Білім күніне арналған сынып сағаты
Сабақ Тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын!
Сабақ мақсаты: білім күнін атап өту, оқушылардың бойында өз еліне деген түсінік қалыптастыру, өз еліне деген сүйіспеншілік қаиеттерін дамыту, елжандылыққа, татулыққа , патриот болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: сыйлық-кітап, суреттер, нақыл сөздер, кеспе әріптер
Сабақ барысы:
І Қызығушылықты ояту:
А) Сәлемдесу: -бір-бірін құшақтап сәлемдеседі, тілек айтады.
Ә) Танысу
ІІ Негізгі бөлім:
а) «Сөз құра» ойыны: -оқушылар берілген әріптерден сөз құрайды, мұғалім көмектеседі: ПАТРИОТ
-Патриот деген кім? (қысқаша мағынасын түсіндіріп өту)
-Қай елдің патриоты болуға дайынсыңдар?
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мен өз елімнің патриотымын!»
-Бүгін неге мектепке әдемі киініп жиналып отырсыңдар?
-1 қыркүйек қандай мереке?
Ә) Видео-бейне тамашалау:
-Бұл видео-бейне не туралы болды?
-Біздің еліміз қалай аталады?
-Біздің президентіміз кім?
-Ең әдемі қала қай қала? Неге?
-Біздің еліміз қандай ел?
-Осы елімізді көркейтер боашағы кімдер?
Б) Сыйлық-кітаппен жұмыс:
-Бұл сыйлықты президентіміз сендерге сыйлап отыр, ашып көрейік. Не туралы екен? (Кітап туралы айтып өту)
ІІІ Қорытынды
-Өз елінің патриоты деп кімдерді айтады?
-