Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 А. Күнделікті өмірдегі есептеулер. Күні: Сынып:1 | Мектеп: №228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Маханбетова Қымбат Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Монеталармен төлеу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.3.6. 1 тг, 2 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау | |||||
Сабақ мақсаттары | Құны әр түрлі монеталарды ұсақтау арқылы есептесуді үйрету, соның негізінде есептеу дағдысын қалыптастыру Барлық оқушылар: Монеталарды ұсақтауды және монеталармен төлеуді үйренеді. Көптеген оқушылар: Монеталардың номиналдық құнын ажыратуды меңгреді. Кейбір оқушылар: Ірі монеталарды да ұсақтау және ірілеуді үйренеді және күнделікті өмірде қолданады. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | ақша, теңге, монета, құны, ұсақтау | |||||
Құндылықтарды дарыту | Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сауат ашу, дүниетану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Бастапқы білім | Ақша, теңге, монета | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Психологиялықахуал. | Ұйымдастырукезеңі: Шаттық шеңбері Армысың досым, Кел, маған қосыл (қолымен шақырады). Алақанға салып алақан, Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды). Жер шарындай айналып, Әлемге жарық шашайық (айналады). Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады). Ортамызда күн нұры, Құшақ қа оны алайық (құшақтасады). | Теңгелік монеталар; Монеталардың қатырма қағаздан қиылыған көшірмесі | ||||
Сабақтың ортасы ІІІ.Қызығушы лықты ояту | Теңге монеталары (1, 2, 5, 10, 20, 50, 100) бар қалталар алып қағып дыбыс шығару. -Балалар қалтада не бар ? -Кешегі сабақта біз монета туралы не білдік? Құны аз монеталардан бастап қалтадан біртіндеп шығару. -Мынау қай монета? Бұл монетаның номиналды құнын білесіңдер ме? Монетада жазылған сан оның номиналды құнын білдіреді. (Т) Әр топқа қапшыққа салынған монеталарды беру. 1) Ең үлкенінен кішісіне қарай орналастыр Кему ретімен санайды. 100 тг, 50 тг, 20 тг, 10 тг, 5 тг, 2 тг, 1 тг Сұрақтар қою. -100 тг мен 20 тг ортасында номиналы қандай монета орналасқан? (50тг монета) - номиналы 5 теңгелік монетаның екі жағында неше теңгелік монеталар орналасқан? -(2 тг және 10 тг монеталар) 1 тг мен 10 тг ортасында қандай монеталар орналасқан? (2 тг және 5 тг монеталар) Қорытынды жасауын қадағалау: номиналы кіші монетаның құны төмен, номиналы үлкен монетаның құны жоғары болады. Кітаппен жұмыс. Шайға төле. Сәуленің үш 10 теңгелік мнетасы бар. Ол 1 кесе шай мен 1 қантқа ақша төлеу керек. Шай 20 теңге, қант 8 теңге тұралы. Ол қолындағы ақшасын қалай ұсақтау керек? Шығарып көр. Анардың 20 теңгелік монетамен 60 теңге ақшасы бар. Ол алма, алмұрт және қара өрік сатып алмақшы болды. Бұларға ақшаны тура төлеу үшін Анар ақшасын қалай ұсақтауы керек? Монета қанша? (Өздік жұмыс) 5 минут 10 тг алу үшін, неше 5 тг монетасы қажет болады? 20 тг алуүшін, неше 10 тг монетасы қажет болады? 20 тгалуүшін, неше 5 тг монетасы қаже? 50 тгалуүшіннеше 10 тг монетасы қажет болады? Сергіту сәті "Көңілдікүн" (Т) Шығарып көр. 1 топ 1 тг, 2тг, 5тг, 10тгмонеталарының бір түрінен неше рет алып 20 тг жинауға болады? Номиналды құны бірдей монеталарды қолдан. Мысалы 20 монета құны 1 теңгеден болу керек. Жауабы: 1 тг- 20 дана 2тг- 10 дана 5 тг- 4 дана 10тг- 2 дана 2 топ 5тг, 10тг монеталарының бір түрінен неше рет алып 50 тг жинауға болады? Номиналды құны бірдей монеталарды қолдан. Мысалы 50 тгмонета құны5 теңгеден болукерек. 3 топ 20 тг, 50 тг, 2 тг, 1 тг, 10 тг монетаны пайдаланып 54 тг жина. 4 топ 5 тг 10 тг 20 тгмонетаны пайдаланып, 55 тг жина 5 топ. Берілген монеталардан 100 теңге құрастыру
| | ||||
Сабақтың соңы | Қ. Б. Берілген сома шығатындай монеталарды тауып жазу – 31 теңге , 35 теңге, 42 теңге, 53 теңге, 100 теңге. | | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
монеталар және олардың номиналды құнын ажыратуда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету. | монеталар және олардың номиналды құнын анықтап үйренеді | . Сергіту сәттері | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |