«Осень 2024»

Негізгі қимылдарды дамытуда қимылды ойындардың маңызы

Педагогтің ойын тапсырмаларының көмегімен іске асыратын негізгі тәрбиелік міндеттері: балалардың ағзасын сауықтыру және нығайту, қажетті қимыл-дағдыларын қалыптастыру, балалардың қуанышты эмоционалды көңіл-күйі үшін жағдай жасау

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Негізгі қимылдарды дамытуда қимылды ойындардың маңызы

Педагогтің ойын тапсырмаларының көмегімен іске асыратын негізгі тәрбиелік міндеттері: балалардың ағзасын сауықтыру және нығайту, қажетті қимыл-дағдыларын қалыптастыру, балалардың қуанышты эмоционалды көңіл-күйі үшін жағдай жасау. Оларға достық қарым-қатынас және қарапайым тәртіпке, ұжымда құрдастарымен әрекет жасау дағдыларына, олардың тілін дамыту және сөздік қорларын кеңейтуге тәрбиелеу.

Балалар қимыл-қозғалыс ойындарын аса қызығушылықпен ойнайды. Қимылды ойындар эмоцияналды, әр-түрлі сюжетті және қозғалыс тапсырмалары арқылы қызықтырады. Балаларда қозғалысқа ұмтылдыру қасиетін қанағаттандыратын мүмкіндігі бар. Қимыл-қозғалыс ойындары кезінде әр-түрлі қимылдар орындалады.Мысалы: жүру,жүгіру, секіру, еңбектеу, лақтыру, көздеу, қағып алу, және т.б.

Ойынға қызыққан балалар бір қимылды бірнеше рет қайталап ойнайды. Олардың ойынға қызығушылығы жоғалмайды. Бұл қимылды жетілдіруге және дамытуға маңызды жағдай болып табылады. Соныменқатар балалардың белсенді қозғалыс әрекеттері әр-түрлі бұлшық еттің жұмысын едәуір жақсартады, қан айналысын жәнетыныс алуды күшейтеді зат алмасуды реттейді Бұның бәрі баланың барлық ағзасын сауықтыруға және толыққанды дене дамуына әсер етеді.

Қимылды ойындар мазмұны бойынша ,қозғалыс тапсырмалары бойынша, балаларды ұйымдастыру әдіс-тәсілдері бойынша, ойынның күрделі ережесі бойынша ажыратылады.

Қимылды ойындарды келесі топтарға бөлуге болады.

  1. Сюжетті ойындар балалардың әрекеті сюжетпен және кейіпкермен орындалады. Ойынның ережелері жеңіл болады.Баланың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеуге көмектеседі және барлық ойынғақатысушылар үшін міндетті болып табылады.

  2. Сюжетсіз ойындар.Ойынның бұл түрі әр түрлі аулаушыларға, әсіресе жүгіру кезінде қулықпен ұстап алуға негізделген. Ойынның бұл элементтері ерекше қимылды, эмоционалды, ерекше жылдамдықты, қимыл ептілігін талап етеді.

  3. Ойын жаттығулары. Белгілі қозғалыс тапсырмаларына бағытталған. (секіру, лақтыру, жүгіру) және балалардың жаттығуына белгілі қимыл түрінде бағытталған. Ойын жаттығуларын балалардың аз тобымен ұйымдастыруға болады. Қимылды орындау бір мезгілде сондай-ақ, кезекпен болуы да мүмкін. Мұндай ойын жаттығуларын жеке балалармен де ойнауға ыңғайлы.

  4. Жарыс элементтерімен ойын. Жеңіл эстафеталық ойындар белгілі қимыл-қозғалыс тапсырмаларын орындауға бағытталған және ойынның бұл түрінде сюжет болмайды, бірақ онда әр түрлі қимылдарды және қайсарлықты, сапаны көрсететін, үлкен белсенділікті оятатын жарыс элементтері бар, (жылдамдық, ептілік, төзімділік).Осындай ерекшеліктері арқылы ойынның бұл түрі сюжетсіз ойыннан айрықша. Ойынның бұл түрін звеноға, командаға бөлінбей өткізуге болады, әр бала өзі үшін ойнап, тапсырманы өте жақсы орындауға талпынады. Сонымен қатар звеноға, командаға бөлініп ойнауға да болады. Мұндай ойында барлық звеноның жалпы қорытындысы ойынға қатысушылардың келісілген іс-әрекеті және әрбір ойыншының тапқырлығы, ептілігіне байланысты болады.

  5. Спорттық ойын үлгілерін жеке топтармен көрсетеді: бадминтон, Футбол, волейбол, баскетбол т.б. түрлері.Бұл ойындарда спорттық ойын ережелері және жеңіл техника элементтері қолданылады. Ойынның бұл түрі ересек топ балаларына арналған, оларқа өте қажет және пайдалы.

Қимылды ойындардың алуан түрлілігі баланың тура мақсатқа жетуіне, жан-жақты дамуына әсер етеді.

Маңызды тәрбиелік қызметтер ойын ережесін тудырады.Олар тіпті жеңіл ойындардада кездеседі. Ойын ережесі берілген рөлге сәйкес әрекет жасауды қажет етеді.

Қимылды ойындарда жеңіл ережелерді орындау ұйымдастырылады және балалар тәртіпке келеді, бір-бірімен келісіммен әрекет етуге,жолдасына жол беруге, бір-біріне көмектесу, жалпы ережеге бағынуға үйренеді. Егер ереже орындалмаса, ойын өз мәнін жоғалтады, балалардың қызығушылығы да жоғалады.

Қимылды ойындар көбінесе ұжыммен өтеді.Бұл қарым-қатынаста өз қимылын үйлестіру дағдысына тәрбиелеудің маңызды шарты болып табылады.

Қимыл-қозғалыс ойындары баланың өз-ара қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік береді.

Ойын олардың өз-ара қарым-қатынасын көрсетеді, әр түрлі қозғалыс тапсырмаларына қатынасы пайда болады. Ойында көбінесе тақпақтар, жаңылтпаштар айтады.Олар балалардың тілін дамытады.

Ойынды ұйымдастыруға аса назар аудару қажет. Ойынды өткізу кезінде гигиеналық талаптардың орындалуына, шамадан тыс жүктеуді және шамадан тыс желіктіруді болдырмауды қадағалау керек. Себебі ол балалардың денсаулығына зиянын тигізеді, балаларға жағымсыз қылықтарды жасауға итермелейді.Сондай-ақ, ойын жалықтырмайтындай болуын қадағалау керек.Негізі, жалығудың бастапқы белгісі ойнаушылырдың қызығушылықтарының төмендеуі болып табылады. Жалығудың белгілері пульстің едәуір жиіленуі, қатты терлеу, ентігудің пайда болуы, тері түсінің өзгеруі. Бұның бәрі денсаулықтың нашарлануына, нерв жүйесінің жұқаруына әкеліп соғады. Бірақ ойын кезінде де жеңіл-желпі шаршаудың пайдасы да бар, себебі қимылды ойындар қимыл-қозғалысы аз балалар үшін өте керемет дәрі-дәрмек.

Сонымен, қимыл-қозғалыс ойындары бақытты балалық шақтың кілті –деп айтуға болады.

Қимылды және спорттық ойындар-бұл тек қана көңіл көтеру немесе денені жаттықтыру емес, бұл сонымен қатар рухани адамгершілік құралы, тіл дамыту және психоэмоционалды жаттығу, адамның дене, ақыл –ой, адамгершілік қасиеттерінің шындалып өсуіне жан-жақты әсер ететін әмбебап құрал .

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее