«Осень 2024»

Конспект урока "Футбол"

Урок -разработка для 5 класса по казахскому языку на тему: "Футбол"

Олимпиады: ОБЖ 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сынып: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Футбол.

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік:Жаңа тақырып арқылы оқушылардың коммуникативтік, ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру. Ауызекі сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Танымдық қабілетін арттыру. Сөздік қорын толықтыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекттік тілге деген құрметін, дене шынықтыруға, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.Патриоттық сезімін ояту.

Көрнекілік материал: суреттер, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: ұжымдық түрде бірлесіп білім алу

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, іздендіру, дәлелдеу, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

1.Ой шақыру.

- Балалар, спорт адамға пайдалы ма?

-Қандай спорт түрлерін білесіңдер?

- Футбол ойнауды жақсы көресің бе?

-Міздің мектепте футбол үйірмесі бар ма?

- Кім футболмен айналысады?

- Тақтада нені көріп тұрсыңдар?

- Сонымен бүгінгі сабақтың тықырыбы қандай? Қалай ойлайсыңдар?

- Бүгін сабақта өздеріңе қандай мақсат қоясыңдар?


2. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу.


Жалпы барлық спорттық ойындар шапшандықты, төзімділікті, шыдамдылықты қажет етеді.

Футбол ойынының Отаны- Англия. Ойынның атауы ағылшынның «fut»- «аяқ», «bol»- «доп» деген сөзінен шыққан. Футбол – ұжымдық ойын.

Қазіргі футболда қолданып жүрген ережелер осыдан жүз жылдай бұрын шықты және ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Футбол ойыны жылдамдықты, икемділікті, шыдамдылықты дамытады.

Ойынның негізгі ережелері: футболды әрқайсысында 11 ойыншысы бар, екі команда ойнайды.

Ойын ұзындығы 100-110 метр, ені 60-65 метр болатын тік бұрышты алаңда өткізіледі. Ойынның ұзақтығы - әрқайсысы 45 минут болатын екі кезеңнен тұрады.


Сөздік: шапшандықты –проворность, төзімділікті –выносливость, шыдамдылықты – выдерженность, жылдамдықты – быстроту, икемділікті - ловкость


3- тапсырма: Мәтінде не туралы айтылған?

4-тапсырма: Әр топ бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді. (4 мин)

5 –тапсырма: І –топ: Футболшы – деген сөзді тәуелдейді.

ІІ –топ: футбол ойыны – деген сөзді септейді

ІІІ –топ: ойнау – деген сөзді нақ осы шаққа қойып жіктейді.

6 – тапсырма: І –топ: Бес жолды өлең жасайды: футбол

ІІ –топ: Венн диаграмма жасайды: Сын есім – Етістік

ІІІ – топ: Тірек сызба жасайды: футбол

Қорытынды

Тест

1.Ойлауды қажет ететін ойын түрін атаңыз.

А) футбол В) баскетбол С) тоғызқұмалақ D) волейбол Е) теннис

2. Мен шахмат үйірмесіне қатыса... – керекті жалғауды жалғаңыз.

А) -бын             В) -мен           С) -сіз            D) -мын                 Е) –мыз

3. Асық қолданатын спорт түрі

А) баскетбол В) ханталапай С) футбол Д)шахмат Е) тоғызқұмалақ

4. «Біз мектепте спорт үйірмесіне қатысамыз» - деген сөйлемдегі есімдік түрін анықтаңыз

А) сілтеу В) өздік С) сұрау Д) жіктеу Е) белгісіздік

5. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз

А) лото В) дойбы С) баскетбол Д) тоғызқұмалақ Е) шахмат

6. Заттың қимылын білдіретін сөз табын табыңыз.

А) зат есім В)сын есім С)есімдік Д)етістік Е) сан есім

7. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз

А)  то- ғыз- құм-ал-ақ В) то-ғыз-құ-ма-лақ С)тоғ-ыз-құма-лақ

Д) то-ғыз-құма-лақ Е)тоғыз-құ-малақ

8.Мектеп спортзалында балалар.....

А) кітап  оқиды В) футбол ойнайды С) шахмат ойнайды D) сурет салады Е) би билейді

9. «Әдемі», «сұлу», «көркем», «көрікті» деген сөздер қандай сөздер

А) синоним В) антоним С) омоним D) көп мағыналы Е) сөз құрамы

10. Футбол ойыны неше кезеңнен тұрады?

А) 3 В) 4 С)2 Д) 1 Е)5

Тесттің жауаптары:

1 – С, 2 – Д, 3- В, 4 – Д, 5- Д, 6 – Д, 7 – В, 8 – В, 9 – А, 10 – С.

Ұпайларды бағаға айналдыру шкаласы:

10- 9 ұпай– «5»

8 – 7 ұпай– «4»

6 – 5 ұпай– «3»

4 ұпай – және одан төмен – «2»


Рефлексия:

8- тапсырма: Қорытынды шеңбер ішінде.


Бағалау

Үйге: 1. «Футбол» тақырыбына мәлімет жинап, әссе жазу

2. Туған қаладағы футбол командасы туралы қысқаша баяндау.

3. «Футбол үйірмесінде» тақырыбына сұхбат құрау.







































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее