«Осень 2024»

Көнеден жеткен аспап - домбыра, дутар, саз

Көнеден жеткен аспап – домбыра, дутар,саз

Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 10 Күні: Сабақтың тақырыбы: Көнеден жеткен аспап – домбыра, дутар,саз Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Аспаптарды таныстыру Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту. Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту Сабақтың көрнекті құралдары: аспап суреті, аспап Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезіңі 1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу. 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Өткен тоқсандағы әндерді қайталау ІІІ. Жаңа материалды меңгерту Домбыра - бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнай білу - әрбір адамның, әрбір баланың асыл арманы. Домбыра үнін тыңдау - әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғала қалса, көңілде қазақи тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлттың болмысын, қазаққа тән барша қасиетін түсінуге болады. Домбыра үні арқылы адам ішіндегі лас ойлардан тазарып, денсаулық қуатын жөндеуге мүмкіндік алады. Домбыра аспабы да адам сияқты: басы, ішегі, мойны, тілі, кеудесі болады. Домбыра суреті алғаш IV ғасырда Арал теңізінің батыс жағындағы Қойқырылған деген жерде тасқа қашалып салынған.

Олимпиады: Музыка 1 - 9 классы

Содержимое разработки

Көнеден жеткен аспап – домбыра, дутар,саз

  • 3

Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 10 Күні: 

Сабақтың тақырыбы: Көнеден жеткен аспап – домбыра, дутар,саз 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: Аспаптарды таныстыру 

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену 

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту 

Сабақтың көрнекті құралдары: аспап суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезіңі 

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу. 
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тоқсандағы әндерді қайталау 
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Домбыра - бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнай білу - әрбір адамның, әрбір баланың асыл арманы. Домбыра үнін тыңдау - әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғала қалса, көңілде қазақи тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады.
Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлттың болмысын, қазаққа тән барша қасиетін түсінуге болады. Домбыра үні арқылы адам ішіндегі лас ойлардан тазарып, денсаулық қуатын жөндеуге мүмкіндік алады. Домбыра аспабы да адам сияқты: басы, ішегі, мойны, тілі, кеудесі болады. Домбыра суреті алғаш IV ғасырда Арал теңізінің батыс жағындағы Қойқырылған деген жерде тасқа қашалып салынған.
Қазақтың аспаптық мәденинетінің өте ерте заманнан басталғанын археологиялық қазба жұмыстары дәлелдеп берген. Қойқырылған каласын қазу жұмыстары кезінде 2400 жыл бұрын қазіргі қазақ домбырасына ұқсас қос ішекті аспап ұстаған қыш мүсіндер табылған.
Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, білім алуға қүштарлығы оянады, мәдени ой-өрісі жоғарылап, еңбек етуге құштарлығы арта түседі .
Мен де осы саналы пікірлерді біле отырып , домбырада ойнауды алдыма мақсат етіп қойдым. Сондықтан домбыра аспабы туралы деректерді іздеп, зерттеп, оқып,оның қүрылысын білуді дүрыс деп таптым. Шетелде жүрген қазақтардың өзі де домбыраны сағынады екен. Жақында ғана бір ағайым шетелге іссапармен барса, алыстан бауырымыз келді, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны тартып беріңізші деп қолқа салған екен. Ал, ағайым домбыра тарта алмайтынына қатты қиналыпты, бауырластарымыз болса, арнайы курсқа жазылып, жырақта жүрсе де өз өнерлерін тастамай үйреніп, тартып жүр екен. Осы жайт мені қатты таңғалдырды. Қазақ елінде, қазақ жерінде жүрсек те, домбыра тарта алмайтынымызға қатты өкіндім. Сондықтан, бірінші, домбыра тартып үйренуді мақсатқа алып отырмын. Мектебіміздегі домбыра оркестрі орындаған шығармаларды сүйсіне тыңдап, қызыға қарайтын болдым. Жақында сыныптас досым Тілек екеуміз ғылыми жоба жаздық. Сонда екінші сатысына , домбыра мүсінін ағаштан қашап жасап, қою себебіміз де сол болды.
Домбырада жыр, терме, айтыс, толғау, күй, т.б. шығармаларды орындауға болады.Әсем дауыс ырғағына қосылған маржан сөз домбыраның сүйемелдеуі арқылы жетеді.
Домбыра үні адам бойына тамаша сезімді оята отырып жетеді. Оның үні тындаушылардың үйренуіне, естігенін ұмытпауына әсер етеді. Домбыра аспабының бойына бірнеше ерекшеліктер шоғырланғанын педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.Еңсепов ағамыз атап көрсеткен. Домбыра барлық пәндермен байланысты. Мысалы, домбыра - әр дыбысты есептеп ойнайтын математика пәні, домбыра-қүлақ күйін есту арқылы екі ішек арасындағы дыбыс тербелісін айыратын физика пәні, - дейді.
Бүгінде домбырасы жоқ қазақ үйі, домбыраасыз ауыл жоқ деуге болады.
Бүгінгі қазақ зиялыларының өзі хан, би- шешендер, ақындар мен батырлар, бұхара халық домбыра аспабының негізінде тәрбиеленіп, өзінің ұлттық мәдениетін құрметтеуге ерекше мән беруде. Домбыра туралы жыр жазбаған ақын кемде-кем. Ендеше, құрметті достарым, домбыраны үйрене отырып өз халқымыздың өнерін, мәдениетін әлемге паш етейік дегіміз келеді.
Атақты Құрманғазы, Сүгір, Тәттімбет сияқты күйшілер әлі де өмірге келер. Ұлтымыздың жан сұлулығын, дархан мінезін, кең даласын өрнектеген тамаша күйлер жазылатынына сенемін.
Дутар – Орталық Азия халықтарының (өзбек, түрікмен, тәжік, ұйғыр) шертіп, қағып ойналатын екі ішекті музыка аспабы. Дутар екі түрлі әдіспен — тұтас ағаштан ойылып және құралып жасалған. Соңғысын өзбектер “қабырға дутар” деп атайды. Дутардың мойны ұзын болады. Сондықтан оның дыбыстық қатары ауқымды, олар хроматикалық жүйемен орналасқан. Дутар сол қол саусақтарымен перне басып, ал оң қолмен қағып немесе саусақтармен шертіп тартылады. Танбур, домбыра аспаптарына қарағанда Дутардың өзіндік орындау ерекшеліктері де бар. Дутар унисон, кварта, квинта, октава бұрауына келтіріле береді. Осы ерекшеліктерінен Дутарда параллельді кварта, квинта, секта интервалдары туады. Көне муз. аспап танбурға ұқсайтын Дутар туралы деректер тек 15 ғасырда кездесе бастайды. әл-Хусейнидің “Канон” атты трактатында шығыс музыкасына тән 12 мақам ерекшеліктері осы Дутар аспабының құрамы негізінде қарастырылған. Дутардың көне үлгісінің мойны сәл қысқалау болып, ішектері жібектен тағылған. 7 түрлі мақамы болған. А.Вамбери өзбек, түрікмен арасындағы қос ішекті муыкалық аспап — Дутарды тартушылардың даңқы бүкіл Түркістанға белгілі екенін жазады. Сондай-ақ, Дутар туралы деректер В.Успенский, В.Беляев, Ф.Кароматов, Т.С. Вызго, т.б. еңбектерінде кездеседі.
Cаз — ішекті музыкалық аспап. Саздың алмұрт пішінді ағаштан жасалған негізі 10 — 14 ладтық ұзын мойынға жалғасады. Оның жалпы ұзындығы 500 — 1200 мм. Саз Орталық Азия, Ауғанстан, Түркия, Иран, Дағыстан, т.б. халықтар арасында кең тараған. Ұйғыр, өзбектердің дутар аспабына ұқсас. Саз әншілерді сүйемелдеуде және халық аспаптар ансамблінде пайдаланылады. [1]

Тыңдау: нурак абдарахманов « токтығұлдың кербезі»

Үйрену: Ж. Даулетов «Қазақ елі»

Муыкалық сауат: аспаптың құрылысы 

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау 

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее