«Зима 2025»

Әлеуметтік инфоқұрылым салалары

Урок построен по новой технологии уровневого обучения.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақ тақырыбы:Сыныбы 9а .Күні: 8.02.18ж

Әлеуметтік инфрақұрылым салалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әлеуметтік инфрақұрылым салалары туралы түсінік беріп, көзқарастарын қалыптастыру. Оның мақсатымен танысу, тұрмыстық қызмет көрсету, халықтың демалысын ұйымдастыру салалары және олардың орналасу факторлары туралы біліп, Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылым қызметінің даму деңгейін анықтау. «Рекреация», «рекреациялық ресурстар» ұғымдарын ұғындыру.


Тәрбиелік: оқушылардың еліміздің табиғатын таза ұстауға, зиян тигізбеуге тәрбиелеу, экологиялық бағытта баулу, отансүйгіштікке, ұйымшыл, білімді болуға тәрбиелеу.


Дамытушылық:Есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Кескін картаға Қазақстанның рекреациялық аудандарын түсіру арқылы Қазақстанның инфрақұрылым кешені туралы білімдерін бекітіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.Өз-өздерін бағалауға, өз ойларын ортаға еркін айтып талдауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

Жаңа материалды меңгереді. Оқушылар өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, сын тұрғысынан ойлауға, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді.

Сабақ түрі

Шығармашылық сабақ

Қолданылатын әдістер

СТО әдістері, түсіндірмелі, жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері, сұрақ-жауап,т.б.

Пәнаралық байланыс

Биология, экономика, тарих, экология, бейнелеу, әдебиет, т.б.

Көрнекі құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, Қазақстанның экономикалық картасы, кескін карта, атластар,қосымша мәліметтер,плакаттар, кеспе қағаздар, маркерлер, стикерлер,нақыл сөздер жазылған парақшалар т.б.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.


Қызығушылықты ояту

Оқушыларды ұйымдастыру.2мин.

Оқушыларды топтастыру.(оқушыларға бірнеше суреттер таратылады. Суреттердегі мамандықтарға қарап, оқушылар топ құрады.

Оқушылар топтасады.


Үй тапсырмасын сұрау. 6мин

Үй тапсырмасын сұрау.2 оқушы «Ашық микрофон»әлісі арқылы сұрақтар қояды. Қазақстан -Орал телеарнасының тілшісі.2. Астана телеарнасының тілшісі.

1. инфрақұрылым деген не?

2. Қазақстан көлік және коммуникация кешенін нелер құрайды? (Су көліктері, теміржол, әуе, автомобиль, құбыр жолдары және телекоммуникация.)

3., Көліктің құрамдас бөліктерін атаңыз? (көлік құралдары, жолдар, ұйымдар, тиеу - түсіру пунктері

4. Бойлық бағытындағы магистралдар нешеу және қандай? Картадан көрсетіңіз?(. Орынбор - Ташкент 2. Түркістан - Сібір. 3. Трансқазақстан

5. телекоммуникациялық база неден тұрады?

6. каботаж деген не?

7.экологиялық лас көлік –автомобиль

8. құбыр желісімен мұнайдың неше пайызы тасымалданады?

9. Сіз қаламыздың көлік қызметін қалай бағалар едіңіз?

10.батыс европа –батыс қытай автомагистралінің ұзындығы-8845км



Негізгі бөлім

Мағынаны тану.

















Сұрақ-жауап.


Жаңа сабақ мазмұнын ұғыну.

«Болжау» стратегиясы. . Әр топтарға сұрақ:Не үшін біз бұл тақырыптарды оқу маңызды деп ойлайсыңдар?. Олай болса, тақырыбымыз: әлеуметтік инфрақұрылым салалары дәптерге жазады. Біз өткен сабақтарда өндірістік сала және өндірістік емес саламен таныстық.сонда әлеуметтік сала қайсысына жататын болды? Мұғалімнің кіріспе сөзі. Жаңа сабақ мазмұнынан қысқаша түсінік беру. Оқушыларға топта талқылауға уақыт беру.4мин.

Топтарға тақырыптар бөліп беріледі.

І топ. Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету.4 минут.

ІІ топ.Денсаулық сақтау және оның қалпына келтіру.

ІІІ топ.Білім беру.

ІҮ топ. Халықтың демалысын ұйымдастыру және рекреациялық аудандар.Тақырыптарын өз беттерінше оқиды, Елбасы биылғы жолдауы туралы айта отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыру.Топтасып өз тақырыптарына байланысты қадамдарын анықтап, маңызын түсіндіру.2 мин.

Ой шақыру: Видеоролик көрсету. Әлеуметтік сала туралы. «Білім ланд кз»сайты.

«Айналмалы таяқшалар» сұрақпен жауап қатынас. Берілген сұрақтар көлемінде жауап береді.

1.Әлеуметтік инфрақұрылым саласына не жатады?

2.Халықтың тұрмыстық сұранысын қай сала қамтамасыз етеді?

3.Елімізде денсаулық сақтауға қаншалықты көңіл бөлінген?

4.Халықтың демалысын ұйымдастыру ісіне не жатады?

5.Еліміздегі табиғаты ерекше аудандарды атаңдар.«Рекреация»деген не? AutoShape 4






1-тапсырма. 1 топқа.сауда және тұрмыстық қамту.


1.Сіздің ықшам аудандағы материалдық емес саланың кестесін құрыңыз.3мин

Қызмет көрсету түрі

Мекеме түрі

Жалпы саны

саудалық

 

 

Білімдік және мәдени

 

 

Денсаулық сақтау және сауықтыру-спорттық

 

 

туристік

 

 

Тұрмыстық қамту



Мекеме түрлері:мектеп, балабақша, аптека, поликлиника, спорткомплекс, стадион, театр, кинотеатр, концерт залы, магазин, почта, банк, шеберхана, рынок .шаштараз.

Суреттер арқылы топтасады

Өз ойларын ортаға салады.



Жаңа сабақ туралы мағлұмат алады.

Топпен жұмыстанады

Білу

2-топқа. Білім беру саласында қандай өзгерістер болып жатыр?2мин.


3- топқа. Егер сіз денсаулық министрі болсаңыз... өз ойыңызды дәлелдеңіз.


4 топқа.555 әдісі. 5 саны қатысушы. 5 түйін сөз. 5 минут.


2-тапсырма. Слайдтағы суреттер. Көрікті жерлерді анықтаңыз?


3-тапсырма.Кескін картаға Алтай,Марқакөл,Сарыағаш,Ақжайық шипажайларды белгілеңіз.

Жеке оқушы жұмыстанады.


Жұптасып жұмыстанады.







Бағалау 2 мин.




Үйге тапсырма беру. §35«Қазақстандық туризм» тақырыбында презентация жасап келу.Мұғалімнің қорытынды сөзі.






Бағалау .Ортақ бағалау парағы (топ ішінен бір көшбасы тағайындалады сол оқушы бағалап, ең соңында қорытындысын шығарады)

Топ мүшелері

І

ІІ

ІІІ

Жалпы балл










1











2











3











4











5











6


















Өз-өздерін бағалайды.

Рефлексия

Сабақты қорытындылау. Нақыл сөздерді оқиды, сол арқылы сабақтағы өз белсенділіктерін анықтайды

Егер сендерге сабақ ұнаса, оң қолмен бұлғаңыз!

Егер маған өміріме қажет деп тапсаң, алға бір қадам жасаңыз!

Егер инфрақұрылымды дамыту қажет деп ұсынсаңыз, қол шапалақтаңыз!

Егер еліміз әлемде беделді орынға ие болады десеңіз, екі қолыңызды алға созыңыз!

Егер елімізідің болашағы сіздердің қолдарыңызда екенін сезінсеңіздер, бір-біріңіздің қолдарынан ұстаңыз!

Осылайша бірлігіміз бен тірлігіміз берік болып, тыныш заманда білімді ұрпақ атанайық!

Орындарынан тұрып қимылдар арқылы сабақты аяқтайды.









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее