанағын, Отты Жер архипилагын, Магеллан бұғазын, Дрейк бұғазын жаз.

3. тапсырма

Оқушылардың ойын сергітуге арналған есептер, материк координатасын табу.

Шеткі нүктелер.

1) Солтүстік нүктесі - Гальинас м - 12°с. е 72°б. б

2) Оңтүстік нүктесі – фроуэрд 54°о. е - 71°б. б

3) Батыс нүктесі - Париньяс 5°о. е.- 82°б. б.

4) Шығыс нүктесі - Кабу - Бранку7°о. е. 34°б. б.

Градус және километр есебімен, материктің ең шеткі нүктелерінің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа дейінгі ара қашықтықты анықтау.

Мысалы, экватордан Гальинас нүктесіне дейін 12°, 111*12=1332км. Ал экватордан Фроуэрд нүктесіне дейін 54°,

1 - топ

111*54=5994км

1332км+5994км=7326км 12°+54°=66° ( Солтүстіктен оңтүстікке дейін)

2 - топқа 82*111=9102км 34*111=3774 9102км+3774км=12876км

82°+34°=116° (батыстан шығысқа дейін)

4. тапсырма Оқшылардың ойын қорытындылауға арналған кесте.

«Анд тауының сипаттамасы» кестесін толтыр.

Сабақ бойынша жазбалары: Сабақ соңында әр топ бірін - бірі бағалайды және әр каналдан келген журналистер де өз бағасын береді. Сонымен қатар әр топтағы мамандарды да мадақтау керек. Оқушылар $37 - 38 тапсырманы қайталап картамен жұмыстарын аяқтайды.

БҚО Ақжайық ауданы Сарытоғай ОЖББ мектебі, география пәні мұғалімі:

Құсайн Темур Мигдатшахұлы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее