Өтетін уақыты: 05.02.2015 ж
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «в» сынып
Тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Етістік туралы берілген білімді еске түсіру және толықтыру,
оқушылардың өзіндік іс-әрекет дербестігін арттыру
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін,шығармашылығын
дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі
жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шығармашылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: проектор,А-3 форматтар,фломастерлер,стикерлер,магнитті тақта
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап әдісі,топтастыру,тірек-сызба.
Сабақтың барысы:
Топқа бөлу:1) Зат есім 2) Етістік 3) Сын есім
Психологиялық дайындық.Қайырлы күн балалар! Қане,жаңа сабақтың алдында тез тілек тілей қояйық. Мен сендерге сәттілік тілеймін! Сабақтарың сәтті өтсін!Мен сендерге сенемін! Ал құрметті апайлар,4 «в» сыныбына қош келдіңіздер! (2минут)
Баяу музыка қойылады (Слайд 1-12)
-Осындай жүрекке жылы тиер жұмсақ сөздермен өз-өзімізге деген сүйіспеншілігіміз бен сенімімізді арттыра отырып сабағымызды бастайық.
Үйге берілді:Зат есімнің жіктелуі.114-жаттығу.Оны топ болып тексеріп жіберейік.(7 минут)
Үй тапсырмасын сұрау:114-жаттығу.Сызбаға қарап,дәрігер сөзіне жалғанған жалғау түрлерін ажырату
1-топ оқиды дәрігер-мін, -сің, дәрігер-ге,-ден.
2-топқа тапсырма Жіктік жалғаулары мен септік жалғауларының айырмашылықтары қандай? 3-топқа тапсырмаЖіктік жалғаулары зат есімге қай кезде жалғанады?(Зат есім сөйлемде баяндауыш болған кезде1,2-жақтың жалғаулары жалғанады.) 1-қадам
Үй жұмысын бекіту.
Жіктік жалғауларын белгіле: Төбесіне атымызды жазамыз,болған баланы көршісі тексеріп,бағалайды.(жеке-жеке беріледі.)(тақтаға жауабын жазып,тексеру)
Жіктік жалғауларын белгіле:
а)-лар,лер,дар,дер,тар,тер
ә)-мын,-мін-бын,-бін,сың,-сің,-сыз,-сіз.
б)-ның,-нің,дың,-дің,тың,тің
в)-да,-де,-та,-те,ны,-ні,ды,ді
«Зат есім туралы не білдік?» алған білімдерін топтастыру арқылы ортаға салу
ЗАТ ЕСІМ
Жаңа сабақтыың тақырыбын ребусты шешу арқылы білеміз.
1-жаттығуда берілген ребусты шешкізу. (5 минут)
Шешуі: ЕТІСТІК
-Жарайсыңдар!Осы жаттығуды орындау арқылы сендер бүгінгі сабақтың тақырыбын өздерің жарияладыңдар.Бүгінгі сабақта біз етістік туралы 2-сыныптан бері алған білімімізді еске түсіреміз,толықтырамыз.Шығармашылығымызды дамытып, өзіндік іс-әрекет дербестігімізді арттыратын боламыз.
Әуелі етістік туралы не білетінімізді еске түсірейік.
Ережені сұрау. Сызбасын дайындау.Топтастыру.Әр топтан оқушылар кезек-кезек шығып маркермен жазу.бір-бірін қайталамау үшін кезек сақтау.
Мұғалім оқушылардың жұмыстарын төмендегі сызба арқылы бекітеді.(3 минут)
Етістіктің жіктелуі мен шақтары туралы алдағы келесі сабақтарда танысатынымызды ескертеді.
Тамаша, мына тапсырмаларды тез орындап жіберейік.(2-қадам)
Кестелер(етістік)
Оқулықпен жұмыс жасау.
Дәптерді ашамыз,күнді,тақырыпты жазамыз. (тақтаға жазып қою)
2)3-4-жаттығуларды орындау.(3-қадам) (10 минут)
І топқа: 3-жат.Жатқа жазу, дара етістікті тауып астын сызу
ІІ топқа: 4-жаттығу.Туынды етістікті тауып,теріп жазу,туынды етістік екенін дәлелдеу.
ІІІ топқа: 4-жаттығудан туынды етістіктерді қатыстырып,сөйлем құрау.
Сергіту сәті. Ой сергіту жаттығуы: «Тез бөгелмей айт» (Айтылған етістікті қимылмен көрсету.Музыка ырғағымен) (6 минут)
Мұғалім төмендегі зат есімдерді біртіндеп оқиды.Оқушылар оларға әр түрлі етістіктер тіркеп,бөгелмей айтып қимылмен көрсетулері керек.
Жел --.Ағаштар-.Найзағай--.Қой-.Қоңырау-.Мен--.Палуандар-.Құс—Біз орнымызға әдемі-----.
3) Шығармашылық диктант.(3 минут)
Берілген тірек сөздерді пайдаланып,сызба бойынша өлең құрастыру
..... сайрайды, немесе ......... көңілді,
..... жайнайды. ......... өңірді,
..... құлпырып, ......... төгілді,
..... сыйлайды. ......... көрінді.
4) (Бекіту жаттығуы) Сәйкестендіру тапсырмасы: (3 минут)
аю қорбаңбай секірді
көйлек ұзын киді
сурет әдемі салды
пышақ өткір кесті
жол тура жүрді
кітап қызық оқыды
Жарайсыңдар,балалар! Бүгінгі сабақ көңілдеріңнен шықты ма?
Сабақ қаншалықты қиын болды?
Сабақтың соңында қандай сезімде болдыңдар?Өз сезімдеріңді стикерлердің көмегімен көрсетулеріңді сұраймын.Бүгінгі сабақ туралы ойларыңды 1сөйлемге сыйғызып жазып,білім ағашына ілулеріңді сұраймын. (1 минут)
Бағалау.Бағалау парақтары бойынша талдау.(3 минут)
Үйге тапсырма: (2 минут) 6-жаттығу. «Туған жер»тақырыбына әңгіме құрау,етістіктердің астын сызу.
Рахмет балалар,сабақ аяқталды.
Тапсырма | Туынды етістік | Дара етістік | Негізгі етістік | Болымсыз етістік | Күрделі етістік | Болымды етістік |
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|