«Осень 2024»

Одномерный масси

Разработка урока одномерный массив. Объяснение темы решение задач, опрос домашнего задания в виде игры.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Жиымдар. Бірөлшемді жиым (массив)”.

9 сынып


Сабақтың тақырыбы: Жиымдар. Бірөлшемді жиым

(массив).

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жиымдар тақырыбы бойынша түсінік беру, алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіре отырып, теориялық білімін практикада ұштастыру.

А) Білімділігі: Оқушылардың массив жайлы жалпы білімін қалыптастыру.

Ә) Тәрбиелігі: Оқушыларды адалдыққа, дүниетанымдыққа, жауапкершілікке, жүйелікке, ауызбіршілікке мықты және әдептілікке тәрбиелеу.

Б) Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс істей алу қабілетін көтеру, тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа, шығармашылыққа баулу.


Сабақтың міндеті: Оқушыларға компьютер алдында еркін, өз бетінше жұмыс істеуді қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,есептер жинағы, топтамалық сұрақтар.

Пайдаланатын педагогикалық технология және

әдіс-тәсілдер: Ақпараттық технология, түсіндірмелі-

иллюстриативті көрнекілік әдіс.


Сабақтың барысы: Оқушыларды сабаққа бағыттап, үй тапсырмасын сұрау.

Қайталау сұрақтары «Кубикті лақтыру» ойыны түрінде беріледі:

  1. Қандай алгоритмдер циклдық деп аталады?

  2. Қайталау операторлары нешеу?

  3. While опеаторының қызметі қандай?

  4. Repeat операторының ерекшелігі...

  5. Параметрлі қайталау операторы қалай жазылады?

т.с.с. презентацияда көрсетілген.


Жаңа сабақты түсіндіру: “Жиымдар. Бірөлшемді жиым (массив)”.

Алгоритм құру, программа жазу барысында оған қатысатын кең тараған негізгі обектілердің бірі кестелер. Оның мысалдары:

  1. Ауа температурасының кестесі

  2. Пифагор көбейту кестесі

Осы типтегі мәліметтер программалау тілдерінде жиыммен сипатталады

Жиым дегеніміз – бұл бір атауға біріктірілген бір типті шамалардың реттелген тізбегі.

Жиымға кіретін айнымалыларды массивтің элементтері дейді. Олардың саны сипаттау бөлімінде анықталады да, программаның орындалу барысында өзгермейді. Олардың реттік номері индекс деп аталады. Жиым элементтерінің типі файлдан басқа кез келген (бүтін, нақты, символдық, жолдық, жиымдық т.б) тип бола алады.


i

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

nc[i]

2

3.5

-7.11

0

91

-75

0

0.05

8.8

-9.81


Бірөлшемді жиым

Мысал ретінде көп суырмалары бар шкафты қарастырайық


Шкаф – бұл жиым

Суырма номерлері – индекс

Суырма ішіндегі заттар – жиым элементтері


Паскал тіліндегі жиымдар.

Жиымның негізгі параметрлері мыналар: типі (сандық, символдық, логикалық), өлшемі (бірөлшемді, екіөлшемді ...) және көлемі (жиымдағы элементтердің саны).


Бірөлшемді жиымды Паскалда былай жазады:

: array [1..n] of элемент типі

Мұндағы: - жиым (кесте) атауы, 1 алғашқы элемент нөмірі, n- ақырғы элемент нөмірі, -integer, real немесе string…болатын элемент типі, array- (жиым) операторды белгілеуге арналған Паскалдың қызметші сөзі.

Жиым Паскаль тілінің сипаттау бөлімінде былай көрсетіледі:

Мысалы:

var

А: array [1..10] of integer;

С: array [0..6] of сhar;

B: array [5..-5] of real;

Мұндағы : А массив аты, 10 элементі барын[1..10] өлшемін ,

элементтерінің бүтін сандық шама екенін көреміз. Сол сияқты С массивінде 6 элемент бар, олар таңбалар, Ал В массивінде 11 элемент бар, олар нақты сандар

Жиым элементтерін енгізу

BEGIN
for i:=1 to n do
begin
write(i,’
элементті енгіз ‘);
readln(
А[i]);

end;

Жиым элементтерін экранға шығару

For i:=1 to n do
write (A[i],’’:2);


Сабақты бекіту:

Программаны толықтырыңыз

Мынандай сандар тізбегі берілген: 5, 12, 3, 9, 15

Program massiv;

var

: array [1..5] of типі;

i:integer;

BEGIN

for i:=1 to 5 do

……

for i:=1 to 5 do

…….

end;

Жиым элементтерінің қосындысын анықтау


Program Sum_mas;

Var i,s: integer;

A : array [1..5] of integer;

begin

For i:=1 to 5 do

readln(A[i]);

s:=0;

For i:=1 to 5 do

s:=s+A[i];

Writeln (‘s=',s:6);

end.


Бірөлшемді жиым элементтерінің ең үлкенін анықтау

Program maxsimum;

const n=10;

var a:array [1..n] of integer;

max,i:integer;

begin


Жиым елементтерін енгізу;


max:=a[1];

for i:=2 to n do

if max

writeln;

write(‘ең үлкен элементі =’,max);

readln;

readln

end.


Жиым элементерін өсу ретімен орналастыру

Қарапайым таңдау тәсілі

program выбор;

var i, j, k, n, m: integer;

a: array [1..n] of integer;

begin for i:=1 to n do

begin

write (Введите a[‘, i,‘]’); readln(a[i]);

end;

for i:=1 to n-1 do

begin m:=a[i]; k:=i;

for j:=i+1 to n do

begin

if a[j]

end;

x:=a[i]; a[i]:=m; a[k]:=x;

end;

for i:=1 to n do write (‘a[‘, i,‘]=’, a[i] );

end.


Бұл есептердің пограммасы толық түсіндіруімен презентацияда көрсетілген.

Қайталау сұрақтары:

  1. Айнымалы типтер дегеніміз не?

  2. Сызықтық кесте дегеніміз?

  3. Жиым элеметтеріне қандай амал қолданамыз?

  4. т.б.с.с...

Бұл сұрақтар «Ғажайып алаңы» ойын түрінде беріледі.


Қорытынды. Бағалау. Үйге тапсырма.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее