Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың 2-ге, 5-ке бөлінгіштік белгілері
Сыныбы: 5 «ә»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жұп, тақ сандармен таныстыру, жұп, тақ цифрларды ажырата білуге үйрету, санның соңғы цифрына қарап, оның 2 – ге, 5 – ке бөлінгіштігін ажырата білуге үйрету.
Міндеті:
1. Оқушыларды жұп, тақ сандармен таныстыру, жұп, тақ цифрларды ажырата білуге үйрету, санның соңғы цифрына қарап, оның 2 – ге, 5 – ке бөлінгіштігін ажырата білуге және оны есеп шығарғанда қолдана білуге үйрету.
2. Оқушылардың логикасын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру; есептеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқуға жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез ой қорытуға және еркін сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Туындайтын идеялар: Жаңа тақырып бойынша түсінік алады. Алған білімдері бойынша есеп шығара алады, жұп және тақ сандарды айыры біледі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі баяндау, сергіту, ойын, жеке жұмыс, есептеу
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру
Көрнекілігі: слайдтар, постер, фломастер, маркер, кеспеқағаз, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, тест, стикерлер
Сілтеме: Т.А. Алдамұратова, Е.С.Байшоланова «Математика» 5 - сынып. Алматы, «Атамұра» 2015 ж.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2 – топқа бөлу: «Жұп» тобы және «Тақ» тобы. Топ басшылары тобындағы оқушыларды стикерлермен бағалап отырады.
2. психологиялық ахуал туғызу «Көтеріңкі көңіл күй» тренинг. Топтар бір – біріне жақсы тілек айтады.
II. Үй тапсырмасын сұрау. (слайд арқылы есептің шығарылу жолы көрсетіледі) Топ басшысы стикерлермен бағалап отырады.
№598
№599
III. Актуалдау:
Кубизм әдісі.
10 – ның еселіктерін атаңыз.
10 – нан 20 – ға дейінгі сандардың ішінен 2 – ге еселік сандарды атаңыз.
Сыныпта 8 ұл және 6 қыз бар. Олар топтардағы қыздар саны бірдей және ұлдар саны бірдей болатындай екі топқа бөлініп, волейбол ойнай ала ма? Әрбір топта неше ұл бала, неше қыз бала болады?
12 ∙ 5 ∙ 3 көбейтіндісі 3 – ке бөлінеді ма?
14, 15, 213, 230, 381, 455 сандарының қайсысы 2 – ге бөлінеді?
14, 15, 213, 230, 381, 455 сандарының қайсысы 5 – ке бөлінеді?
IV. Жаңа тақырып:
2 санына еселік сандар: 2; 4; 6; 8; 10; 12; 14; 16; 18; 20..., яғни 2 санына еселік сандардың жазылуы 0; 2; 4; 6 және 8 цифрларының бірімен аяқталады. Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2 – ге бөлінеді. Мысалы: 18 : 2 = 9; 104 : 2 = 52; 1376 : 2 = 688.
Жұп цифрлар: 0; 2; 4; 6 және 8. 2 – ге бөлінетін сандар – жұп сандар.
Тақ цифрлар: 1; 3; 5; 7 және 9. 2- ге бөлінбейтін сандар – тақ сандар.
Жұп сандардың жазылуы жұп цифрмен аяқталса, тақ сандардың жазылуы тақ цифрмен аяқталады. Мысалы: 10, 12, 24, 36, 58, 106, 208, 1526 ... сандары – жұп сандар, ал 11, 33, 57, 89, 101, 1421... сандары – тақ сандар.
5. Оқулықпен жұмыс. Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы. Сабақ барысында оқушылардың психологиялық ахуалы басты назарға алынып, олардың сабаққа түгел қатыстырылуы қамтамасыз етіледі.
№605 есеп ауызша
№606 есепті үлгермеуші оқушыларға шығарту
«Тақ» тобына: №607
«Жұп» тобына: №608
6. Дамыту: № 615
7. Сергіту сәті: «Сап түзе» ойынын ойнату.
1. Бір қатарға сап түзеңдер.
2. Бір қатардан екі қатар түзеңіздер.
3. Бір қатарға сап түзеңдер.
4. Бір қатардан үш қатарға түзеңіздер.
5. Бір қатарға сап түзеңдер.
8. Бекіту: «Қызықты сұрақтар»
Тұжырымдағы бос орынға тиісінше «жұп сан», «тақ сан» сөз тіркестерін қойып, толықтырып оқисыңдар
1) Жұп сан мен тақ санның қосындысы ...........
2) Жұп сан мен тақ санның көбейтіндісі...........
3) Жұп сан мен тақ санның айырмасы ...........
4) Жұп санның кубы ...........
5) Тақ санның квадраты .........
9. Қорытындылау: «Баспалдақ» ойыны арқылы әр топ өз аттарына сәйкес сандарды тауып айтады.
10. Үйге тапсырма: № 609, №610, 141 бет. Үй тапсырмасын түсіндіру. Күнделікке жазып алады.
11. Бағалау. Бағалау әр оқушының жинаған фигураларына қарай бағаланады.
Кері байланыста оқушылар сабақта алған әсерлерін бас бармақпен көрсетеді.