Тексерген________
Сабақ жоспары №
Пәні : Әдебиет
Пән мұғалімі: Меңдіғалиев Ж.
Сынып:5 «А», 5 «Ж»
Сабақтың өтілетін мерзімі: 03.05.2016
Сабақтың тақырыбы: М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: М. Шахановтың өмірі мен еңбектеріне сипаттама бере отырып, поэманың негізгі мәнін ұғындыру, батыр бабамыз Махамбеттің бейнесін ашу;
ә) Дамытушылық: Оқушыларға тұңғиық тарихымызды таныта отырып, дүниетанымдарын кеңейту, зерттеушілік қабілеттерін дамыту;
б) Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, батырлар есімін қастерлеуге, ақын шығармашылығына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география, музыка, математика.
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, топтық жұмыс, СТО стратегиялары, шығармашылыққа баулу, сатылай - кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Ақындар суреті, кітаптар көрмесі, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Сабаққа қатысын тексеру.
Жаңа сабаққа әзірлеу.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Сабақтың дәйексөзі: Махамбет есімі – өмірдегі қасіреттің синонимі, өмірдегі қасиеттің символы. (З. Қабдолов).
(Слайдтан М. Шахановтың суретін көрсету).
• Мына суретте кім бейнеленген?
• Ол қай жерде, қашан дүниеге келді?
• Ақынның қандай өлеңдері бар?
• Біз оның қандай шығармасын өттік?
• Бұл поэманың негізгі тақырыбы қандай?
• Поэмада қандай оқиға баяндалады?
• Әкесі неліктен өз баласын өлімге қиды, бұл дұрыс шешім бе?
• Нарын құмын картадан кім көрсетеді?
• «Зауал» сөзінің мағынасы қандай?
Оқушылар жауап берген соң, поэма мәтіні бойынша жұмыс:
І бөлім: «Махамбеттің соңғы сөзі»
(Бір - екі оқушы мазмұнын баяндап, жатқа үзінді оқиды).
Поэманың осы бөлігін слайдта берілген тарихи мәліметтермен толықтырамын:
1846 жылы Баймағамбет сұлтанның тыңшылары Ы. Төлеев, М. Нұралин, Ж. Боздақов,
және Ж. Өтеулин – бәрі бірігіп, Қараойға барып, батырдың басын алады.
ІІ бөлім: «Әке үкімі»
(Үш оқушы шығып, кейіпкерлердің ролін сомдап, шағын көрініс көрсетеді.)
Қатысушылар: Жігіт пен әкесі, автор.
Көріністі Мұхаммед пайғамбардың «Әкенің ризалығы – Алланың ризалығы. Әкенің реніші – Алланың реніші» деген сөзімен қорытамын.
ІІІ. Мағынаны тану:
Бейнетаспадан Махамбеттің «Жұмыр – Қылыш» күйін тыңдатып, бұл күйдің кімнің туындысы екенін сұраймын. Содан кейін осы күйдің ақынның қуғынға ұшырап, ел көзінен жырақ жүрген кезінде туғанын, бірде ақын келіп отырған ауылға Баймағамбет сұлтанның тыңшылары келіп қалып, сондай тығыз - таяң қиын шақта ағайынды Жұмыр, Қылыш деген жігіттер Махамбетті үйіне жасырып, аман алып қалғанын, жігіттердің осы қамқорлығына риза болған ақынның оларға арнап, осы күйін шығарғанын әңгімелеп беремін.
Топтық жұмыс:
І топқа тапсырма: «Топтастыру» - «Махамбет кім?» (Орындап болған соң, 1 оқушы шығып, жұмысын қорғайды )
Махамбет
↓
1803 - 1846 жж.
Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы
Ұлт - азаттық көтерілісін ұйымдастырған батыр
Дауылпаз ақын, аруақты, көреген, күйші
ІІ топ. «Ұқсастық пен даралық» - Жігіт пен әкесін салыстыру.
Жігіт Ұқсастығы Әкесі
ақылсыз әкелі-балалы ақылды
жағымсыз туыс адамдар, байыпты
надан қатал мінезді әділ
зұлым турашыл
сатқын шыдамды
ІV. Ой толғаныс.
Оқушылармен бірлесіп, поэманың композициялық жоспарын құру :
• Оқиғаның басталуы: Махамбеттің өзінің өлерін күні бұрын сезуі.
• Оқиғаның дамуы: Сұлтан тыңшыларының батырды қапыда өлтіріп, басын
алуы.
• Оқиғаның шиеленісуі: Батырдың басы үшін қымбат сый алған жігіттің
әкесіне келіп мақтануы.
• Оқиғаның шарықтау шегі: Әкесінің ашуға мінуі.
• Оқиғаның щешімі: Әкенің үкім шығарып, баласын жазалауы.
Поэмаға сатылай-кешенді талдау:
1. Авторы: Мұхтар Шаханов.
2. Тақырыбы: Махамбет батырдың өмірден өтуі, зұлымдық пен әділдік тартысы.
3. Жанр түрі: Поэзия (поэма).
4. Идеясы: Батырдың көрегендік қасиетін көрсету, өлімге бас имеген қайсар
рухына бас ию.
5. Шумақ саны:
6. Бунақ саны:
7. Буын саны: 7-8, 11,15 аралас буынды.
8. Ұйқас түрі: шұбыртпалы ұйқас (а-а-а-а-а), шалыс ұйқас (а-б-а-б)
9. Әдеби – теориялық ұғымдар:
Эпитеттер: қайсар ақын, сойқан заман, шомбал жігіт, сұр ішік т.б.
Метафора: Ақын деген – киелі аққу самғаған
Дисфемизмдер: оңбаған, жүзіқара, сорлы.
10. Сөздік жұмысы:
зауал – қиындық, қайғы
шомбал – алып, ірі
ішік – бағалы тон
пенделік – адамның ұнамсыз қасиеттері
ғаламат – орасан, зор
үкім – шешім, билік
кею – ренжу
• Тәрбиелік мәні: Елжандылыққа, батырлар есімін дәріптеуге, әділдікке баулу.
«БҮҮ» стратегиясы бойынша оқушылар өз түсінгендерін дәптерге жазады.
Білетінім Үйренгенім Үйренгім келетіні
Махамбет – ұлы ақын.
Оның көптеген өлеңдері
бар т.б. Махамбет – көреген,
аруақты адам т.б. Махамбет күйлерінің
тарихы т.б.
• Сабақты қорытындылау:
«Салыстыру картасы» арқылы Махамбет пен Мұхтарды салыстыру.
Махамбет Ұлылар үндестігі Мұхтар
ХІХ ғ. өмір сүрген
Батыс Қазақстанда туған
ереуіл ақыны
отар елде өмір сүрді
тәуелсіздікті армандады қазақтың аяулы ұлдары
біртуар ақын
қоғам қайраткері
елін сүйген патриот
қайсар, қоғам шын-
дығын ашық айтады ХХ-ХХІ ғғ. тоғысында
өмір сүруде
Оңтүстік Қазақстанда туған
бейбіт күн ақыны
тәуелсіз елде өмір сүруде
VІ. Үйге тапсырма беру: «Мен -Махамбеттің ұрпағымын!» тақырыбына ойтолғау жазу.