КЕЛІСЕМІН ................................................................. ................................................................. әдістемелік кабинет меңгерушісі ___________________ аты-жөні «____»______________ 2025 жыл
| БЕКІТЕМІН №282 мектеп-лицейінің директоры _________________ «14» сәуір 2025 жыл
|
Инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату бағдарламасы
Автордың аты-жөні | Романқұлова Жәзира Асылбекқызы |
Ауданы, мектебі | "Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің №282 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Пәні немесе қызметі | Музыка пәні мұғалімі |
Санаты | Педагог-зерттеуші |
Тақырыбы | Домбыра және әлемдік музыка |
Түрі (бағдарлама немесе әдістемелік құрал, әдістемелік ұсыныс, жинақ т.б) | Авторлық бағдарлама |
Тәжірибені тарату нысаны (семинар, шеберлік сабағы, конференция, шығармашылық шеберхана, тренинг т.б) | Конференция |
Мақсатты аудиториясы | Мектеп педагогтері |
Өткізу жоспары / План проведения
Бөлінген уақыт Время | Кезеңдері Этапы | Мазмұны Содержание | Демонстрация |
| Кіріспе бөлімі
| Ғылыми-әдістемелік деңгейі Бағдарлама музыкалық педагогика мен этномузыкатанудың заманауи зерттеулеріне негізделген. Домбыраның техникалық ерекшелік-тері, оның орындаушылық дәстүрлері және түрлі стильдердегі қолданылуы ғылыми тұрғыда талданып, әдістемелік құралдар арқылы оқушыларға меңгерту тәсілдері қарастырылады. Жаңашылдығы: Бағдарлама домбыраның дәстүрлі қырымен қатар, оның әлемдік музыкадағы қолданылуын зерттеуге бағытталған. Домбыра мен симфониялық оркестрдің, джаз бен фольклордың, заманауи электронды музыкамен үйлесімін қарастыру арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық орындылығы: Бағдарлама оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамытуға, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға және олардың көркемдік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Әр түрлі деңгейдегі оқушылар үшін бейімделген әдістемелер қарастырылып, теория мен тәжірибе ұштастырылған. Теориялық маңыздылығы: Бағдарлама домбыра өнерінің тарихи даму кезеңдері мен оның әлемдік музыкамен ықпалдасу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерделеуге негізделген. Домбыра аспабының түрлі музыкалық жанрларда қолданылу теориясы қарастырылып, музыкалық талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Практикалық маңыздылығы: Бағдарлама аясында оқушылар домбырада түрлі стильдегі шығармаларды орындауды үйреніп, ансамбльдік және жеке орындаушылық шеберліктерін шыңдайды. Сонымен қатар, концерттік тәжірибе жинақтап, кросс-мәдени музыкалық жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарламаның нәтижесі: Бағдарлама оқушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейтіп, олардың ұлттық музыка мен әлемдік музыканың байланысын түсінуіне ықпал етеді. Домбыраның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану арқылы жаңа орындаушылық бағыттар қалыптасады. Бағдарламаның мақсаты:Оқушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейту, домбыраның орындаушылық мүмкіндіктерін әлемдік музыкалық мәдениетпен сабақтастыра отырып меңгерту, ұлттық аспапты әртүрлі стильдер мен жанрларда қолдануға үйрету.
| Таныстырылым
|
| Түсіндіру бөлімі
| Бағдарламаның міндеттері:Домбыраның дәстүрлі және заманауи орындаушылық ерекшеліктерін зерттеу. Қазақ халқының музыкалық мұрасын әлемдік музыкамен байланыстыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа музыкалық бағыттарды игеруіне жағдай жасау. Ансамбльдік орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. Музыкалық талдау, шығарманы стильдік ерекшеліктеріне қарай орындау дағдыларын дамыту. Заманауи музыкалық технологияларды қолдану арқылы домбыра орындаушылығын жаңғырту. | Таныстырылым Презентация |
| Тәжірибелік бөлім
| Бағдарлама үш негізгі бөлімнен тұрады: 1. Теориялық бөлім – оқушыларды домбыра аспабының құрылымы, тарихы, музыкалық сауат негіздерімен таныстырады. 2. Практикалық бөлім – домбыра тарту техникасын жетілдіруге арналған жаттығулар мен репертуарлық шығармаларды меңгеруге бағытталған. 3. Шығармашылық жұмыс – оқушылардың өз бетімен орындаушылық қабілетін дамытуға, импровизация жасауға ынталандырады. Бағдарламаның ерекше тұстарының бірі – дәстүрлі күйлермен қатар, заманауи шығармаларды меңгертуге көңіл бөлінуі. Сонымен қатар, оқу процесінде тыңдау, талдау, көркемдік-эстетикалық көзқарасты қалыптастыру әдістері қолданылатыны құптарлық. Әдістемелік негіздеме және күтілетін нәтиже: Бағдарламада Домбыра және әлемдік музыкаға қатысты негізгі қағидалар толық қамтылған. Саусақ қою техникасы, қағыс түрлері, дыбысты шығару әдістері кезең-кезеңімен үйретіледі. Бұл жүйелілік оқушылардың музыкалық қабілеттерін тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Күтілетін нәтижелер нақты көрсетілген: - оқушылар домбыра тартудың негізгі техникаларын меңгереді; - дәстүрлі қазақ күйлерін және заманауи шығармаларды орындауға машықтанады; - музыкалық сауаттылық пен шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді; - сахна мәдениеті мен жеке орындаушылық шеберлігін дамытады. Бағдарламада оқушылардың жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлері берілген. Қалыптастырушы және қорытынды бағалау жүйесі оқушылардың даму динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың орындаушылық шеберлігі, ноталық сауаттылығы, шығарманы жеткізу қабілеті, сахна мәдениеті секілді критерийлерді қамтуы – әдістемелік тұрғыдан дұрыс шешім. |
|
| Кері байланыс
|
|
|