№2 «Батыр» санаторлық балабақшасы КМҚК
Смагулова Айбике Темохановна
Ұйымдастырылғаноқу қызметі
"Коммуникация", «Шығармашылық» білім беру салалары
Тақырыбы: «Наурызым, армысың!»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, музыка
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру. Түстерді айыра білу қабілеттерін бекіту.
Білімділік:Ұллтық Наурыз мерекесімен таныстыруды жалғастыру.
Дамытушылық:Балалардың сөздік қорларын, ұлттық ойындар арқылы қимыл-қозғалыстарын дамыту.
Тәрбиелік:Мерекеге деген қызығушылығын, үлкендерді құрметтеуге, бір-бірін сыйлауға, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Қостілдік компонент: Мереке-праздник, көктем келді – пришла весна
Көрнекілер: Наурыз мерекесіне бауланысты суреттер, қызыл, сары, жасыл, көк түсті гүлдер, орамалдар, арқан, кесе, көрпешелер
Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық
| «Гүл шоғы» шаттық шеңбері. Балалардың қолдарында гүлдер, бірінің артынан бірі музыка сүйемелдеуімен топқа кіріп шеңберге тұрады. Бір біріне жылы лебіздерін айтып, үлкен гүл шоғын жинап қояды. -«Гүл шоғы» балалар бүгін біздің сабағымызда өзінің жылуын шашып тұрады. |
Ұйымдастыру Іздестіру
| -Балалар қараңдаршы, біз қайда келдік? -Қалай ойлайсыңдар қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгіліндеқандай мерекелерди откиземиз? (Суреттерді қарастыру) -Ежелгі дәстүр бойынша қазақ халқы жаңа жылды 22-сі Күні қарсы алған. Бұл күнді-«Наурыз меркесі» деп атайды. Өйткені, Көктем келіп, күн жылынып, жер-әлем қайтадан жаңарып, шөптер мен гүлдер өсіп ағаштар бүршік жара бастайды. Барлық тіршілік иелері ұйқыдан оянады. Наурыз мерекесіне ел – жұрт ерекше дайындық жасайды. -Наурыз меркесінде не істейді екне? Балалар кім наурыз туралы тақпақ біледі? Әрсен: Күн мен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді. Соны тойлар ел енді. Наурыз тойы салтымыз, «Көгерсін» деп халқымыз. Көшеге тал егеді. Әбілмансур: Наурыз тойы – елдің тойы, Көктем тойы – төлдің тойы. Ән айтатын күні бойы, Жақсы көрем Наурыз тойын! Шұғыла: Көкткм келді шуақты, Балаларды қуантты. Алақай-ау, алақай! Көктем келді, Көкткм қандай көңілді. Нұржігіт: Наурыз келді құт болып, Мына бізге нұр болып. Аққа аузымыз толады. Бар жақсылық болады. Сақан Е.: Наурыз күні той – дума, Ортамызды ашайық. Ән мен күйді төгілдіріп, Інжу маржан шашайық, Сыздыков Е: Жылдың басы Науырыз, Жердің басы Науырыз, Меркеге арналсын. Бүгінгі жыр әніміз. Әжеге қонаққа барамыз. Балалармен амандасады. Наурыз мерекесімен құттықтайды. Әжеге арнап бәліштер пісіріп берейік. «Бәліштер» Әже: Менің шайымды сағынып келген шығарсыңдар. Өлең «Әжемнің шайы» Жүргізуші: Сендер өлеңді жақсы айтады екенсіңдер. Енді біз ұлдарымызды сынап корейк. Ойын ойнаймыз. Ойын «Арқан тартысу» -Ұларымыздың өнерін көрдік. Сендер күшті, мықты екенсіңдер. Енді қыздарымыз әжеге арнап би билегілері келіп отыр. Би «Кесе» |
Рефлексиялық- Түзетушілік
| -Біз сендермен қандай мерекені қарсы алдық? -Кімге қонаққа бардық? -Әжеге арнап қандай өлең айттық? -Қандай ұлттық ойын ойнадыңдар? -Қыздар қандай би биледі? |