«Осень 2024»

"Күлгін орман ғажайыптары" Воскобовичтің дамытушылық ойындары

Вариативтік бөлімге арналған жоспар. Тақырыбы: "Күлгін орман ғажайыптары" Воскобовичтің дамытушылық ойындары. Балабақшада ортаңғы топ бүлдіршіндеріне, яғни 4-5 жас балаларына арналған құрал.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

«Раиса» бөбектер балабақшасы








Вариативтік бөлім



Тақырып: «Күлгін орман ғажайыптары»

(В.Воскобовичтің дамытушылық ойындары)

Топ: ортаңғы

Тәрбиеші: Ж.Е.Тажкеева

































«Күлгін орман ғажайыптары»



Мақсаты: Воскобовичтің ойындары арқылы балалардың танымдық, логикалық, ойлау дағдыларын арттыру.

Міндеттері:

  • Балалардың танымдық қызығушылықтары мен зерттеу дағдыларын дамыту;

  • Байқағыштықтарын, қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін, ойлау қабілеттерін, назарлары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Балалардың эмоциялық бейнелегіштіктері мен логикалық бастаудың үйлесімді дамуы;

  • Қоршаған орта туралы көріністерін, математикалық түсініктерді, дыбыс құбылыстарын қалыптастыру.





Күтілетін нәтиже:

  • В. Воскобовичтің дамытушылық ойындарын меңгереді;

  •  бала өзі де байқамай сандар мен әріптерді үйренеді;

  • түс пен түрді танып есіне сақтайды;

  • санауға, кеңістікті бағдарлауға үйренеді;

  • қолдың ұсақ моторикасын жаттықтырады;

  • тілін , ойын, зейінін, есін, қиялын жетілдіреді;

  • ойын тапсырмалары мен жаттығуларының вариативтігі.



















Өзектілігі

Воскобовичтің ойындарының өзектілігі баланың дамуына арналған орта ұйымдастыру.Баланың өз бетімен жұмыс жасауына кедергі келтірмеу, тек қана бір жағдайда көмектесу керек, тек қана өзі көмек сұрағанда. Балаға айналаны қоршаған ортаны тануға көмектесу, соған арнайы жағдай туғызу. Баланың қызығушылығын ояту, дамыту. Мектепке дейінгі ұйымның тұтас педагогикалық үрдісінде дамытушы ортаның рөлі. С.Л.Новоселованың пікірінше, дамытушы заттық орта балалардың дербес шығармашылық және ойын әрекеттерін ұйымдастыру үшін қажетті материалдар, ойыншықтар, құралдар, іс-әрекетінің материалдық нысаналардың жүйесі. Оның басты бағыттарының бірі балаларды әлеуметтендіру және оған сәйкес заттық дамытушы орта құру. «Заттық ортаны» осылайша игерудің баланың тұлғалық жағын дамыту, бұйымдық әлемге шығармашылық көз қарасын ояту үшін зор маңызы бар. Баланы әлеуметтендіруде дамытушы заттық ортаны құрудың педагогикалық талаптарға сәйкестігі болашақтың зерттеу мәселесі деп есептейміз. Заттық орта әр түрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық , дене, адамгершілік т.б тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады. Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады. Заттық ортаны алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру, есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер: ес, қиял, ойлау пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көру не есту керек. емес. Психологиялық дамуда заттық үрдісінің рөлін бағалай отырып, белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруде баланың жеке қабілетін ескеру өте маңызды. Ақыл-ой және дене еңбегінің барлық түрлерінде, баланы болашаққа қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік қабілетін дамыту қажет, яғни түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дәл және дұрыс айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстардың өзіндік қасиеттерін дұрыс қабылдау қажет.

Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін – Воскобовичтің әдісін қолдану тиімді деп білдім.











Түсінік хат

Ойын – балалардың танымын, тіл байлығын, сөзбік қорын дамытудың ең тиімді жолы болып саналады. Мектепке дейінгі мекемеде ойынның бірнеше түрі (дидактикалық, театрлық, сюжетті- рөлдік, қимылды т.б) кеңінен қолданылады. Мен өз іс тәжірибемде Вячеслав Вадимович Воскобовичтің «Коврограф Воскобовича”, «Коврограф Ларчик” ойындарына сүйене отырып, ойындар дайындау үстіндемін . Осы бағытта жұмыс жасауға кірістім. Бұл ойындардың мақсаты ойлау операцияларын дамыту болып табылады. Ерте балалық шақ балалардың дене мүшелерінің әсіресе ми функциясының дамуының ерекше кезең. Мен өзімнің іс-тәжірибемді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған ‘’Зерек бала” бағдарламасын басшылыққа ала отырып, осы тақырыпқа байланысты пәндік дамытушы орта құрдым.

Балаларға бағдарламаны меңгеруге дамытушылық орта ұйымдастыру. Дамытушы орта деп ойын материалдарын және әр түрлі заттармен қамтылған рацональді түрде ұйымдастырылған және табиғи заттармен жабдықталған кеңістікті айтамыз. Вячеслав Вадимович Воскобовичтің ойындары дамытушы ортаға өте жақсы енеді. Оның ойындары көп функционалдығымен ерекшеленіп балалардың ойынға деген құштарлығын оятып, көңілін аудартады.Сонымен қатар өз тобымда да баланың жас ерекшелігіне сай дамытушы орта жасақтадым, яғни тақталар ілдім. Бұл жұмыста ата- аналар көп көмек көрсетеді. Бұл ойындар балаларға ұнаса,онда ол барлық кезеңде де ойналады. Ал ата- аналар баласының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінен тыс уақыттағы жұмыстарынан да хабардар болып отырады.



























1.Геоконт құрастыру ойыны – бұл Геометрия әлеміне алғашқы қадам. балалардың логикалық ойлау қабілеттерімен, түрлі геометриялық пішіндерді есте сақтау қабілеттерімен бірге, түрлі пішіндегі заттарды жасай алады.

Сәуле,кесінді,шаршы,бұрыш  Геоконт ойынының құрамы.

Геоконт  түрлі-түсті резинкалар жиынтығынан және ерекше орналасқан пластмасс шегелері бар планшет. Планшеттен басқа құрамына түрлі-түсті есептері бар кітапша жатады. 3-9 жасарларға арналған.

Ойын мүмкіндіктер береді:

  1. Кеңістікте құрастыру.

  2. Координата торымен қолдануды үйретеді.

  3. Саусақтармен қолдың ұсақ моторикасын жаттықтырады.

  4. Логика мен қиялды дамытады.


2.Керемет-крестиктерқызықтыратын және пайдалы ойын. Ойын жиынтығында крест және дөңгелектер ұяшықтары бар, оларды біртіндеп жинау керек, тапсырманы күрделендіре отырып: әуелі екі бөліктен, содан кейін біртіндеп бөлшектерді көбейте беру керек. Жол, мұнара, айдаһар т.б.пішіндер жиынтығына тапсырмаларымен альбом қоса беріледі. Ойын қазіргі бір рет жиналатын пазлдардан қызығырақ, онымен ұзақ ойнай отырып, жетілдіре беруге болады

3.Воскобовичтің сиқырлы квадраты – ең көп тараған ойыншық. Бұл квадрат екі-және төрт түсті және белгілі ретпен майысқақ бетке жапсырылған 32 пластик үшбұрыштан тұрады. Бүктеуге келетіндей араларында бос орын болады.

4.Математикалық себет: Балаларға шотты бекіту, сандар құрамын анықтауға және қосу мен азайту ұғымдарын түсінуге көмектеседі. Ертегі сюжеті бойынша жануарлар мен сандар: Кірпі-бір, қоян-екі, тышқан-үш және т.б саңырауқұлақтарды себетке жинайды, оларды санап, жануарларға тең саңырауқұлақтар санын таратады да,қайсысында көп, қайсысында аз екенін тексереді

5. «Брызг – брызг» кемесі ойыны баланың логикалық қабілеттерін дамытады: 1.Ой –өрістерін, зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын,зеректілігін 2.Ұсақ бұлшық еттерін жаттықтырады. 3.Баланың сан,санау,сан құрамы туралы білімдерін жетілдіреді.

6. Ғажайып сегіздік: ұсақ саусақ моторикасын дамытады, логикалық және шығармашылық ойлалауын арттырады, түстерді ажырату және түсті есте сақтау, танымдық белсенділігі дамиды. Санау қабілеттері дағдыланады. Құрал жазық үлкен тақтайшадан тұрады (7дана), екі жағы боялған, беткі жағы кемпірқосақтың бір түсі болады, ал арғы жағы барлығы бірдей бір түсті болады. Жиынтығында сегіз құрылымы сызылған ойын алаңы болады.

7. «Баулау» Балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамытуға қолайлы ойын болып саналады.Сонымен қатар түрлі- түсті баулар арқылы түстерді ажыратуға үйренеді.



8. «Күлгін орман» дамытушылық ойын. Балалардың танымдық қабілеттерін арттырады. Қиялдары мен сөздік қоры дамиды.

Құрамы: Ковролин және фетрден жасалады.

















Қолданылған әдебиеттер

1. Бражников А. Интеллектуальные игры как способ привлечения детей к чтению. Москва: Чистые пруды, 2008. «Фиолетовый лес»

2. Воскобович  В.В. Технология интенсивного интеллектуального развития детей дошкольного возраста 3-7 лет “Сказочные лабиринты игры”. СПб.: НИИ “Гириконд”, 2000.

3. Сумнительная С. И., Сумнительный К. Е. Домашняя школа Монтессори. Москва. “Карапуз Дидактика”, 2005.

4. Толстикова О. В., Савельева О.В., Иванова Т.В. Современные педагогические технологии образования детей дошкольного возраста: методическое пособие. Екатеринбург: ИРО, 2013.

5. Харько Т.Г. , Воскобович В.В. Игровая технология интеллектуально-творческого развития детей дошкольного возраста 3-7 лет «Сказочные лабиринты игры.»

6.Источник: http://www.2mm.ru/razvitie/282/

7.Левагиной М.Г. Статья подготовлена воспитателем высшей квалификационной категории

8. Янушко Е.А. Развитие мелкой моторики рук у детей






















Бағдарламаның бөлімі


Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1

Вячеслав Вадимович Воскобович жайлы мәлімет беріп таныстыру

Балаларға Ресей инженер-физигі, Воскобович Вячеслав Вадимович жайлы түсінік беру. Ойындарымен таныстыру.

1



2

«Геоконт» ойыны жайлы түсінік беру

Мектеп алды бала өздігінен күрделі тапсырмаларды орындайды тіпті геометрияның негіздерін ойын түрінде игере бастайды.

1



3

Диагностика (бастапқы)

Балалардың интеллектуалдық деңгейлерін анықтау

1



4

Геоконт ойынын тәжірибе жүзінде іске асыру

Балаларға геоконт ойынын өз еріктерімен түсініп орындай алуға баулу.

1



5

«Керемет- крестиктер» ойыны жайлы түсінік

Керемет-крестиктер ойынын ережесімен таныстырып, түсіндіру

1



6

Керемет- крестиктер ойынын тәжірибе жүзінде іске асыру

әуелі екі бөліктен, содан кейін біртіндеп бөлшектерді көбейту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту

1



7

Воскобовичтің сиқырлы квадратымен таныстыру

Үлгі бойынша ойын ережесін қалай қолдану керек екенін үйрету

1



8

Воскобовичтің сиқырлы квадраты (өз еріктерімен ойнау)

Төрт түсті және белгілі ретпен майыстырып пішін жасау, баланың саусақ моторикасын дамыту.

1



9

«Математикалық- себет»

(түсіндіру сабағы)

Ойын ережесімен таныстыру. Балалардың қызығушылықтарын арттыру

1



10

«Математикалық- себет»

(өз еріктерімен жұмыс жасау)

Балаларға шотты бекіту, сандар құрамын анықтауға және қосу мен азайту ұғымдарын түсінуге көмектеседі.

1



11

«Брызг-брызг» кемесі

Ойын ережесін үлгі бойынша түсіндіру. Балалардың сандарды танып айтуға баулу

1



12

«Брызг-брызг» кемесі

(тәжірибе жүзінде іске асыру)

Ой –өрістерін, зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын,зеректілігін Ұсақ бұлшық еттерін жаттықтырады. Баланың сан,санау,сан құрамы туралы білімдерін жетілдіреді.

1



13

«Ғажайып сегіздік»

Балаларды ойын ережесімен таныстыру.

1



14

«Ғажайып сегіздік»

(өз еріктерімен)

Ұсақ саусақ моторикасын дамытады, логикалық және шығармашылық ойлалауын арттырады, түстерді ажырату және түсті есте сақтау, танымдық белсенділігі дамиды.

1



15

«Баулау» ойыны

Ойын ережесін түсіндіру. ұсақ қол моторикасын дамыту.

1



16

«Баулау»

(өз еріктерімен)

Балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамытуға қолайлы ойын болып саналады.Сонымен қатар түрлі- түсті баулар арқылы түстерді ажыратуға үйренеді.

1



17- 18

«Күлгін орман»

Балалардың танымдық қабілеттерін арттырады. Қиялдары мен сөздік қоры дамиды.

2



19

Диагностика (аралық)

Балалардың интеллектуалдық деңгейлерін анықтау

1



20

Қызықты ойындар әлемі

Балаладың бойына Воскобовичтің ойындарын әрі қарай жетілдіру

1



21

«Сиқырлы сандық»

(топтық жұмыс)

Балалардың логикалық қабілеттерін қалыптастыру. Топтық жұмыс жасауға баулу.

1



22

Күлгін орманға саяхат

Балалардың танымдық қасиеттерін қалыптастыруға нұсқау беру. Ойлау қабілеттерін арттыру.

1



23

«Ғажайып лабиринт»

Баланы өз бетімен геометриялық пішіндерді құрастыруға дағдыландыру. Воскобович ойындары арқылы балаға жазықтық бағытын үйретіп, зейін, ынталылық пен ойлау үрдісін дамыту. 

1



24

Кім жылдам?

Сайыс сабақ жүргізу, балалардың жылдам әрі дұрыс жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.

1



25

Бауырсаққа қонаққа бару

(1-ші күн)

Баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу

1



26

Бауырсаққа қонаққа бару

(2-ші күн)

Алдыңғы сабақты жалғастыру. Аю мен түлкінің тапсырмаларын өз еріктерімен орындауға ықпал ету

1



27

Сиқырлы квадрат пен геоконт

Балалардың логикалық ойлау қабілеттерімен, түрлі геометриялық пішіндерді есте сақтау қабілеттерімен бірге, түрлі пішіндегі заттарды жасай алады.

1



28

Қызықты математика

«Брызг-брызг кемесі» мен «математикалық себет» ойындары арқылы санауға, сандарды атауға білуге баулу.

1



29

Геометриялық пішіндер

«Геоконт», «сиқырлы квадрат» ойындарына сүйене отырып геометриялық пішіндерді атап көрссетуге үйрету.

1



30

Тиінге көмектес

Математикалық себет ойынын пайдалана отырып тиінге көмек көрсету, балалардың ойлау, санау дағдыларын қалыптатыру.

1



31- 32

Ертегіде қонақта

Балалардың ойлау және қабылдау қабілетін, шығармашылық ізденісін Воскобовичтің ойындары арқылы дамыту. Кеңістікте бағдарлай білуге үйрету. Сандарды атап көрсету.

1



33- 34

Воскобовичтің ойындары

Дидактикалық ойындар арқылы санауды, түстерді ажыратуды жалғастырып, заттың қандай пішіннен құралатынын ұғындыру. Жұмбақ айту арқылы балалардың тілін жетілдіріп, қарапайым математикалық ұғымдарын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

2



35

Қайталау

Өткен тақырыптарды қайталап, еске түсіру, есте сақтау қабілеттерін молайту.

1



36

Диагностика

Балалардың интеллектуалдық деңгейлерін анықтау

1




Қорытынды

36




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее