«Өлкетану»
7- сыныпқа арналған
факультативтік курс бағдарламасы
Орындаған: Секенов А.Б
\
ТҮСІНІК ХАТ
«Өлкетану» бағытына байланысты оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мемлекеттік стандартқа сәйкес облысымыздағы жаратылыстану бағыты бойынша білімді дамыту үшін құрастырылған.
Оқу бағдарламасының негізгі бағыты – өз өлкеміздің табиғаты мен жер бедерінің қалыптасуының кешенді, жүйелі білім түсінігі.
Мектептегі білім беру жүйесінде «Өлкетану» пәні өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және олардың мәдени тұрғыда шығармашылық тұлға болып қалыптасуына, ең бастысы ғаламшардағы тіршілікті сақтауда табиғат алдында, қоғам алдында жауапкершілікті сезінуге үйретуде өте маңызды рөл атқарады.
«Өлкетану» курсы бағдарламасының мақсаты: Еліміздің, Павлодар облысының, Ақтоғай өлкесінің географиялық орны мен табиғатының ерекшеліктері туралы және табиғат ресурстары жайлы білімді қалыптастыру, алған теориялық білімдерін және өздігінен түйіндеген мәселелерін оқуға және өмірдегі кез-келген жағдаяттарда дұрыс және ойланып қолдана білу.
Мақсатқа сәйкес келесі міндеттер анықталды:
Оқушылардың географиялық ойлауын қалыптастыру;
Қоршаған орта мен табиғаттың өзара байланысы туралы білімді жүйелеу;
Еліміздің, Павлодар облысының, Ақтоғай өлкесінің географиялық орны мен табиғатының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру;
Картографиялық сауаттылық дағдысын қалыптастыру;
Түрлі ақпарат көздерінен керекті мәліметтерді алуға және өлкеміздің табиғатын, шаруашылығын сипатайтын ақпараттарға баға беру,
Өз өлкеңнің табиғатына деген потриоттық сезім мен қамқорлықты дамыту,
Өз өлкеңдегі адамзат алдында шешілмейтін жатқан мәселелерді қарастырып, ұсыныстар қабылдауға үйрету.
Адам өміріндегі табиғаттың рөлі, қоғам мен табиғаттың өзара әрекетінен туындаған мәселелерді шешу;
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру;
Туған жердің табиғаты жайлы ақпарат негізінде оқушылардың курсты оқып үйренуге қызығушылығын арттыру;
Қазақстанның табиғат ресурстарына баға беру;
«Өлкетану» бағдарламасы іске асыру барысында әр сыныптың жас ерекшелігін ескере отырып, саралап оқытуда жеке тұлғаға және құзыреттілікке бағытталған оқыту үрдісін болуы қажет.
Факультативтік курс бағдарламасы бойынша сабақтың құрылымы мен мазмұны тарих пен география пәнін кіріктіру негізінде құрастырылған. Әлемнің табиғаты мен шаруашылығы жайлы алған білімдеріне қоса өз өлкесінің табиғаты мен шаруашылығы жайлы алған білімдерін сәйкестендіріп, сарамандық жұмыстарда, картографиялық жұмыстарда, түрлі диаграммалар мен кестелер құруда, тарихи-географиялық обьектілерге және табиғи және экономикалық құбылыстарды сипаттауға қолдану. Сондықтан, түрлі тапсырмаар орындау мақсатында пәнаралық байланысты қолданудың тиімділігі өте зор.
«Өлкетану» бағдарламасының мазмұны «Жаратылыстану» білімінің мазмұнымен сәйкестендіріліп, жаратылыстану ғылыми бағыттағы әдіс-тәсілдерді қолданудағы табиғат құбылыстарын зерттеу, адамзаттың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Осы мазмұнға сәйкес оқу бағдарламасының құрылымы төмендегідей:
І. «Туған жер» -7-8 сынып, 5 бөлім,аптасына 1 сағат жылына 34 сағат
«Өлкетану» курсы бойынша бес бөлімнен тұратын бағдарламының өзектілігі географяины оқытуда жаратылстану-ғылыми және әлеуметтік-экономикалық білім жүйесін қалыптастырудағы оқушылардың әлеуметтік құзыреттіліктерін заманауи өзгермелі өмірге бейімдеу, ол үшін оқушыларды өздігінен оқытуға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс жасауға баулу, әр бір оқушының қабілетін дамытуға, қызығушылықтары мен құштарлықтарын оятуға жағдай жасау барысында педагогикалық кеңестіктегі жаңаша оқыту үдерісін ұйымдастыру.
Оқушылардың білім, біліктілігіне қойылатын талаптар:
- Қоршаған орта мен табиғат жайлы түсінігі болуы;
- Адам мен табиғаттың байланысын көрсете білу;
- Жерлерді, атауларды картада көрсете білу.
- Табиғаттардың ерекшеліктерін айыра білу;
- Өзен, көлдердің орындарын анықтай алуы;
- Экологиялық тұрғыдан сипаттай білу;
- Шығармашылық тұрғыда ашық және еркін жеткізе білу;
- Туған өлкенің табиғат ерекшелігін анықтау;
- Ландшафт, реакрияция сөздерін түсіне білу;
- Елге, жерге деген отаншылдығын түсіне білу;
- Жергілікті жердің, еліміздің климат құрушы факторын анықтау;
- Құралдардың көмегімен қысымды анықтай және өлшей алуы;
- Павлодар, Ақтоғай жерлерінің ландшафтарын сипаттау;
-Ақтоғай өлкесінің географиялық қалыптасу кезеңдерімен табиғи ландшафты аймақтарын білу;
- Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарының таралу заңдылықтары мен
орналасу факторларын білу;
- Қазақстанның әр экономикалық аудандарының пайдалы қазбалалары және
олардың орналасуындағы өнеркәсіптердің маңыздылығын анықтау;
- Павлодар облысының пайдалы қазбалар мен жер бедерлерінің геологиялық
қалыптасу кезеңдерін сипаттау;
- рекреациялық аймақтардың орналасуын білу;
Курстың мазмұны мен құрлымы.
7- сынып, 34 сағат
1 Бөлім.Кіріспе (1 сағат)
2 бөлім. Қоршаған орта(5 сағат) Қоршаған ортаның қалыптасу рөлі Табиғат көрнісінің түрлері . Табиғаттың тылсым күштері. Жер бедері онын алуан түрлігі . Адам үшін табиғаттың маңызы
3 бөлім. Қазақстан туған жерім (9 сағат) Табиғатқа саяхат. Қазақстан –Еуразияның кіндігі,әлемдегі орны. Табиғат және оның ерекшелігі . Рекреациялық аймақтар. Қазақстанның көрнекті жерлері. Туристік рекреациялық аймақтары. Өсімдіктер мен жануар түрлерінің таралу заңдылықтары. Бас қала-Астананың табиғаты .
Сарамандық жұмыс №1 Қазақстанның көрнекті жерлерін презентациялау
4 бөлім.Туған өлкем-Павлодар(Кереку)(13 сағат). Табиғатты аялау туралы түсінік. Павлодар облысының экономикалық географиялық жағдайы. Павлодар облысы халқының құрамы. Табиғат ресурстары. Тұзды көлдердің зияны мен пайдасы. Өсімдіктер мен жануарлардың таралу аймақтары. Павлодар облысының табиғатына сипаттама. Жер бедерлерінің алуан түрлілігі. Өзен-көлдердің шаруашылыққа пайдасы. Табиғи ортаны қорғау, қалпына келтіру.
Сарамандық жұмыс №2 Павлодар облысы халқының құрамы.
5 бөлім. Дүние есігін ашқан жерім-Ақтоғай(5 сағат). Ақтоғай атауының тарихы. Ақтоғай ауданының жер бедеріндегі геологиялық құрылымы. Ақтоғай ауданындағы ауыл шараушылығының түрлері. Ақтоғай ауданы халқының құрамы.
Сарамандық жұмыс № 3 Халықының қүрамы.
Тақырыптық күнтізбе
7- сынып
Аптасына 1 рет жылына 34 сағат
| Тақырып | Сағат | Күні |
| І-бөлім |
|
|
1 | Кіріспе | 1 |
|
| ІІ-бөлім |
|
|
2 | Қоршаған ортаның қалыптасу рөлі | 1 |
|
3 | Табиғат көрнісінің түрлері | 1 |
|
4 | Табиғаттың тылсым күштері | 1 |
|
5 | Жер бедері ,оның алуан түрлілігі | 1 |
|
6 | Адам үшін табиғаттың маңызы | 1 |
|
7 | Табиғатқа саяхат | 1 |
|
| ІІІ-бөлім |
|
|
8 | Қазақстан –Еуразияның кіндігі,әлемдегі орны. | 1 |
|
9 | Табиғат және оның ерекшелігі | 1 |
|
10 | Рекреациялық аймақтар | 1 |
|
11 | Қазақстанның көрнекті жерлерінің ландшафты | 1 |
|
12 | Өсімдіктермен жануар түрлерінің таралу заңдылықтары | 1 |
|
13 | Бас қала-Астананың табиғаты | 1 |
|
14 | Қазақстан жеріне саяхат | 1 |
|
15 | Сынақ | 1 |
|
16 | Сарамандық жұмыс №1 Қазақстанның көрнекті жерлерін презентациялау | 1 |
|
17 | Табиғатты аялау туралы түсінік. | 1 |
|
| ІV-бөлім |
|
|
18 | Павлодар облысының экономикалық географиялық жағдайы. | 2 |
|
19 | Павлодар облысы халқының құрамы. | 1 |
|
20 | Табиғат ресурстары. | 1 |
|
21 | Тұзды көлдердің зияны мен пайдасы. | 1 |
|
22 | Өсімдіктер мен жануарлардың таралу аймақтары. | 1 |
|
23 | Павлодар облысының табиғатына сипаттама. | 1 |
|
24 | Жер бедерлерінің алуан түрлілігі. | 1 |
|
25 | Өзен-көлдердің шаруашылыққа пайдасы. | 1 |
|
26 | Табиғи ортаны қорғау, қалпына келтіру. | 1 |
|
27 | Сарамандық жұмыс №2 Павлодар облысы халқының құрамы. | 1 |
|
| V -бөлім |
|
|
28 | Ақтоғай атауының тарихы. | 1 |
|
29 | Ақтоғай ауданының жер бедеріндегі геологиялық құрылымы. | 1 |
|
30 | Ақтоғай ауданындағы ауыл шараушылығының түрлері. | 1 |
|
31 | Ақтоғай ауданы халқының құрамы. | 1 |
|
32 | Сарамандық жұмыс № 3 Халқының құрамы | 1 |
|
33 | Сынақ | 1 |
|
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1.Сапаров Қ.Т Ертіс алабындағы кейбір жер-су аттарының қалыптасу жолдары//Материалы научно-практической конференции Жандаевские чтения Алматы,2001-160б
2. Сапаров Қ.Т Павлодар облысы жануарлар дүниесін бейнелейтін географиялық атаулар топтамасы//ХабаршыҚазҰУ-2003,номер2,69-76.
3. Сапаров Қ.Т,Бияров Б. Шығыс Қазақстан облысы топонимдерінің қалыптасуы География және табиғат 2006-номер4,-14-18б.
4.Тілеке Ж.Ертіс-Баянауыл өнірі.-Павлодар: Дауа-Қазақстан,1995,-368б.
5.Түкібаев У.М Киелі жандар және ұрпақтары ( Тарихи зертеулер).-Павлодар,2002,-104б.
6.Шаймерденов Н.рВодные ресурсы Павлодарской облости.-Павлодар ТОО НПФ ЭКО, 2002.—104б.
7.Қалымқұлов Р.Т.Кереку :ертіс-Кереку өңірінің әкімшілік-аумақтық құрылымының жалпы тарихи және елді мекен атаулары (ХVIII-XXIғ.).-Павлодар, 2008,-284б.
8.КөшімбековС.К. Сарыарқа.-Алма –ата:Қайнар,1989,-264б.
9.Геоэкология Павлодарской облости,-Павлодар: ПГУ им.С.Торайғырова, 2003,-69-76б.
10.Бейжан Ж,Мағзымов С.Ардақты елім-Ақтоғай,-Павлодар
20