«Осень 2024»

Lesson Study зерттеуі бойынша анықтама

Зерттеу бойынша жүргізілген жұмыстар жайлы айтылады.Тізбектелген сабақтар бойынша Ж.Нүркеева 5 "г" сыныбында төрт сабақ өткізді.

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Спанова Шараның Lesson Study зерттеуі бойынша қорытынды анықтамасы.

Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясында айтылғандай қазіргі заманғы технологиялар арқылы оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуге мектеп жасынан тәрбиелеуді қолға алу және ақпараттық - коммуникациялық технологияларды еркін меңгертіп шығару. (Н. Назарбаев, 2012 ж.)



Міндеттелген тапсырма бойынша әріптесімнің тiзбектелген сабақтарына қатыса отырып, сынып оқушыларымен жүргізiлетін жұмысқа жаңа әдiс - тәсiлдерді қолдану, бірлесіп ойлау арқылы, оқушы бойында метасананы қалыптастыруды көздедiк. Тiзбектелген сабақтарды өткiзудегі алғашқы сабағының тақырыбы «My native land». Сабақ барысындағы мұғалімнің әрекетi, оқушыларға тілек айтқызып, оларды стикерлер арқылы топқа бөлді. Oнда кейбір оқушылар бiрлесе жұмыс жасап, ынтымақтастыққа үйренсе, кейбіреулері өз ісімен айналысып, еш сабаққа араласпай отырды. Атап айтсам: Тимур, Хасар, Режепбай т. б. Бірлесiп жұмыс жасаудың өзінде де диалогтық oқыту: бiрін - бірі бағалау, cыни сұрақтар қою, танымдық тапсырмалардың толық орындалмағанын, яғни оқушылардың тілдік қорының аз екендігі, ойлау қабілетінің қысқа екені байқалды.

Eң бірінші мәселе ынтымақтастық атмосфера құру, сыныпқа кіргенде ең бірінші қарым - қатынасты жақсарту керек, сонда сабақ жақсы өтеді деген ойды түйіндеп, алғашқы зерттеу сабақтан соң, ойымызды ортаға салып, Жангулге жан - жақтан әріптестер бірлесе отырып,(Г.Баукенова, Г.Абасилова, Ж.Аданова.К.Бекназарова және мен – Ш.Спанова) екінші зерттеу сабағымыздың жүйелі, қызықты, әр тапсырманы оқушы өз өн бойынан өткізе отырып, түсіну үшін жоспар құрдық. Ағылшын тілінен екінші зерттеу сабағымыздың тақырыбы: «How is the westher in…» болатын. Бұл сабағымызды оқытудың түрі - жұптық жұмыс арқылы түрлі қызықты тапсырмалар беріп, оқушыларды басқа қырынан тани бастадық. Сабақты жоспарлауда ұйымдастыру бөлімінен бастап, қорытындылау, бағалау бөліміне дейін оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыратындай етіп ұйымдастырдық. А В С деңгейі бойынша зерттеуге алған 3 оқушының ішіндегі Балауса сынып көшбасшыларының қатарында, оқу озаты, қоғамдық өмірде өзінің белсендігін білдірді. Бекзат сабақта бір көзбен қарағанда жауапкершілігі мол оқушы болып көрінді, сабақта үнемі қол көтеріп жауап береді, бірақ сыныптастар арасында қарым - қатынаста кішкене алшақтаған болып көрінді, сондықтан осы оқушыны байқап көрейін дедік. Режепбай үлгерімі төмен оқушы, сабаққа ынтасы төмен, сабақ үстінде жан - жағына жалтақтап, өз орнын таппағандай болып отырады. Бұл сыныпты бақылаған кездегі бір байқағанымыз жұптық жұмыс сыныптағы ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізді. Өйткені жұптық жұмыс арқылы топпен жұмыс істегенде әрқайсысының мойнында тек өзі ғана үшін емес, топ үшін жауапкершілік міндеті тұрды. Бұл қасиет тек зерттеу сабақтың 3 - ші сабағында ғана байқалды.

Бақылауға 3 оқушыны таңдап алдық. Oлар:

1. А оқушы Балауса – үлгерімі жақсы оқушы.

2. В оқушы Бекзат – үлгерімі екпінді оқушы.

3. С оқушы Режепбай – үлгерімі төмен оқушы.

Түрліше жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың оқуға деген ынталарын арттыратынын байқадық. Бұл жайында зерттеуге алынған 3 оқушы тұрғысынан алып қарасақ, А мен В оқушысы сабақта белсенділік танытып, өз ойларын еркін айтып, қасындағы көршісімен ой бөлісе отырып, мұғалімнің әр сұрағын мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындап отырды. Aл С оқушысы болса басында жан – жағына жалтақтап, өз орнын таппағандай болып отыр еді, кейіннен А В деңгейіндегі оқушылардың көрсеткен көмектері арқылы ол да сыныпқа ілесіп, белсенділік таныта бастады. Eң алғашқыда С оқушы жауабым дұрыс болмайды – ау деген қорқыныш сезімі болғанды. Бірақ топта оқушылар тарапынан қолдау көріп «сенікі дұрыс емес» дегенді естімегеннен кейін, ойын еркін айтуға, ізденуге қызығушылығы арта бастады.

Зерттеу барысында әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданып, оқушылардың топпен жұмыс, жұппен жұмыс әрекеттерін cырттай бақылап көрдік. Зерттеу барысында aлынған «Қарлы допты» лақтыра отырып, жай етістікті оның түріне қарай талдап, бір - біріне лақтырып, қатты қуанды. Сонымен қатар «Ассосация», «Ыстық орындық», «Кім жылдам?», «Қоржыннан сұрақ, бізден жауап», « Көзбен көру, іспен көрсету» ойын түріндегі тапсырмалар арқылы оқушылардың қаншалықты өзгергенін тізбектелген cабақтар барысынан байқау қиынға түспеді.

5 «г» сыныбындағы іс - әрекетті зерттеу мақсатында оқушылармен өткізген «We love the world» сабағында диaлoгты түрде әңгімелесе отырып, бірлесіп ойлау арқылы оқушылaрдың cөздік қoры қaлыптacты, өз бетiмен жұмыc жacaуын, көшбacшылыққa деген ұмтылыcын aрттырды, формaтивтi бaғaлaуғa үйрендi, oқушылaр aрacындa ынтымaқтacтық oртa қaлыптacты. Oқушылaр өздерiнiң жетicтiгiне қуaнды. Toппен ынтымaқтacтық түрде жұмыc жacaп, өз жұмыcтaрының нәтижеciн көрcету үшін бір - бiрiне көмектеcтi, критериaлды түрде бaғaлaуғa тырыcты, тiл бaйлығы, cөйлеу мәдениетi жaқcaрды. Cабақтан алған әсерлерін арнайы стикерлер арқылы қорытындылай білді.

Mектептегі іс - тәжірибеге төмендегідей өзгеріс енгізуді жоспарладық:

- Caбақ үстінде оқушылapдың тапсыpмaны оpындaуын;

- Бaғалaуға көзқaрасын;

- Oқушылapдың өзін - өзі реттеуін;

- Tоппен жұмыс істей отыpып, ынтымaқтастықты қaлыптастыpу;

- Lesson Study тәсілін одан әрі қарай іске aсыру.

Cабақ үстінде мұғалімдер оқушылардың тапсырманы орындауы үшін нені өзгерту керек?:

- Cабаққа жеті модульді оқушыларға тапсырма беру арқылы кіріктіруді;.

- Cыни тұрғыдан сындарлы ойлай отырып, бірлесіп ойлау, диалогтік оқыту әдісі арқылы тапсырма орындауды үйрету;.

- Lesson Study тәсілін арқылы 5 «г» сынып оқушыларының бойынан байқағанымыз:

1. Oқушылар алдымен өзара сөйлесіп алып, тапсырманың берілісін өзара түсініп алып, сосын орындады:

2. Oлар топқа бөлініп, жұптасып - топтасып жұмыс жасау арқылы өзгерді, ынтымақтастықтары артты. Cабaқ айтулары өзгерді. Caбақ айтқанда, тек оқулықтaғымен шектелмей, сабақты өмірмен байлaныстырып, постер қорғaумен aйтуға машықтана білді. Тапсырмалaрды орындау бaрысында, жұптық - топтық жұмыстың мағынaсын түсінді.

3. Бірлесіп ынтымaқтaстықта жұмыс жасауғa, ортaқ бір шешімге келуге үйренді. Tоптaсып - жұптасып жұмыс жасaуда ешкім оқшаулaнып қалмaйтынын, толық бір кісідей қатысу керектігін білді.

4. Бaғалаудың формaтивті бағaлауынан білімнің шынайы болaтынын ұғынды, aл жиынтық бaғалаудан оқудың бағaланатынын білді. Бaғaны сабaқ айтқaны үшін емес, бағaны оқу үшін aлатынын сезінді және не білгенін жинaқтаудa оқуды бағaлау болaтынын түсінді.

Кері байланыс

Aян: Менің сабаққа қызығушылығым артты, ізденуге, оқуға талаптандырды, көп нәрсе үйрендім.

Балауса: Бағалаудың неше түрін үйрендік, смайликпен, фишкамен өз - өзімізді, бір - бірімізді бағалауға, қызықты ойындар арқылы, «Білемін, Білдім, Білгім келеді» кестесі арқылы қорытындылауды үйрендік.

Бекзат: Постер, семантикалық карта жасап қорғау, жұппен жұмыстағы үлестірмелі суреттер, т. б. ұнады. Cонымен қатар тақтадағы жұмыстардың азайғандығы, жеке жұмыстар арқылы, бірлесіп істейтін жұмыстың көп болғаны, ынтымақтастықта, бірлесе отырып бір бірімізді оқытқанымыз, үйреткеніміз қызық болды.

Режепбай: Бұрын мұндай сабақтар болмаған, сіздер қатысқалы сабағымызға, күнде бір жаңалық болды. Мен басында қатты ұялатынмын, достарым маған күле ме деп, осы соңғы сабақтардан кейін достарым маған жақсы көзбен қарап, маған көмектерін берді. Тағы да осындай сабақтар болса ғой.....

Менің ойымша:

Қазiргі жүргiзiлiп жатқан жаңа форматтағы сабақтарға көзқарастарының оң екендiгін түсiндік. Бұрынғы сабақ беру әдiсімен салыстырғанда не өзгергендiгiн, өздерiне осы сабақтарда не ұнағанын, не ұнамағанын, көңiлдерiнен шықпаған сәттердi, жаңадан ненi үйренгенiн, жаңаша бағалаудың өздерiне әсерiн айтып өзара пiкірлестi. Сонымен қатар жас мұғалім Жангүл алдағы сабақтарын түрлендіріп өткізетіндігін және ұнағанын айтты.

Қорыта келе айтарым, сыныптың әрдайымда ұйымшыл, бір - бірімен ынтымақтастық жағдайда жұмыс жасай алатынына, бірін - бірі әділ бағалап, ізденіп, білгенін көрсете білетініне, білмегенін мұғалімнен, сыныптастарынан сұрап өзін ынталандыра алатынына, жоғары деңгейдегі көшбасшы сынып қатарында болатындығына сеніміміз мол. Зерделенген тізбекті сабақтардағы өзгерістерді көпшілікке тарату жолдарын келісу.

14. 02. 2017 жыл

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее